Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаңыз, себебі…

Көпшілігіміз шай немесе кофе ішу үшін шәугімді отқа қойып өшіруді ұмытып кетеміз немесе қайнаған соң өшіріп, біраз уақыттан соң қайта қайнатып жатамыз. Бірақ суды екі рет қайнатудың зиян екенін біле бермейміз. «Сонда суды қайта қайнатудың зияны қандай?» дейсіздер ғой? Себебін қазір білесіз!

Су қайнаған соң құрамын өзгертеді, ондағы зиянды заттар буға айналып кетеді. Алайда су тым ұзақ немесе қайта қайнайтын болса, оның химиялық құрамы өзгеріп, зиянды заттар буға айналудың орнына суда жинақталып қалады.

1. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «судың құрамындағы мышьяк (күшәла) адам ағзасына аса зиянды» дейді. Ағзаға біртіндеп жинала берген ол, ішек-қарын жолдары, жүйке жүйесі, жүрек-қантамырлары ауруларына, сондай-ақ бүйрек жұмысының бұзылуына, терінің зақымдануына және диабетке алып келуі мүмкін.
2. Су қайта қайнағанда ондағы нитраттар канцерогендік нитрозаминдерге, яғни зиянды заттарға айналып шыға келеді. Ал олар қатерлі ісіктің: тоқ ішек қатерлі ісігі, қуық қалбыршағы, асқазан асты, өңеш және асқазан қатерлі ісігі түрлерінің пайда болуына себеп болады.
3. Судағы фтор да ағзамызға зиянды екені дәлелденіп қойған.

Сондықтан шай ішерде өзіңізге қажетті мөлшерді ғана қайнатыңыз және өшіруді ұмытып кетпеңіз немесе қайта қайнатпаңыз! Бұлайша сіз әрі ысырапқа жол бермейсіз, әрі денсаулығыңызға да зиян келтірмейсіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады