Туған күніңмен! Әр күн мереке сияқты болсын деп тілеймін. Бақытты күндер, қуанышты сәттер және жақсы жағдайлар. Сіздерге жарқын жеңістер, жұмыста табыс және отбасылық амандық тілеймін!
Сізге жұмыста табыс пен шабыт, отбасында махаббат пен жылулық, достар мен әріптестер арасында құрмет, түсіністік пен мейірімділік тілеймін! Туған күніңмен ұжымдас әрістесім, міндетті түрде армандарын орындалсын және бәрі ойдағыдай болсын!
Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.
Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін. Сіз үшін ......... Жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.
Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін. Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.
Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Әріптер жүйесі оқушының дыбысты айқын ажыратуына септігін тигізетін дыбыстар мен әріптер ретін құрайды. Әліппе кезеңінде дыбыстық және әріптік жүйе игеріледі.
Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды. Сонымен екі бала ержетіп, жігіт болады. Байды Құдай атып, бұрынғы баланы қойып, өз баласына біреуге құда болады. Бір жылы құдасы жер ауып, көшіп кетті. Алыс жерге кетеді. Сол заманда баласы он екі жасқа келеді. Асырап алған баласы он бесте болады. Бай үлкен баласын кіші баласына жолдас қып, қайнына жібереді. Арада жыл жүріп, бірнеше күнде қайын жұртын іздеп табады. Сыртынан сұрап, ауылға жақын қалғанда, үлкен ағасы інісіне айтады: – Күйеулік жол – менікі. Жолдастық жол – сенікі. Сенің әкең өзінен туғандығын істеп, саған қатын әпермек болды. Мен енді оған көнбеймін. Сен маған жолдас бол. Басыңдағы үкіні маған бер. Сен барып, күйеу келді деп хабар бер, – дейді. – Тіл алсаң, көнесің. Тіл алмасаң, өлесің, – дейді. Бала қорқып, басындағы үкіні береді. – Ешкімге айтпаймын, – деп, қасам береді. Сонымен «Күйеу келді» деп, шауып, ауылға келеді. – Пәлен байдың баласы келді, – деп, аты-жөнін айтып береді. Ауылдың бәрі жиылып, күйеуді құрметтеп, кеш болған соң қызбен ойнап, қызық көреді. Ағаны Құдай атты, келінмен бірге жатты. Сол уақта сол ауылға:......
Ертеде кемпір-шал болған екен. Ол кемпір-шалдың үш сиыры, бір тарғыл өгізі болған. Шал күн сайын тарғыл өгізбен сиырды бағып жүреді. Бір күн бағып отырып, жер шұқыса, жер астынан жеті тышқанның баласы шығып, соны өлтіріп, тарғыл өгізге мініп, кемпірге келіп, мен енді көшеге қағаз жапсырамын, мен – Батпан батыр. «Бір-біріне соққан батырмын» деп, көшеге қағаз жапсырады. Күндерден күн өткенде бір патшаның ат басындай алтыны жоғалып, соны бәрілері таба алмаған соң, Батпанды алдыртады. Батпан батыр келген соң айтады: – Маған мынау арадан үй салып бер, ішінде әртүрлі тағамдар болсын, – депті. Айтқанының бәрін хан жасады. Батпан батыр, бір-біріне соққан батыр барып, әйтеуір, «Мен таба алмаймын, мен[і] хан өлтіреді. Одан да мына тұрған тағамға тойып алайын», – деп, жеп-жеп, іші ауырады.......
Баяғыда үш ағайынды болыпты. Үлкен екеуі – бай, кішісі – кедей, жалғыз арық аты бар екен. Оны ағаларының жылқысына қосып қойса, ағалары өз малдарын аяйды, сол байғұстың жалғыз шолағын мінгіздіреді екен. Бұ байғұс ағаларының бұ қылығын біледі екен. Ағалары оны біліп, [үндемейтіндігінің] інішегіне ашуланады екен. Бір күні ханның қазынасынан алтыны жоғалыпты. Сонда хан жасауылдарын шаптырып, елінен білгіш іздетіпті. Сонда әлгінің екі ағасы жасауылға: – Біздің осында бір білгіш ініміз бар, бізге қосқан жылқысы, аты бар, соны мініп қойсақ, біле қояды. Соны алып бар, – депті. Жасауыл әлгі сорлыны «Білмеймін» десе де, болмай, су еңіретіп, ханға айдап барады. Сонда хан:......
Ілгергі заманда бір шал бар еді. Оның бір жас қатыны бар еді. Ол қатынның ойы шалдан шығып, бір жас жігітке тимекші еді. Бір күндері шал қатыныменен моншаға барады. Моншада өздерінің үстіне қатық жағып, жалаңаштанып отырған уақытта бір жігіт келіп, «Патшаның бәлгерінің қатыны келеді, моншада адам болса, шықсын», – дейді. Сөйтіп, бұларды қатық сүрткен бойынша жуындырмастан моншадан айдап шығады. Үйге келген соң ыза болғаннан қатын шалға айтады: – Дүниеде патшаның балгері зор екен, сен бал үйреніп, патшаға балгер бол. Болмаса, сенен шығып, патшаның балгеріне тиемін, – дейді. Бұ қарт бал ашуды бұрын еш білмейді екен. Қатынының бұл сөзіне қайран болып, амалсыз бір ағашты жонып, бір жағын – қызыл, бір жағын – қара, бір жағын ақ қылып, бір қоржынға ескі жазуы бар қағаздарды салып, базарға келіп, «Мен – балгермін», – деп, һәркімнің жоғалған нәрсесін әлгі төрт қырлы ағашты тастап, соған қарап, көңіліне келген сөздерді айта салса, әлгінің нәрсесі табылатұн болады. Бірнеше күн осы әдетпенен базар басындағы адамдарға «Пәлендей қарт адам балгер екен» деген сөз жұртқа жайылады. Сол уақытта патшаның бір жерге жіберген адамдары ол жерден көп пұл алып келе жатып, бір қашырға артқан алтынды қашырыменен жоғалтып келді. Қай жерде қалғанын білмейді. Бұл іске патша барша балгерді жиып, бал аштырады. Бұлардың ешқайсысы таба алмайды. Сол уақытта бір адам келіп, патшаға айтыпты. – Жақында бір шал балгер шығыпты, айтқаны ешбір қате кетпейді дейді, – деп. Патша жасауыл жіберіп, әлгі шалды алдырып, шалға айтыпты: – Менің бір қашырым жүгімен жоғалды, соған бал ашып, тапқын. Таппасаң, басыңды аламын.......
Бір шаһарда бір кедей шал болыпты. Шалдың әйелі сондай сұлу болады екен. Бір күні бір байдың қыз ұзатқан тойы болып, соған барады. Әлгі шалдың әйелі барса, өзінен басқа әйелдің бәрі де жоғары отыр. Жалғыз төмен отырған осы – шалдың әйелі. Әйел ішінен итқұса болып отырып, той тарқаған соң үйіне келіп, шалға «Мен сенен кетемін», – дейді. Сорлы шал сасып: – Ей... өзің не деп тұрсың? Кеткенің не? – деп сұрайды. Сонда қатыны тұрып: – Сен кедейсің, менен елдің қатынының бәрі жоғары, байлардың да әйелі, бақсының қатыны да артық, сенің түрің мынау, өзіңнің қолыңнан һеш нәрсе келмейді. Мен сенен басқа адамға тиемін, – дейді. Сонда шал тұрып: – Ей, қатын, сен кетпе, мен бір амал табайын, – деп, сол жерде ойланып, өтірік бақсы болмақшы болады. Бақсы болып, елдің тамырын ұстап, ойнап, сөйтіп жүріп, айла тауып, елге бақсы атанады. Бір күні шал бір ауылдан бақсы болып, суды үрлеп, келе жатса, қаланың іші–тысы жиналған адам. Келіп, бір кісіден: – Бұл не? – деп, сұраса, «Ханның бүгін екі есекпен артқан күмісі жоғалды, соған сұрау салып, бақсы-балгерді жинап жатыр», – дейді. Шал: – Ойбай, мені шақырар. Шақырса, түк білмеймін, – деп, қашып кетіп отырады.......
Серкебай деген байдың тіршілігінің арқасында үш ұл бірдей шырпы басын сындырмай, өмірді ылғи сылқым-серілікпен біркелкі өткеріп бара жатады. Күндердің күнінде Серкебай жасы жетіп, өмірі бітуге таянғандығын төңіректеп келген сырқаулықтан сезеді. Ес-ақылы бүтін, тіл-көмейі сау уағында үш баласын қасына шақырып алып, қоштасады. Балаларына мынандай өсиет айтады: бірінші өсиетім: мал-мүлкімді үшеуің бөліп алыңдар, таласпаңдар, тартыспаңдар; екінші өсиетім – осы үйімнің үш бұрышына үш кесек алтын тықтым, бөліп алған мал-мүліктеріңді ішіп-жеп тауысқан соң сол алтынды тауып алып, қоректеніңдер. Үшінші өсиетім – ол алтынды тауысып алып, күн көру үшін кісі есігін іздестірсеңдер, үшеуіңе де айтқаным – зор мұрынды, қау сақалдау келген бір кісіге жалдана көрмеңдер, – дейді. Серкебай өледі, мал-мүлкі бөлінеді, ол ішіп-желінеді. Алтын қазылып алынады, ол да ішіп болынды. Ең алдымен, үлкеннің қорегі таусылады, ол кәсіп іздеп, қаңғып кетеді. Адырақ көз, қау сақал адам жолығады. – Е, не еткен жігітсің? – Кәсіп іздеп жүрген жігітпін. – Маған жалдан. – Жұмысыңыздың түрі не? – Жалғыз есегімнің боғын тазалайсың.......