Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың есептік кездесуіне халық көп жиналды. Әкім өткен жылы жасалған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жоспарымен таныстырды. Есептік кездесудің сұрақ-жауап бөлігі айқай-шумен өтті десе болды. Жоқшылықтан шаршаған аналар микрофонға таласып, жеке сұрақтарын айтқанда жылап жіберді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
Ойынға қатынасушылар жиналып келіп, алаңды жерді таңдап алады. Сол жерден көн белгіленеді, он метр жерге қазық қағылады немесе бұтағын жоғары қаратып, қу томар тасталады. Содан кейін ұзындығы сол қазыққа немесе томарға еркін жететіндей арқан әзірленіп, бір жағын ілмектеп, шалма жасайды. Орталарынан біреуін ойын жүргізуші етіп тағайындайды да, соның басқаруымен жиналғандар кезектесіп әлгі қағылған қазыққа немесе томардың бұтағына шалманы кезектесіп тастай бастайды. Ол үшін белгіленген көнбеде тұрған ойыншы, арқанның бір ұшын сол қолына ұстайды да, екінші шалма жағын оң қолының шынтағына орап, шеңберлеп алады да қазыққа не томарлы бұтаңқа лаңтырады.
Ойынға қатынасушылардың санына қарай кезек төрт-бес қайталанады. Шалманы нысанаға кім көп түсірсе, сол жеңеді. Жеңіске жеткен ойыншының құрметіне өлең айтылып, ән шырқалады. Ойын жалғаса береді.....
Ғашықтардың арасында өз жұптарына жүз пайыз сенім артатындар аз. Керісінше, олардың көбісі үнемі күдіктеніп, күмәнданып жүреді. Алайда, серігіңізді кінәлайтын нақты себептер болмаса, соған қарамастан ойыңыз сан-саққа жүгірсе, ол мәселені міндетті түрде шешу керек. Ол үшін ex-news.com сайты ұсынған кеңестерге құлақ түргеніңіз абзал деп жазады NUR.KZ.
Британдық дәрігерлер смартфонды қараңғыда қолдану уақытша көруден айыратынын айтты. 22 және 40 жастағы екі келіншек көз жанарларының кейде 15 минут көлемінде көрмей қалатынын айтып шағымданған. Аурудың белгісі туралы New England Journal of Medicine журналында жарияланды.
Мұндай жағдайда бір көз жарыққа, екіншісі қараңғыға үйреніп қалады. Смартфонды сөндірген кезде жарыққа үйреніп қалған көз біраз қараңғыны қабылдай алмай қалады. Уақытша көрмей қалудың басты себебі – осы.
Көз жанардың әр түрлі адаптациясынан болатын жайсыздықтан сақтану үшін, дәрігерлер қараңғыда смартфонға екі көзбен бірдей қарауға кеңес береді. ......
.Бірде қаладағы колледждердің бірінде 4 жыл оқып танысқан, екі дос болыпты. Біреуі клуб, түңгі көше дегеннен аулақ жүретін, ай сайын оқудағы айлық бағаларын тапсырып тастап, өз ауылына асығатын қарапайым ауылдың жігіті екен. Ал екінші дос керісінше - клуб, көше, әр қыздармен жүру баққаны, ал ауылдық жерді жақтырмайтын қаланың жігіті екен. Ауылдың жігіті - сабақ үлгерімі нашар болыпты, бірақ қарапайым ауылдың жұмыстарына қолы епті екен, ауылында мал бағып, егін егіп күн көреді екен. Ал қаланың жігіті керісінше - сабақ үлгерімі жақсы болыпты, айлық бағалары толған 5 екен, бірақ 5 болғаны не керек - ай сайын ақша қыстырады екен, жұмыс жасауға икемі жоқ, баққаны оңай олжамен ақша тауып, бар ақшасын қайдағы жоқ клубтармен қыздарға береді екен......
Салмақ жинай алмай жүрген жандардың «жанды» жері – «арықсың ғой» деген сөз. Әркім «көп тамақ ішу керек қой» деп ақылын айтып жатады. Бұл үшін тек көп тамақтан да басқа «көмек» керек. Дастархан үстіндегі тамақты бір-ақ жеу бұлшықетке салмақ жинауға кедергі келтіреді. Оған қоса, күнделікті ішіп жүрген тамақтың көлемін екі еселеу керек. Артық қыламын деп, тыртық қылып жүрмес үшін не ішіп, не жеп жүргеніңізге көңіл бөлу керек.
Жаттығу залынан шықпай, тұлғаңызға сән беріп жүріп, аз тамақтанатын болсаңыз, оң нәтиже шықпасы белгілі.
1. Көлемін екі еселейміз
Егер салмақ қоса алмай жүрсеңіз, тағамдағы калорияны өсіру керек немесе азықты көптеп жеу керек. Мысалы, күнделікті түскі ас кезінде бір тәрелке тауық еті қосылған тағам жесеңіз, енді екі тәрелке жеу керек. Таңғы аста бір ғана жұмыртқа жесеңіз, оны да екі еселеу керек. Энергиялық құнарлығы жоғары тағамдарды молынан жеу керек......
Алмадан жасалатын маскалар тізбегі. Бет терісін сымбатты ету үшін алманың пайдасы зор екен. Назарларыңызға бірнеше масканың дайындалу жолын ұсынамыз:
✅ 1. Секпілден құтылу үшін алмадан жасалған масканы пайдалануға болады. Ол үшін піскен алманың жартысын алып, қабығынан тазартып, сүйектерін алып тастап, майдалап үгітіңіз. Бір шай қасық балмен, алма сіркесімен, өрік қышқылымен және 2 ас қасық зәйтүн немесе басқа өсімдік майымен араластырыңыз. Толық араласқан соң бетіңізге жағыңыз. 15 минуттан соң жылы сумен, содан соң суық сумен бетіңізді жуыңыз. Бұл масканы аптасына кем дегенде екі рет жасап тұрыңыз. ......
Бірде қаладағы колледждердің бірінде 4 жыл оқып танысқан, екі дос болыпты. Біреуі клуб, түңгі көше дегеннен аулақ жүретін, ай сайын оқудағы айлық бағаларын тапсырып тастап, өз ауылына асығатын қарапайым ауылдың жігіті екен. Ал екінші дос керісінше - клуб, көше, әр қыздармен жүру баққаны, ал ауылдық жерді жақтырмайтын қаланың жігіті екен. Ауылдың жігіті - сабақ үлгерімі нашар болыпты, бірақ қарапайым ауылдың жұмыстарына қолы епті екен, ауылында мал бағып, егін егіп күн көреді екен. Ал қаланың жігіті керісінше - сабақ үлгерімі жақсы болыпты, айлық бағалары толған 5 екен, бірақ 5 болғаны не керек - ай сайын ақша қыстырады екен, жұмыс жасауға икемі жоқ, баққаны оңай олжамен ақша тауып, бар ақшасын қайдағы жоқ клубтармен қыздарға береді екен. Ауылдың жігіті - 1 айға тамағы мен киіміне жететін қарапайым 10000 теңгесін таба алмай жүрсе, қаланың жігіті мұндай ақшаны күнде әр нәрсеге бәс тігіп, тектен-текке ақшасын шашады екен. Қаланың жігіті өте таккаппар екен, қалтасында 100000-даған ақшасы жатсада, досына көмекке 1000 теңгесінде бермейді екен. Сөйтіп өмір өтеді... Сағаттап күндер өтеді, айлап жылдар өтеді. 4 жыл зу етіп өте шығады... ......
Курстық жұмыста қарастырылып отырған Кіші Алматы өзені-СЭС-тен 164 (171) км жоғары бекетінің жалпы физико-географиялық сипатын, климаттық факторларын, гидрологиялық зерттелгендігін және су режимінің жалпы жүру кезеңдері айқындалған. Жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттеу жұмыстары кезіндегі мәліметтер бойынша есептік тұстамадағы өзен ағындысының барлық сипаттамаларын анықтау болып табылады. Қарастырылып отырған жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің орташа, ең жоғарғы және ең төменгі су өтімімен қамтамасыздық қисығы тұрғызылды. ....