Мәдениет | Ұлытау аспан асты мұражай

Өткен күн, кеше, тарих
Келер күн, ертең сыр
Ал бүгінгі күн - үлкен сый
«Ұлытау аймағы аспан астындағы алып мұражай»
Ұлытау – ұлт ұясы, ұлы даламыздағы талай тарихтың куәсі болған қасиетті мекен. «Қазақ халқының бесігі», «көшпелі халық мәдениетінің, дала өркениетінің алтын кіндігі» аталған бұл өлкенің бүккен шежіресі көп. Сондықтан да қазақ үшін қасиетті бұл мекеннің төрінде Елбасының тарих жайлы ой - толғауының өзі үлкен мағынаға ие.
Ұлытау – өте қасиетті жер. Ұлытау деп аталуының өзінің тарихи мәні бар деп жалпыны Ұлытауға қатысты тарихымыздан ұлағатты тағылым алуға шақырған Елбасы қазақтардың «кеше ғана пайда бола салмаған» халық екенін айтады. Ел тарихының түпкі бастауы сонау ғұндардан, одан кейін Алтын Орда дәуірі, артынша Қазақ хандығының өмір сүруімен байланысатынын, бұның барлығы қазіргі таңдағы егеменді ел болып отырған Қазақстанның тәуелсіздігіне ұласқанын Елбасы тарихшылардан артық айтпаса кем айтқан жоқ. Мұның өзі Мемлекет басшысының белді саясаткер ғана емес, халқының тарихына қанық, ұлтының болашағын ойлаған тұлға ретінде де бейнесін аша түседі. Ал тәуелсіздігіміздің қаншалықты қадірлі екенін Нұрсұлтан Назарбаев «¬Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ, басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта - ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды», деп бұрындары да айтқан болатын......
Ғылыми жобалар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы