Чарлз Дарвиннің эволюциялық теориясы

Эволюциялық теория баяндалған Ч. Дарвиннің негізгі еңбегі "Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен шығуы немесе Тіршілік үшін күресте іріктелген түрлердің сақталуы" деп аталады; ол 1859 жылы жарық көрді. Бұл басылымның сол кез үшін аса ірі таралымы — 1250 дана — бірінші күннің өзінде сатылып кетті. Бұл еңбектің пайда болуына 30 жылғы ғылыми ізденістер мен ойлар негіз болды.
Экспедицияға қатысу. 1831 жылы Дарвинге "Бигль" әскери кемесінде табиғат зерттеушісі ретінде жер шарын айналған бес жылдық сапар шегу ұсынылды. Жас зерттеуші жер шарының шалғай аймақтарын зерттеу мүмкіндігін алды.
Оңтүстік Америкада Дарвин алып жалқауаңдар мен сауыттылардың қазба қалдықтарын тапты. Бұл жануарлардың қазіргі кезде тіршілік ететін түрлері өліп біткендеріне өте ұқсас болды, бұл Дарвинде осы организмдердің арасында туыстық байланыстың болуы мүмкін деген ой туғызды.
Галапагосс жанартау аралдарында Дарвин құнақтардың сан алуан түрлерін кездестірді, олар тұмсығының пішіні мен құрылысындағы ерекшеліктеріне қарамастан, материктегі құнақтарға өте ұқсас болды. Дарвин құстар бір мезгілде материктен аралдарға түсті де, әртүрлі қорек көздеріне (қатты тұқым, жемістер, жәндіктерді жеуге) бейімделіп түрөзгерді деп болжады.
Австралияда ғалымды ежелгі ерекше фауна — жер шарының басқа жерлерінде бұрын өліп біткен қалталылар мен жұмыртқа салатын сүтқоректілер — таңғалдырды.
Саяхат Дарвиннің ғылыми көзқарастарының қалыптасуында шешуші рөл атқарды.....
Рефераттар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы