Бөлтірік Әлменұлы (1771 жылы)

Бөлтірік Әлменұлы — қазақтың көрнекті шешені, биі, батыры. Бөлтірік Әлменұлы 1771 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу ауданындағы Шоқпар темір жол станциясы маңында дүниеге келген.

Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне және батырлыққа бейім болған, есейген шағында ел арасындағы жер, су, еңбек, құн және жесір дауларына талай әділ төрелік айтқан. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық думан құрған. Ел арасында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік сөздер көп. Бөлтіріктің "Аппақ сақал қараңғы түнде айдай көрінеді", "Ұры қары деген атақ алыпты", "Төре баласы мен түйе ботасы", "Хан баласына бата", "Қырғыз-қазақтың байлық айтысқаны", "Құдайдың өзі оңғарар", "Даудың түбін қыз бекітеді"секілді сөздері аз сөзбен көп мағына берудің үлгісі болып табылады. Соның бірінде Бөлтірік шешен "Арғымақ атта жал болмас, жабы келіп жалыменен теңесер", - деп түйіндейді. Бөлтіріктің шешендің сөздері қырғыз, өзбек халықтары арасында да кездеседі. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854)

Бөлтірік Әлменұлы (1771–1854) — Жамбыл облысы Шу районы Шоқпар ауылында дүниеге келіп, Жерленген жері: Жамбыл облысы Талас ауданы Жидек ауылында жерленген. Бөлтірік ұлы жүздің ысты елінен шыққан. Ысты елінің Ойықтыдан, Қызылқұрт, Зорбай, Орбай, Сәтек тараған. Зорбайдан Байгелді .......
Рефераттар
Толық