Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қарттық, кәрілік

Өмір қартайса да,
Көңіл қартаймайды.

Жақсы адам қартайса,
Жазып қойған хаттай,
Жаман адам қартайса,
Бықсып жанған оттай.

Есік алдында төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.

Асарын асаған,
Жасарын жасаған.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.
Мақал-мәтелдер
Толық

1 Наурыз - Алғыс айту күні (Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс!)

Тақырып: Ел ертеңін ойлаған Елбасына мың алғыс
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: қазақ халқының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мәлімет беру, елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу, шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік.......
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Мен - Тәуелсіз елдің патриотымын!)

Тәуелсіздікті жырлап көңілге тигізуге болады, суретпен бейнелеп таңғалдыруға болады, әңгімелеп елестетуге болады. Бірақ, біз ешқашан майдандағы батырлардың басынан кешкендерін, жырлағандағы ащы сезімдерін, жүректегі жеңіске деген лаулаған ұмтылысты сезе алмаймыз. Оны тек сол майданның қаһармандары ғана біледі. Тәуелсіздік жолындағы күресушілердің мақсаты жақсы дайындық, күш-жігер, соғыста жеңіске жету, тәуелсіз, дербес....
Шығармалар
Толық

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551)

Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы. Ташкентте дүниеге келіп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған. Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ата-бабалары Моғолстан мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның.......
Рефераттар
Толық