Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары

Дипломдық жұмыс: Қаржы  | Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы  | Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................... 2

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК КАПИТАЛДЫ БАСҚАРУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1
1.2 Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның құрылымы...................
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің түсінігі........................ 4
10
1.3 Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының құрамы мен құрылымы.........................................................................................
24

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК КАПИТАЛДЫ ТАЛДАУ
2.1 Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының серпіні мен құрылымын талдау...........................................................................
30
2.2 Банк капиталының жеткіліктігінің деңгейін бағалау..................... 38
2.3 Меншікті капиталдың банк жүйесінің тұрақтылығы мен өтімділігін қамтамасыз етудегі ролі...............................................
50

3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ БАНКТІК КАПИТАЛЫН БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Екінші деңгейлі банктердің банктік капиталын басқаруды жетілдіру..........................................................................................
60
3.2 Екінші деңгейлі банктердің банктік капиталын басқару мәселерін шешу жолдары................................................................
65

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................. 74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................... 77

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның экономикалық құрылымында ерекше роль атқаратын несие-банк жүйесінде екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселесі маңызды орын алады. Аталған мәселе әр түрлі авторлармен әдебиеттер мен жаппай ақпарат құралдарында талқыланып жатқаны бірінші жыл емес. Себебі меншікті капитал көлемі кез-келген банктің ірге тасы ғана емес, басты сипаттамасы болып табылады.
Осыған байланысты, диплом жұмысының өзектілігі -банктің меншікті капиталы - бұл банкке төлеу қабілетін , яғни банктің қажетті мерзімде және толық сомада өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілетін, сақтауға мүмкіндік беретін резервтік ресурстар болып табылатындығында. Меншікті капиталды басқару ең алдымен банктің неғұрлым нақты қаржылық сенімділігінің кепілі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты - меншікті капиталдың Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің мақсатты мәселелерінің бірі ретіндегі ролін көрсету.
Қойылған мақсатқа сәйкес авторға алдында келесі міндеттерді шешу қажет:
• екінші деңгейлі банктердің қаржылық ресурстарының қалып-тасуының теориялық негіздерін зерттеу;
• екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен кұрылымын қарастыру;
• екінші деңгейлі банктердің қаржылық сенімділігін қалыптас-тырудағы меншікті капиталдың ролін зерттеу;
• екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқарудың негізгі алғы шарттарын бағалау және анықтау:
• капиталды басқару мәселелерін шешудегі кемшіліктерді
айқындау;
• несие-банк жүйесінің жалпы дамуының шеңберіндегі
екінші деңгейлі банктер үшін меншікті капиталын басқару
мәселелерін шешу жөніндегі шаралардың оптималды
үйлестіру вариантын таңдау.
Ұсынылып отырған жұмыстың зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері табылады. Зерттеудің заты - банк саласындағы белгілі мәселелермен қатар жүретін меншікті капиталды басқару.
Зерттеу процессінде статистикалық, талдау және синтез әдістері, сонымен қатар нормативтік-позитивтік тәсілдерді үйлестіру әдісі қолданған.
Қазақстанда мәселені зерттеу ҚР Үкіметінің, Қаржы министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық Банкімен, «Амелин және партнерлар» банктік талдау бір қатар ғалым-экономистердің катысуымен жүргізілуде.
Бұрыңғы кезде және қазір өткізіліп жатқан зерттеулер меншікті капиталды
басқару, екінші деңгейлі банктердің іс-әрекетін, рентабелділігін реттеуді жетілдірудің негізгі мәселелеріне қатысты. Негізінде осы зерттеулердің барлығы батыс елдерінің несие-банк жүйесіндегі схемалар мен моделдерді көшіру есебінен өткізілуде. Сонымен, бұл салада ҚР территориясындағы банк ісінің дамуының тарихи ерекшеліктері ескерілмеген және зерттелмеген. Сонымен қатар аталмыш мәселені шешу әдістері екінші деңгейлі банктердің құрылымындағы өтіп жатқан процесстердің ерекшелігін ескермейді.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде екінші деңгейлі банктердің қаржы ресурстарының қалыптасуының теориялық аспектілері қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының динамикасы мен құрылымы зерттеледі.
Үшінші бөлімде ҚР-да екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын басқару мәселелерін шешу әдістері ұсынылған.
Қорытындыда баяндалған жұмыстың барлык бөлімдері бойынша кысқаша нәтижелері шығарылған.
Зерттеудің пәні болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердіндегі меншікті капиталды басқару саналады.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін зерттеу тақырыбына қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заң және нормативті құжаттар, ҚР қаржы Министрлігінің нұсқаулары мен әдістемелік ұсыныстары, ғылыми мақалалар мен статистикалық материалдар құрайды.



1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙДА ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Банктің меншікті капиталы ұғымы және оның құрылымы
Банк ресурстары" термині "несие ресурсына" қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активті немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады [4, б.12].
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қоры халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдерде банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік негізгі құралдар, амортизациялық және банк ісін дамыту қорлары; ал тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айрысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда банк ресурстарының нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады [5, б.42].
Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктері бар деуге болады. Екінші деңгейлі банктер қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-тендіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банк ресурстарының құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттың (орталық) банкіміз "банктердің банкі" болып табылатындықтан, екінші деңгейлі банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады [6, б.7].
Демек екінші деңгейлі банкгер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары — бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активті операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы болып табылады.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банк ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, екінші деңгейлі банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттарындағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Екінші деңгейлі банктердің ресурстарының кұрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1) Банктің меншікті капиталы.
2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары [4, б.45].
Банк ресурстарнының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттіліктің 10 пайызға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі сырттан тартылған қаражаттар үлесіне тиеді.
Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Меншікті және тартылған екінші деңгейлі банктің ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демеқ дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активті операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір екінші деңгейлі банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы — банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы болып табылады.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың базасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталын мынадай баптар құрайды:
• жарғылық капитал;
• резервтік капитал;
• қосымша капиталдар;
• банк операциялары бойынша төуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
• бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері қазақстан Ұлттық банкінің пруденциялдық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық нысандарда құрыла алады:
• акционерлік банк формасында;
• пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді [7, б.25].
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі — акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы — банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі болып келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидендттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты сыйақы түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады. Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезендерден тұрады:
• бағалы қағаздардың эмиссия проспектісін дайындау және оны
сараптамадан өткізу;
• бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу;
• эмитент-банктің бағалы қағаздарын тіркеу;
• шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың
нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:
• банкті акционерлік нысанда құру;
• банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір сыйақы мөлшерінде, айталық, 25 % мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді.
Қосымша капиталдар - негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар — негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды болып келеді.
Келесі қорға жекелеген банк операциялары бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резевтер жатады. Мұндай резевтерге; несие тәуекелін жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резевтер жатады.
Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендтті төлегеннен кейін және резевтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:
банк пайдасы;
акциялар шығару;
құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
облигацияларды шығару жатады.
Банктің капиталы банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешіретін әр алуан тәуекелдерінің зардаптарын ретке келтіріп отыратын басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
- қорғаныс қызметі;
- шұғыл қызметі;
- реттегіш қызметі;
- айналым қызметі.
Банк капиталының қорғаныс қызметі — банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең басты қызметі болып келеді /9/.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативті қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты рөзервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстарының көздері әсіресе, банк қызметінің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары, дипломдык Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банктік капиталды басқаруды жетілдіру жолдары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін