Құқық | Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс - әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе – тең ие. Азаматтық – құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . ( Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар , құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады )....
Рефераттар
Толық

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

«Адамзатқа ең алдымен білім емес тәрбие берілу керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп жерлесіміз ғұлама ғалым Әл-Фараби айтқандай, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тәрбиенің нәрлі дәнін егетін ең басты ошақтың бірі мектеп болса, сол тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы. Қазіргі уақытта руханилық пен адамгершілікке негізделген, демократия мен гуманизм ұстанымдарына сәйкес білім беру мен тәрбиелеудің қазақстандық үлгісі жүзеге асырылуда. Қазақстандық ұлтжандылықты, азаматтықты, рухани құндылықты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбие беру жұмысының 12 бағыты айқындалды.......
Шығармалар
Толық

Еліміздің әнұраны- азаматтық асқақ рухтың жаршысы

Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды.
Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......
Шығармалар
Толық

Азаматтық кодекс | Шарт конструкциясы

К і р і с п е
Курстық жұмысын мазмұндамас бұрын, осы тақырыптың бүгінгі күндегі өзектілігіне тоқталған жөн.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде Азаматтық құқықтық қатынастарды, әр түрлі күрделі шаруашылық байланыстарды реттеу тәсілі ретінде азаматтық құқықтық шарттардың ролі жоғарлай түсті.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында әртүрлі жаңа қатынастар туындауда, оларды шарттың бір түрімен қамту мүмкін емес шарттардың екі немесе бірнеше түрлерінің нормаларымен ғана оларды реттеуге болады.
Азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген ол жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да болашақта болу мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасын өтпелі кезені үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.
Нарықтық экономика жағдайында шарттардың басым көпшілігі еркін жасалады.
Азаматтық кодекстің жалпы бөлімін сипаттауда тауарларды өткізу жұмыстарды орындау және қызмет көрсетуді сонымен бірге тепе-тең айырбас негізінде құралатын кейбір қатынастарды реттеу шарт еркіндігін қамтамасыз ететіндей болып құрылғанын жалпылай атап өтуге болады, сонымен қатар оларға қатысушылардың құқығы бүтіндей салады және соған сәйкес шарттың қатынастардың жекеленген түрлеріне жауапкершілік тетігін толықтап реттеу және бекіту арқылы жоғары кепілді қорғалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Тауар жеткізілім шарты

ТАУАР ЖЕТКІЗІЛІМ ШАРТЫ
Тауар жеткізілім шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілім шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым саттық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілім шарты тауарлы – материалдық құндылықтарды экономиканың кез-келген салаларында үлестіруге мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарстыруға әкелді. Осының нәтижесінде тауар жеткізілім шарты әкімшілік жоспарлы болып танылмайды.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандыру күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілім шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие қылады.
Тауар жеткізілім шартының елеулі айырмашылықтарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық құқық | ТАЛАПТЫҢ ТҮСІНІГІ

І ТАЛАП ӨНДІРІСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ.
Жеке адамдар мен заңды тұлғалардың Конституцияның Құқықтарын соттың қорғауы осы тұлғалардың сотқа талап арыз беру жолымен және талап өндірісіне жатпайтын істер бойынша шағым беру арқылы іске асырылады.АіЖ нормаларына сәйкес әрбір мүдделі өзінің бұзылған немесе дау тудырып отырған құқын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот қорғауына құқылы.Осы құқығынан бас тартудың күші жок.Заңмен мүдделі адамның талаптарының сипатына карай нақты азаматтың істерді қараудың қатаң процедурасы да көрсетілген.(Мысалы;Талап өндірісі,Әкімшілік-құқықтың қатынасынан туатын істер бойынша өндіріс,ерекше өндіріс).Талап өндірісінің бірінші аталуы жайдан-жай емес.Бұл азаматтық істерді қараудың негізгі процедурасы.Себебі тұлғалардың талаптарының көпшілігі құқық туралы даулардан туындайды.Талап өндірісін реттейтін процессуалдық нормалар бүкіл азаматтың сот өндірісі үшін,Жалпы ережелер сипатында болады.Егер заңмен арнайы өзгертулер мен қосымшалар қарастылмаса,кез келген азаматтың іс осындай осындай ережелер қаралады.
Талап өндірісінің қозғау құралы талап қою болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық құқық | Талап өндірісінің түсінігі және маңызы

Кіріспе
Талап өндірісінің құқығы және әр түрлі ұғымдар. Талап өндірісі туралы айтылғанда еңбек өнімдерінің тиісті нысандарын иеленумен шарттастықтағы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы сөз болады.
Талап – қоғам өмірінің шарты. Талап өндірісінің сипатындағы экономикалық санат болса, ал меншік құқығы қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.
Талап өндірісі объективті және субъективті мағынада түсініледі. Объективті мағына бойынша талап құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдерін иелену, пайдалану және оларға билік ету қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Талап өндірісіне субъективті мағынасында – белгілі бір адамның нақты мүлікке қатысты құқығы болып табылады. Талап өндірісінің иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары тиеселі. Бұл құқықтар, дәлірек айтқанда, меншік иесінің құқық өкілеттілігінің яғни адамдағы талап өндірісінің мазмұнын құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық ұғымы және оның маңызы

Кіріспе
Көлік Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасайды. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау шартарының қызметтік рөлі бұл маңызды міндеттерді тікелей өмірге енгізумен тұжырымдалады.
Біздің елімізде темір жол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль және құбыр жолы тәрізді көлік түрлері бар.
Олардың әрқайсысындағы тасымалдың өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ өзіндік құқықтық реттеу тетігі бар.
Көлік қызметіне байланысты қатынастар 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасындағы көлік туралы Заңымен, сондай-ақ, басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Тасымал бойынша қатынастарды реттейтін маңызды нормативтік актілерге көліктің барлық ұйымдары үшін орындауға міндетті, бірақ тасымал қызметін пайдаланатын барлық кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар үшін міндетті емес Кодекстер мен Жарғылардың негізінде және дамуында көлік және коммуникация министрлігі шығарған ережелер, түсініктер жатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық құқық | Мұрагерлік құқық қатынастары

Кіріспе
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі. Мұрагерлік тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасап, бірге дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде, адамдардың қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық, балық аулау құралдары, жабайы терілер, үйді ұстауға жабдықтар, т.б. адам өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан-руға қалып отырған. Сонымен, мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар бойы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге асыру қазіргідей мемелекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Әдет – ғұрып, дәстүрді орындамаған адамға рудан (тайпадан) шығару қаупі туындады. Ал тайпадан (рудан) шығарылу нәтижесі ашық өлімге әкелетін еді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Азаматтық кодекс | Мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар

К і р і с п е
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Мұндай саяси және экономикалық бетбұрыстардың нәтижесі жаңа нарықтық қатынастардың пайда болуына, әлемдік шаруашылық байланыстарға кіруге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызды. Ашық типті экономика құруының құқықтық негізі жеке меншікті мойындау мен қорғауды, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциялық ережелері болып табылады.
Әлемдік шаруашылықтың қазіргі жағдайы соңғы онжылдықтарда әртүрлі мемлекет экономикаларының ғаламдастыру үрдістің кеңеюімен және тереңдеуімен айқындалып отыр. Шаруашылық өмірді ғаламдастыру бағыттарының бірі болып капитал экспорты табылады, атап айтқанда шетелдік инвестициялар. Тікелей шетел инвестициялардың ең көп бөлігі экономикамыздың мұнай және газ секторларына құйылып жатыр.
Қазақстанда мұнай өндірісінің бастамасы 1898 жылға жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық