«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2 орыс сыныбы» 8-сынып (1, 2, 3, 4 тоқсан)
Эндокринді бездер қызметі және оларға байланысты аурулар туралы ашық сабақ
Әлемді биология арқылы таны
Химия-биология апталығы "Табиғаттың құпиясы тұңғиық, көз жетпейтін мүнарасы тым биік!"
«Қазақ әдебиеті» 8-сынып (1, 2 , 3, 4 тоқсан)
Әдебиет 7-сынып (1,2,3,4 тоқсан)
Ыбырай Алтынсарин - тұңғыш педагог
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысының Затобол ауданында туған. Ыбырай Алтынсариннің өз әкесі ерте қайтыс болғандықтан, ол ұлы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Балғожа би өзінің сүйікті немересін 1850 жылы Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға береді. Балғожа би немересінің білім алуын, оның ішінде 52 орысша білім алуын жақтаған, өз кезінде прогресшіл адам болған. Ыбырай Алтынсарин мектеп білімімен қанағаттанып қалмай, дүниежүзі әдебиеті классиктерінің шығармаларын өз бетімен оқып, одан үлгі нәр алады. Сабақ берген шығыс зерттеушісі В.Григорьевтің үйінде жиі болып, оның кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын үнемі оқып, білімін тереңдетеді. Оқуын үздік бітіргеннен кейін, Ыбырайға Орынбор бекінісінде қазақ балалары үшін мектеп ашуды тапсырады, сол мектепте оны орыс тілінің мұғалімі етіп белгілейді. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады.
Әбу Насыр әл-Фараби
Әбу Насыр әл-Фараби – дүниежүзіне әйгілі ұлы ғалым. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, «Шығыстың Аристотелі» атанған. Әбу Насыр әл-Фараби орта ғасырда қазақтың ежелгі қаласы Отырарда дүниеге келген. Отырарды арабтар Фараб деп атаған, осыдан ол Әбу Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Бұл қаланың орны – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында. Отырар өз кезінде ірі мәдени-сауда орталығы болған. Ал Отырардағы кітапхана ХІ-ХІІ ғасырларда өзінің кітап қоры жағынан дүниежүзіне әйгілі кітапханалар қатарында болған. Әбу Насыр әл-Фарабидің балалық шағы Арыс, Сырдария бойында өткен. Отырар медресесінде дәріс алып, ондағы аса бай кітапханадағы қолжазбаларды оқып меңгерді. Әбу Насыр әлФараби білімін тереңдету үшін сол кездегі білім орталықтары саналатын Бағдад, Дамаскі (Шам), Каирде болған.
Қасиетті Түркістан қаласы
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІV-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Қала ХІ ғасырдан бастап Ясы аталған. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер жүріп отырған. Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады. Олардың қатарына Ахмет Ясауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Баласағұнилар жатады. Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. 1989 жылы 22 қыркүйекте ҚР «Тілдер туралы» Заңы қабылданып, қазақ тіліне «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияның 7-бабында былай делінеді: «1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды». 1997 жылы 11 шілдеде ҚР «Тілдер туралы» жаңа Заң Парламентте қайтадан талқыланып, ол ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілді. Бұл Заң бойынша қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі. ҚР «Тілдер туралы» Заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. 38 Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.