Cәбит Мұқанов (Жер айналған жалауым)
Құлпырып мың, бақтың балғын гүлінше,-
«Қемпірқосақ» аспан, жерді қосақтап,
Жер аспанның лентасына ілінсе.
Желігетін еді ақын қиялы да
«Көкті көрмей,- деп.....
![]() |
Фото: golos-ameriki.ru |
"Біздің елімізге көңіл бөліп, біздің стратегиялық бағдарламамызды талқылауға, пікір білдіруге келгендеріңіз біз үшін өте бағалы. Былтыр желтоқсан айында мен "Қазақстан-2050" стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің біріне айналуын көздейді. Осы мақсатқа жетуге біздің еліміздің толық мүмкіншілігі бар. Біздің Тәуелсіздік жылдардағы жетістіктеріміз осыған дәлел бола алады", - деді Елбасы шетелдік меймандарға қаратып айтқан сөзінде.
"Бүгінгі талқылаулар барысында сіздердің ұсыныстарыңыз біздің бағдарламаны толықтырып, бізге дұрыс қадамдарды таңдауға көмектеседі деген ойдамын", - деді Мемлекет басшысы. Айта кетейік, аталған форумға белгілі ғалымдар, бірқатар елдердің мемлекет және саяси қайраткерлері қатысуда.