Міне, көзді ашып жұмғанша уақытта зымырап өтіп бара жатыр. «Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуына 75 жылдығы да жақындап келеді. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары да азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Сол себепті біз ардагерлерімізді құрметтеп мақтан тұтуымыз керек. Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. Ауыл тұрмысын жақсартуда сүт-тауарлы фермасын ашып, ел болып қыруар еңбек жасағанын әңгімелегендерін үлгі –өнеге ретінде қабылдаймыз. Сол кездердегі үлкен тұлғаларда біздің ауылдың қадірлі қонағы болған. Солардың бірі – Дінмұхамед Қонаев ауыл ақсақалдары мен еңбек ардагерлері, үлкен-кішілерімен кездесіп қолын алды.«Қазақта Димекеңдей кемеңгер тұлғалы адам кемде-кем. Тағдыр маған онымен үш мәрте көзбен көріп, кездесуді жазыпты» деп әңгімелейтін атам. .....
Ерлік ұмытылмайды Ежелден ер тілегі – ел тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі. Б.Момышұлы Соғыс... Соғыс дегеніміз қантөгіс, қайғы-қасірет. 1941 жылдың 22 маусымында басталған соғыс 1418 күнге созылған. Кеңестер Одағына тұтқиылдан ескертусіз соғыс ашқан неміс фашистері адамзат баласына зор қайғы-қасірет әкелді. Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең үлкен қасіретті майдан, Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болды. Жеңіс... Біз үшін Жеңіс күнінен қымбат мереке жоқ. Ұлы Жеңіс аға ұрпақтық Ұлы ерлігін ел есінде сақтауға арналған ең қастерлі күн. 9 - Мамыр – Жеңіс жалауы желбіреген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыс ойранын салмаған, отына шарпылмаған отбасы жоқ шығар, сірә. Ана сүйікті ұлынан, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен айрылды. Соғыста қираған қалалар мен ауылдар қалпына келтірілді. Бірақ соғыс жарасы әлі жазылған жоқ. Әлі де хабарсыз кеткен ұлын, бала әкесін іздеген хабарды теледидардан жиі көреміз. Біз соғысты көрген жоқпыз. Ұлы Отан соғысы туралы кітаптардан оқып, фильмдерден көрдік Соғыс тақырыбында әлі де кітаптар, фильмдер шығарылып, өлеңдер мен әндер де жалғасын табуда. Осынау қиыншылықпен келген жеңіс қалайша ұмыт болмақ?! «Ешкім де, ештеңе де ешқашан ұмытылмайды». Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткішіне қашалып жазылған. Кешегі ел басына күн туған қатерлі шақта аға ұрпақ өкілдері бостандығымыз бен тәуелсіздігімізді жанқиярлықпен қорғады. Соғыс көптеген ерлердің есімін елге танытты. Талғат Бигелдинов пен Сергей Луганский, Мәлік пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерліктері туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды. Ерліктің арқасында бақ қарады....
Соғыс -қантөгіс , кінәсіз адамдардың жапа шегуі және батырлардың біздер үшін , жас ұрпақтар үшін ,қазақ үшін ,қазақ даласы үшін өз өмірлерін қиюы.Соғыста ерлік көрсеткен батырлар өте көп.Мен сол батырлар үшін бас иемін. Соғысты батырлар жеңіспен аяқтау үшін барлық күш жігерін жұмсап,ерлік көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат баласына қайғы-қасірет әкелді.Соғыста барлық қазақстандықтар Отанын қорғауға айрықша үлес қосқаны тарих беттерінен мәлім. Ел қорғауға қазақ батырлары белсен қатысып ,майданда небір ерліктерін ,үлгі өнегелерін көрсеткен.Соғыс кезінде барлығы майдан үшін , жеңіс үшін деп өшпес өнеге қалдырған.Ол сарбаздардың серті ұрпаққа мәңгі өнеге! Біз кең байтақ өлкемізді қаскөй жаулардан қорғауға тиіспіз.Сол соғыс үшін аналар күйеуінен,күйеулері әйелдерінен,әкелері балаларынан,балалары әкелерінен,ал біздің ел ақылгөй қарттарынан айрылды.Біз соғысқа қатысқан әр бір сарбазға бас иіуге тиіспіз.Біз қашанда ел мен жердің тәуелсіздігін ойлауымыз керек. Ұлы Отан соғысы 1417 күнге созылды. Сол күндер бойы батырлар бейбітшілік үшін күрескен.Біздің ардагерлеріміз соғысты көрген .Сол соғыста көрген –білгендерін жас ұрпақтарға,бізге үйретеді.Олардың тәлімтәрбиесін біз бойымызға жинап ,өскенде саналы болып өсеміз.Қазақтың ержүрек қыздары Әлия мен Мәншүк,қайсар ұлдары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаевтар батырлықтың , ерліктің тамаша үлгілерін көрсетті. Ел басына күн туған қиын-қыстау күндерде азамат жүгiн арқалап мыңдаған қазақ қыз-келiншектерi уақыт сынынан, тарих талқысынан сүрiнбей өттi....
Менің ұлы нағашы атам Құлжанов Үкітай Құлжанұлы 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Совет армиясының қатарына алынған. 1939-1940 жылдарда Совет Фин соғысына қатысып, атты әскерде болған. Әскер қатарынан 1941 жылы Ақпан айында босатылуға тиісті екен. Бірақ, Қазақстанға қайта орала алмай Ленинград қаласында қалдырылған. Совет үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын болжап, Ленинград қонақ үйлеріне орналастырып рұқсат етпеген. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград фронтының атты әскерінде соғысқа қатынасыпты. Ленинград Фронтын басқарған лейтенант Поповтың қарамағындағы атты әскерінде «Воскресенское», «Родина Еремина» таулы жерлерінде соғысыпты. 1941жылы 8-інші Қыркүйекте блокадада қалыпты. Үкітай атамның әңгімесінде соғыста үлкен қайғылы, естен кетпес, қан жұтатын оқиғалары көп болыпты. Ойламаған жерден Неміс самалеттері бомбалай жөнелгенде, жазықсыз сәбилер, қариялар, бүтін бір жанұя да, өртеніп қаза болыпты. Соғыста бес атар мылтықпен бес рет атқанда, мылтықтың басы қызарып, тез қызып кете береді, оны суығанша күтіп отыратынбыз, Немістердің технологиялары өте күшті дамыған, қолдарында оқ жаудыратын автоматтары бар болатын, біз мылтығымызды оқтағанша, олар оқты жаудырып жіберетін, осындай кезде көптеген жауынгерлерлерімізден айрылдық. Осы кездерде әскерімізбен бірге соғысып жатқан жерімізге жауларымызды майдан сызығынан өткізіп алдық, орман арасында өзіміздің майдан сызығымызға жеткенімізше, екі аптадай уақыт зымырап өте шығатын. Соғыста азық-түлік таусылып қалатын да кездер болды. Күз айында әсіресе аш өзек жауға қарсы шабуылға шығамыз. Ертеңгі еліміздің жау қолына өтпеуі, негізгі арманымыз ғой, аштық ондайда ештеңе емес.....
Шығарманың ұраны: Жеңіс Қасиетті мен ауыр Халықтарды нығайтады,көмектеседі және бізге дейін жетеді. Жеңіс біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Жетісі,салтанат,мейрам. Қазақ ел басына ауыр күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген ержүректе,жауынгер халық.Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген үрей сезімін алып тастап биікке көтерген.Оның анық дәлелі намысын ел тарихындағы аты аңызға айналып,өшпес ерлік жасаған батырлар есімі куә.Ұлы Отан соғысының тарих парақтарында алтын әріппен жазылған Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов пен Төлеген Тоқтаров,Нүркен Әбдіров пен Қасым Қайсенов т. т б есімдері мәңгілік өшпейді. Ешкім де ұмытылмайды,ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл көктемде 71 жылтолады. Бірақ ҰлыЖеңістіңұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні –бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке . Бұл мерекебейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын,Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны,тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігіндәлелдейтін белгі болып қалмақ. Бала жасынан бейнетті көп көріп, ерте жетім қалған Садиқан Қазыбаевты өмір үлкен сыннан өткізіп, шыныққан құрыштай етіп шығарған. “Жүзге жетпей, өмірден өтерім жоқ” деп әзілдей айтса да, өзіне қайрат бере сөйлейтіні де сондықтан. Сәкең – Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылының тумасы. Ашаршылық ауыртпалығынан жан сақтау үшін оның отбасы 1931 жылы аудан орталығы – Пресновкаға көшіп келген, әкесі Қожахмет сондағы “Сталин” ұжымшарында ағаш шебері болып істеген. ....
