Қаржы | Жеке тұлғалардың меншігіне салық салу тәртібін жетiлдiру

«Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы экономиканың өсу қарқынына ықпал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында бізге тұрлаулылықты қамтасмасыз етті. Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық. Ұлттық және трансұлттық компаниялардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік. Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік. Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды» деп айта кетті Президент өзінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстаннның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында [1].
Сонымен қатар Президентіміз осы Жолдауда: «2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-нің көлемін екі еселедік. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Ұлттық Қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті» деп айта кетті [1].....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Жеке табыс салығының жағдайы және оны жетілдіру

Жеке табыс салығы жеке табыс иеленушілердің тұрақты табыс көзі болып келеді. Жеке табыс жалпы халықтың меншік деп жарияланған социалистік қоғамда да жеке табыс салығы болды. Өйткені, жеке табыс пайдаланушылар жеке табыс иеленушілерден шаруашылық есеп бойынша оқшауланған. Сонымен қатар, жердің табиғи өнімдеріне және орналасу тиімділігіен байланысты дифференциалдық рента әрқашан болады. Сапасы біркелкі тәуір жермен барлық жеке табыс пайдаланушыларды қамтамасыз ету, мүмкін емес. Сапалы әртүрлі жерді пайдаланушылар бірдей еңбек жұмсай отырып, әртүрлі нәтиже алады.Сондықтан жеке табыс иелену құқығы қоғамның барлық мүшесіне бірдей болған күннің өзінде жақсы жерді пайдаланушылар ондай мүмкіндігі жоқтармен өзінің табысымен бөлісуі керек .Бұл жеке табыс салығы арқылы жүзеге асырылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Жанама салықтар қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптастырды. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Бүгінгі таңда біздің қарастырып отырған мәселеміз өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжрибиесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болып табылады.
Қазақстан Республикасында салық Қазақстан Республикасының салық кодексі негізінде өндіріліп алынады. Салық және салық салуды жүзеге асыратын және қадағалайтын негізгі орган салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі экономикалық және салықтық саясаттың құралы негізінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының нәтижелілігін жоғарлату үшін өз ықпалын тигізуі қажет.
Еліміздің салық жүйесінің дамуы нәтижесінде бүгінгі таңда салықтардың он екі түрі бекітілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Бюджет саясатының перспективалары мен бағыттары

Қаржылық байланыстардың орасаң зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық жүргізушісі субьектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қлғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мелекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнан құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетін обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндірістің қажетіліктерімен, мелекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақаша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы әкономиканың жұмыс етуін қамтамасыз ету үшін қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы

Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше роль атқаратын несие-банк жүйесінде екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселесі маңызды орын алады. Аталған мәселе әр түрлі авторлармен әдебиеттер мен жаппай ақпарат құралдарында талқыланып жатқаны бірінші жыл емес. Себебі меншікті капитал көлемі кез-келген банктің ірге тасы ғана емес, басты сипаттамасы болып табылады.
Осыған байланысты, диплом жұмысының өзектілігі -банктің меншікті капиталы - бұл банкке төлеу қабілетін , яғни банктің қажетті мерзімде және толық сомада өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, сақтауға мүмкіндік беретін резервтік ресурстар болып табылатындығында. Меншікті капиталды басқару ең алдымен банктің неғұрлым нақты қаржылық сенімділігінің кепілі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - меншікті капиталдың Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің мақсатты мәселелерінің бірі ретіндегі ролін көрсету.
Қойылған мақсатқа сәйкес авторға алдында келесі міндеттерді шешу қажет: ....
Дипломдық жұмыстар
Толық