Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз?
Оқу мақсаты: VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
Сабақтың мақсаты: • Білу және түсіну Ерте орта ғасырлық түркі қағанаттарының аттарын, орналасқан аумағын атап картадан көрсетеді;
• Қолдану Ерте орта ғасырлық қағанаттарды картадан көрсетіп, оларды кескін картаға түсіре алады;
• Сыни ойлау Ежелгі Қазақстан мен Орта ғасырлардағы саяси үрдістер арасындағы байланысты тауып түсіндіре.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Халқымның жарқын болашағына сенемін

Осыдан 71 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың қазақстандық-шекарашылар болды. Атақты Брест гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында олардың көпшілігі әскерден елге қайтулары керек болған. Бірақ жаудың шабуылы олардың бұл жоспарларын күл-талқан етті. Соғыс өрті ішке қарай тез еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 қазақстандық болған және олардың көбісінің сүйегі беларусь жерінде қалған.
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.
Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған. .....
Шығармалар
Толық

Неменеңе жетістің бала батыр...

Ұшқыр ойды от - қайраққа жаныған,
Туған елді өз үйім деп таныған,
Жалындаған жастар керек еліме
Батыр баба қасиеті дарыған!
Сырбай Мәуленов
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радио-телехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, ал Жеңіске 71 жыл уақыт болса да , ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Дегенмен, сол сұрапыл соғыстың куәгерлері мен қатысушыларының күннен-күнге қатары азайып барады.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық – ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.......
Шығармалар
Толық

Кеңес Одағының батыры –Мәлкеджар Бөкенбаев

«Ұлы Отан соғысының тарихы тек төрт жылмен шектеліп қалмайды, ол тұтас дәуірді қамтиды, қиындығы мен құпиясы уақыт өткен сайын біртіндеп ашылады» депті майдангер жазушы Василь Быков. Қаншама уақыт өтседе елге жасаған ерлік ешқашан өшпейді, қайта ел есінде жаңғырады. Бұл соғыстың басталып, аяқталғанына биыл жетпіс бірінші көктем болмақ. Әлемдік күнтізбеде 365 күн болса, соның бір күні ғана Ұлы Жеңістің тойлануына бұйырыпты.1941-1945 жылдары Қазақстан бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 366 мың адамын аттандырды. Солардың ішінде мұғалжарлықтар да бар. Біз бүгінде Ұлы Жеңісті өздерінің жанкешті ерліктерімен жақындатқан Кеңес Одағының Батырлары, мұғалжарлықтар М.Бөкенбаев, Ф.Шатровты, И.Гриньконы, Т.Щербановты еске ала отырып, әруақтарына бас иеміз. Мақаланың арқауына айналып отырған өз замандастарының ортасында беделді, Отан қорғау кезіндегі ерлігімен көзге түскен, айтулы тұлғалардың бірі – Мәлкеджар Бөкенбаев жайында болмақ. Батыр Мәлкеджар Бөкенбаев туралы бұқара беттерінде айтылған әңгіме де, мақалада аз жазылған жоқ. Десек те, әлі де тың зерттеулерді қажет ететін деректер бар. Бұл күнде сарғайған мұрағаттағы том-том болған құжаттар өз зерттеушісін сарғая күтіп жатқандай. Ақтөбе облыстық мұрағаттарындағы деректерге сүйене отырып, М.Бөкенбаевтың ешкім әлі білмеген, зерттеп көрмеген жәйттерді жария етпекпіз. М.Бөкенбаев 1924 жылы Жұрын ауданында «Соцжол» деп аталатын Естемес деген ауылында қарапайым шаруа Есболсының отбасында дүниеге келген. 1933 жылы мектеп табалдырығын аттап, әріп таниды. Бірінші сыныпты «Амангелді» атындағы колхозда бітіреді. 1934жылы ата –анасы қоныс аударуына байланысты Жұрында оқуын жалғастырып,1939 жылы мектепті аяқтайды. Оқуды бітірген соң Наркомға «учетчик» болып жұмысқа орналасады. Ол жерде алты бойы жұмыс жасап, содан кейін радакцияға хатшы болады. 1939жылы қазан айында Мәлкеджар Ленинский комсомолға орналасып, пионер болады. 1941жылға дейін норсудта жұмыс жасап, кейін 1941 жылы Қызыл Армияға шақыртылып, жас жігіттің арманы болған Алматыдағы оқу курсын бітіріп, 1942 жылы 17 тамызда Қызыл Армияға шақыртылды. 1943 жылы 15 сәуірде Лейтенант дайындайтын курсты бітіріп, майдан шебінде ұрысқа аттанады. .......
Шығармалар
Толық

Дене шынықтыру (10 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Дене шынықтыру» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
10-сынып

Мазмұны

1-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
1-бөлім «Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы»
2-бөлім «Командалық ойынның қозғалыс дағдысы»

2-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
3-бөлім «Гимнастикадағы денені басқарудың қозғалыс дағдылары»
4-бөлім «Қазақстандық ұлттық ойынындағы шығармашылық қабілеттілік»

3-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
5-бөлім «Шаңғы / кросс / коньки дайындығы»
6-бөлім «Команда ойындарында бірлескен оқу»

4-Тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау үшін тапсырмалар
7-бөлім «Командалық ойын – белсенді қозғалыс нысаны»
8-бөлім «Денсаулық және салауатты өмір салты»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық

Дене шынықтыру (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

«Дене шынықтыру» пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
9-сынып

Мазмұны

1-ТОҚСАН
1-бөлім Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру
2-бөлім Спорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс

2-ТОҚСАН
3-бөлім Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары
4-бөлім Қазақтың ұлттық және халық ойындары

3-ТОҚСАН
5-бөлім «Шаңғы / кросс/коньки дайындығы»
6-бөлім «Команда құру ойындары»

4-ТОҚСАН
7-бөлім «Әлеуметтік дағдылар және мәселелерді командалық іс әрекеттерде шешу»
8-бөлім «Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулық және фитнес»
Қалыптастырушы бағалау (ҚБ | ФО)
Толық

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім:Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі»
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу
3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады.
Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады,өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табады, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді.
Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойына қатысты өз ойын білдіреді, көркемдеуіш сөздерді ажыратады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Жақсы деген немене жаман деген немене? (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Жақсы деген немене, жаман деген немене?
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс-салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтай алады;
Көпшілік оқушылар: көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
Кейбір оқушылар: көркем – бейнелі сөздерді қолдана отырып, өз йын айтады, мысалдар келтіріп дәлелдейді.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық