Жоғарғы мектеп реформасы жоғарғы оқу орнының дене шынықтыру мұғалімдерінен, спорт түрлері бойынша жаттықтырушылардан дене шынықтыру жөніндегі лекцияларда және практикалық сабақтарда пән бойынша теорияны және практиканы беру әдістемесін одан әрі жетілдіруді талап етуде. Осының негізгі мәні – студенттердің дене шынықтыру мен спорт бойынша білімін тереңдете түсу, денсаулықтарын нығайту. Сабақ беру, оқыту халық шаруашылығының болашақ мамандарының өздеріне салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті дарытатын, дене қасиеттерінің жұмысқа қабілеттерін жетілдіретін, олардың болашақ мамандықтарын игерулеріне ықпал ететін сабақтарға қызыға-ынтыға қатысуларына бағытталған болуға тиіс. Жастардың осы бір нақтылы спорт түрін меңгеруге деген мотивтелген қызығушылығы арқылы олардың дене қасиеттерін тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, академиялық топтардағы сабақтарда медицина университеті студенттерінің дене қасиеттерін даярлаудың бастапқы кезеңінде самбоның техникасы мен тактикасын зерттеудің зор маңызы бар. Біз спорттың самбо секілді түрінің негізінде, жоғарғы дене шынықтыру емес оқу орнының студенттерінің дене қасиеттерін тәрбиелеудің ең ұтымды тәсілдерін, әдістерін және түрлерін іздестіруге кірістік. ....
КІРІСПЕ Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін. Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. ....
Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру. Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. ....
Кіріспе Информатика - жас ғылым, ол адамзат қызметінің әртүрлі өрісінде қолданылатын информацияны іздеу, жинау, өндеу және пайдалануға байланысты сұрақтарды зерттейді. Қазіргі информатика ғылымын адамзат ЭЕМ-нің көмегімен арқылы ғана қабылдайды және қолдана алады, ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Біздің елімізде алғашқы ЭЕМ-дер ХХ-ғасырдың ортасында пайда болды. Осымен қатар адам қызметінің жаңа сапасы - программалау дами бастады. ЭЕМ-де программалау инфоматиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі заманғы есептегіш техника – оның материалдық базасы. Орта білім беру жүйесінде « Информатика » пәнінің ролі ақпараттық білімнің ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етуде және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылады. Орта мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаттарында, алдымен оқушыларға ақпаратты өңдеу, беру процестері туралы білімді меңгерту жатады. Бұған қосымша, оқушылардың оқу процесінде компьютерлік технологияны өзіндік меңгеруді іске асыру құралы ретінде қолданылуы сондай-ақ, кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру мақсаты да көзделеді. Осы тұрғыдан алғанда, ақпараттық өңдеу, беру және қолдану да үлкен маңызы бар «мәліметтер қоры», «мәліметтер қорын басқару жүйелері» деп аталатын информатиканы қарастыру да қажетті болып табылады. Информатиканы оқыту әдістемелерінің толық еместігін басты назарына (яғни мәліметтер қоры, мәліметтер қорының басқару жүйелерінің информатика оқыту бағдарламасындағы сағат санының аздығы), «Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелерін» оқыту барысы әдістемесіндегі негізгі тақырыптардың бірі болып табылады. Microsoft Access - 1993 жылы ең танымал МҚБЖ-нің (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) бірі болды. Access – сөзі, ағылшын тілінен аударғанда « КІРУ » (доступ) – деген сөзді білдіреді. Талқыланған, индекатифті және интегралданған қосымшаны құру Access жүйесінің иілгіштігіне қарамастан, қосымша программалау көмегімен белгіленеді. Бұл информатикадан лобораториялық жұмыстар жүргізу мақсаты, өткен материялдарды қайталау емес, жаңа тақырыптарды ұғыну процесіне байланысты. Қазіргі заманда информацияны өңдеуде негізгі тамырының бірі Microsoft Access программасы кең түрде қолданылады. Мәліметтер қоры- бұл адам қызметіндегі әртүрлі салаға қатысты ақпараттарды сақтайтын жүйеленген орын. Компьютер пайда болғанға дейін бұл ақпараттардың барлығы папкада немесе картотекаларда сақталған. Әрбір қағаз бетінде немесе карточка, мәліметтерді толтыру үшін қалдырылған бос орындары бар форма бланкы басылған. Мысалы: студенттердің жеке карточкасында фамилиясын, атын, әкесінің атын, туған күнін т.б. мәліметтерді көрсететін графаларды толтыру керек болды. Жеке студентке қатысты ақпараттар бірнеше карточкаларда сақталды. Бұл жағдай қызметкерлер үшін қолайсыз болды. Керекті ақпаратты іздеу тіптен қиын болды. Анықтама алу үшін жүздеген жеке корточкаларды ақтаруға тура келді. Microsoft Access МҚ пайда болып көптеген проблемаларды жоюға мүмкіндік берді. Microsoft Access қазіргі заман талаптарына сай мәліметтерді өңдеу, жинақтау, тарату және сақтау жұмыстарын атқарады. Microsoft Access программасын осы дипломдық жұмыста толығымен қарастырылып, практикалық жүзінде мәліметтер қоры құрылып эксперимент түрінде мәліметтер енгізіліп өңдеу жұмыстары жүргізілді.
І ТАРАУ. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР Мәліметтер қоры - бұл информацияны сақтау үшін арналған ұйымдасқан құрылғы. Мәліметтер қоры түсінігімен МҚБЖ түсінігі тығыз байланысты. Бұл программалау тәсілінің комплексі, ол жаңа база құрылғысын құру үшін , оның құрамындағы толықтыруларды редактірлеу және информацияларды визуализациялауға арналған. Қора информацияларын визуаализациялау – деп, мәліметтердің көрінісі берілген критерийлермен сәйкестігін түсінеміз. Олардың реттелуі, сипатталуы және келесі құрылғыларды шығару немесе байланыс арқылы жіберу. Дүние жүзінде көптеген МҚБЖ бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі обьектілермен жұмыс істеп және қолданушыларға әр түрлі функциялар мен амалдарды ұсынатындығына қарамастан, МҚБЖ көп бөлігі негізгі түсініктегі бір ғана орнату комплексіне сүйенеді. Ол бізге МҚБЖ барлық класының түсінігін, әдістері мен тәсілдерін бір системада қарауға мүмкіндік береді. Microsoft Access обьектілерімен жұмыс істеу үшін арналған, бұған мәліметтер қоры таблицасы жатады, сұраныс және мәліметтер қоры жұмысына қосымша обьектілер: форма, есеп беру, беттер, макростар мен модульдер.....
1993 жылдың наурызында «Қазақстан Республикасын Ұлттық Банкі» туралы жаңа Заңы қабылданды. Соған сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкінің басқару қүрылымдары терең өзгерістерге үшырады. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық Банк заңды түрде танылды, ал шын мәнісінде ол 1992 жылдың бас кезеңінен нақты жүмыс істей бастаған болатын. Ұлттық банк жаңа заңға сәйкес жаңа басқарма сайлады, оның қүрамына Президент әкімшілігінен, Парламент аппаратынан, Үкімет пен Қаржы министрлігінен өкілдер кірді. Өз ұлттық валютамызды еңгізу қажеттігі 1991 жылдың аяқ шені мен 1992 жылдың бас кезінде айқын болды. Валютамыздың күрделі процесі ақша реформасымен түспа-түс келіп жоне мән-жайы белгілі бір қиындық туғызды. Оның үстіне ақша реформасы өз ақшасы, өз валютасы бар жерде жүргізілетіні белгілі ғой. Сонымен бірге, алтынның, күмістің және басқа да асыл металдардың жеке меншік банктер мен жеке тұлғаларға жылыстауы туралы қауіптер Мәскеудегі Орталық, Ұлттық, Резервтік және басқа да мемлекеттік банктерді орағыта алтын қүймалық жинақтамалардың даму үрдесін ескере отырып, орын алды. Осы жағдайда республикамызда Жоғарғы Кеңес төралқасы мен сессисының шешімін шапшандатқаннан басқа амал қалмады. 1991 жылдан 1993 жылдың бас кезіне дейін 1 доллардың шамамен 100 рубльге ара қатынасы 1 доллар 980-990 рубль ара-қатынасына дейін көтерілді. Уақыт өтіп жатты және жорамалданған 1 теңге — 1000 рубль арақатынасы туралы айтуға тура келді... ....
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік. Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. ....
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда мамандандырылған дене мәдениеті жүйесі осы қоғамда өмір сүретін адамдардың денсаулығын нығайтумен қоса, жеке тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қасиеттердің жан-жақты жетілуіне барлық қызмет аясын бағыттаған әлеуметтік ұйым болып табылады. Қазақстан Республикасының бағытты даму жағдайында дене мәдениеті жүйесін жан-жақты жетілдірудің мүмкіндіктері кеңейді. Дамып келе жатқан қоғамның құрамдас бөлігі бола отырып дене мәдениеті жүйесі жалпы халықтық кемелденген әлеуметтік жүйенің барлық белгілерін иемденген. Мәдениеттің дамуы, қоғамдық қатынастардың, адамдардың да жан-жақты дамып қалыптасуына әсерін тигізді. Сонымен бірге, адам баласы қоршаған ортаға бейімделу арқылы тәрбиеленіп қана қоймай, табиғатты өзгертуге себепкер болды. Қоғамдық қатынастың саяси және экономикалық бағыт алуы дене мәдениетіне елеулі өзгерістер әкелді. Бұл жағдай спорт жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, пайдаланылатын құрал-жабдықтарын, қолданылатын жаттығуларының түрлерін дамытуға ықпал жасады ....
Тақырыптың көкейкестілігі. Бүгінгі таңдағы қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарында дене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан-жылға аурулардың саны көбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Осыған орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса [1996 ж.], 1997 жылы «Қазақстан-2030» бағдарламасын жолдады. ....
Нарықтық қатынастардың технологиялық өзгерістерінің тез әрі қарқынды түрде дамуына байланысты бәсекеге қабілеттілікті тек материалдық және қаржылық факторлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын жоғарлататын құрал ретінде ұйымның қызметінде материалдық емес сипаттағы факторларды қолдану экономикалық қатынатарға түсушілердің ерекше қызығушылығын арттырады. Айналымдағы емес құралдардың құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйымның нарықтық құнын ұлғайтады, инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады, қиянатшыл бәсекелестіктен қорғайды, сыртқы және ішкі нарықта бәсекелестіктердің артықшылықтарын қамтамасыз етеді. Алайда, материалдық емес активтер объектілерін құрғанда, қайта бөлгенде және коммерциялық айналымға қатыстыру кезінде оларды қолданумен, есептеумен, басқарумен, аудитпен және талдаумен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, материалдық емес активтер объектісінің нақты сыныптамасының болмауы, материалдық емес активтер объектісінің есебінің, талдауының және аудитінің әдістерінің теориялық жетілдірудің жетіспеуі сияқты және басқа да мәселелер зерттеу үшін бүгінгі күні біршама өзекті болып келеді. Айта кететін жай, бұған дейін біздің елімізде материалдық емес активтер түсінігінің өзі болмаған. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай бұл түсінік Қазақстандық бухгалтерлік есеп теориясына кіре қоймай, сонымен қатар тәжірибеде қолданыла бастады. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті көптеген сұрақтар туғызады, бұл зерттелетін тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын және қажеттілігін куәландырады. ....
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірбиесінде түбегейлі өзгерістер болды. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен кәсіпорындардың қаржы-шарушылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін жасауды қажет етеді. Есеп тіркемелерінде шарушалық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтынығын тәжірбие көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алаып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейді. ....