Екінші дүниежүзілік соғыс біздің жерімізге алапат дауылдай келгені рас. Бұл дауыл біздің есімізде өшпестей болып із қалдырды.Соғыс – халықты, елді, жерді жайпайтын өте үлкен күш. Соғыс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Әрине , ол кезді майданда болып,жерімізді қорғаған батырлар сезінбесе, бізге тіпті елестету де қиын. Бірақ , сол сәтті көз алдымызға бейнелей суреттесек, судай аққан қан, ана қорқынышы, жастай кеткен батырлар, шырылдаған сәби, елге деген ұлтжандылық бірден еске түседі.Осындай қиын қыстау сәттерде жауынгерлерге рух беріп, күш – қайратын жігерлендіріп отыратын өлеңдер көптеп кездеседі. Солардың біріЖамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Өлең қазақ жауынгерлеріне үлкен күш-қуат беріп отырды. Жауынгерлеріміз осындай патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдерді оқи отырып, рухани жағынан күш алғаны сөзсіз. Майдан алаңында берілмей отан ұшін жанын аямаған ұл – қыздарымыз сол кездері өте көп болды. Қуаныштың бір үмітін көру үшін тек ұлдар ғана емес, қыздарымыз да ержүректілігімен, қайсарлығымен ерлерден кем түспей , соғыс майданында ерлік көрсете білді.Солардың бірі – Әлия Молдағұлова. Әлия апамыз майданда «дәлдеп атушы мерген» міндетін атқарған . Біз үшін батырдың майдандағы ерлігі ерекше орын алады. Оның шын есімі Лия Молдағұлова болыпты. Ал,Мәншүк Мәметова апамыздың шын есімі – Мәнсия. Бұлай болу себебі, Мәншүк апамыз кішкене кезінде орыс балабақшасына барған . Ондағы кішкене орыс балаларының тілі келмегендіктен, есімін өзгертіп, оны Мәншүк деп атап кеткен екен. Бұл батыр ұл-қыздарымыз соғыс болар шақта өлімнен қорықпаған. Сол батырларымыз қазіргі күнде аз ғана қалды. Ардагерлер бүгінде біздің негізгі байлығымыз......
Ұлы Отан соғысының ерлік шежіресі шексіз.Кеңес халқының фашизмге қарсы қасиетті соғыс тақырыбы оқырман жүрегін әрқашан толғандырады.Танкінің гүрілі жер жарып,ауыр зеңбіректерді сүйреп,айналаны шаңға бөктіріп,аттылы-жаяуы аралас үздік-создық шұбатылған әскердің алды биік дөңнің басына шыққанда,арғы беттегі жартылай қираған,үстін түтін аралас қалың тұман басып жатқан қасіретті соғыс алаңы тым аянышты.Ерлік керек десеңіз... Соғыс. Атауының өзі-көз алдыңызға жетім бала,жесір әйел,берекесі кеткен жұрт, қара қағазды елестететін қасірет.Соғыс қасіретпен қоса қасиеттіде әкеледі. Ерлік,Отанға деген махаббат,рух,намыс,жігер барлығы да осы соғыс кезінде пайда болады емеспе? Иә,біз соғысты көрген жоқпыз. Бірақ ата-әжелеріміздің әңгімелерінен соғыстың не екенін біліп, түсініп, жанымыз түршігеді. Болашақ ұрпақ үшін жанын қиған ата-бабаларымыздың ерліктері жылдар тұрмақ,ғасырлар өтсе де,ұмытылмастай тарихта жазылып қалды. Екінші дүниежүзілік соғыс-адамзат тарихындағы ең ірі жанжал,ең ірі шиеленіс.1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына қарсы соғыс бастады.Германияның КСРО-ға шабуылы бастала салысымен, Кеңес Одағының басшылары В.М.Молотов және И.В.Сталин өздерінің сөйлеген сөздерінде бұл соғысты Отан соғысы,кейіннен Ұлы Отан соғысы деп атады.Соғыстың бірінші сағатынан бастап бірнеше мың шақырымға созылған кеңес-герман майдан шебінде кескілескен шайқастар басталды.Осы кезден бастап-ақ гитлерлік әскерлер жергілікті тұрғын халық пен Қызыл Армия әскерлерінің қарсылығына тап болды......