Философия | Қазақ күй философиясы

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын өзінің атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақтап, қымбат қазынасына айналдырған ұлттық дәстүрлі музыка өнері болады. Ол негізінен вокалды (дауысты) және аспапты болып екі түрге бөлінеді. Ұлттық өнердің негізін қалаушылар – халаық арасынан шыққан дарын иелері, халық композиторлары.
Қазақ халқының аспапты музыкасына күйлер жатады. Күйлер қазақтың ұлттық болмыс бітімімен, сана сезімімен тығыз байланысып, өмірінен қуат алған, рухани өмірдегі дәстүрлі өнердің ішіндегі ең күрделі, тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы.
Ұлттық мәдениетіміздің құнарлы арнасына жататын күй өнері өзінің өміршеңдігі, халыққа етене жақындығымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Күйлер ел арасынан шыққан құйма-құлақ дарын иелері арқылы толыса дамып, ұлттық өмір-тіршілігімен тығыз байланысып, ел өмірінің рухани серігі болды.
Музыка саласында күй өнері өз алдына күй жанры болып қалыптасты.
Ғасырлардан ғасырларға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып, қастерлей білгеніміз жөн. Бұлардың адам жадынан түспей бірге жасасып келуінде табиғилық басым болатындығында. Олай болатыны бізге жеткен әрбір күйдің сарынынан ата-баба өмір сүрген ежелгі ортаның кескін-келбетін, соған тән құбылыстар мен оқиғаларды көргендей, бүкіл жан дүниеңмен сезінгендей күй кешесің. Бейнелеп айтар болсақ, күйлерден аспан мен жер аралығында адам танып түсінер, табындырар іс-қимыл әрекеттердің түр-түрі орын алып жатыр.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

КІРІСПЕ
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер.
Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетанымы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм). Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан, Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік. Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік - прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты, еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр. Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді. Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин, Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың, С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың "Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев,А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин, А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов, С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа алдық.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек.
Тек өзіндік дұрыс сана – сезім қалыптастыра алу арқасында ғана қоғам дұрыс бағыт ала алады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: дәстүрлі түсініктегі тоталитаризмнің басқа да түрлерін көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

Кіріспе
XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Шәкәрім Құдайбердіұлының философиясындағы адамтану бағыттары.

Кіріспе
Бүгінгі күні халқымыздың рухани мәдениетінің тарихына, әсіресе оның гуманистік және ұлттық көріністеріне деген қызығушылық пен ынта бұрын болып көрмеген дәрежеде өсіп отыр. Өткеніміздің прогрессивті философиялық дәстүрін оқып үйрену қоғамдық сананың даму заңдылықтарын тануда қазіргі теориялық ойды тереңдетуде және өзіміздің ғылыми танымымызды кеңейтуде маңызы өте зор.
Жан-жақты жетілген адам мәселесі бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда өзінің маңыздылығын жоймаған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біз соңғы уақытқа дейін “коммунистік манифесте” негізделген принциптер бойынша, коммунизмнің моральдық кодексі бойынша, адамның социалистік идеалына, яғни жеке тұлғаның мүддесі қоғамдық мүддеге тәуелді болу принципі тұрғысынан тәрбиеленіп, соны идеал тұтып, бар болмысымызды соған сәйкестендіре өмір сүрдік. Соңғы жылдары елімізде, Кеңес өкіметі кеңістігінде, жалпы дүниежүзіндегі түбегейлі өзгерістерге байланысты бұрынғы құндылықтар өзінің мән-мағынасын жойса, жаңа құндылықта әлі бой көтере алған жоқ. Тек саяси- әлеуметтік немесе экономикалық емес рухани өмір тұрғысынан да транзиттік өтпелі кезең жағдайында өмір сүріп жатқан біздің еліміз үшін болашақты, алдағы мақсат- мүддені айқындау соған жету үшін белгілі бір әлеуметтік идеал моделінің түрін жасау арқылы адамдарды тәрбиелеу,олардың мүмкіндігінше, бүгінгі күн талабына сәйкес келетін жан-жақты жетілген адамды, немесе ұлы Абай айтқандай “Толық адамды” тәрбиелеу қазіргі Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да адамшылық абырой-қасиетті қалпына келтірудегі күресте Адамды, тұлғаны өз ұжданының бастапқылығын, тазалығы мен тұнықтылығын сақтауға шақырған Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ойшылдарымыздың пафосы мен философиялық концепциясы зор көмек берері сөзсіз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі

КІРІСПЕ
Көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін, оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуга арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әртүрлі нұсқаларын әзірлеу әрбір оқытушының негізгі жұмысы болып табылады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне -байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі-электрондық оқулыктар дайында болып отыр. Ал оларды оқыту процесіне қолдану-сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Электрондық оқу материалдарын әрбір оқытушының, тіпті болашақ мұғалім-бүгінгі студенттің дайындай білгені жөн.
Сондықтан біз осы мәселелерді ескер— отырып, курстық жұмысымыздың тақырыбын «Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі» деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Физика сабақтарында «Жылу құбылыстары» тақырыбына әдістеме жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Астрофизика | Астрофизика және Әлем эволюциясы

Жоспар:
1. Ғарышты зерттейтін ғылым.
2. Ғарыштық экспедициялар.
3. Галактикалар.
5. Ғарыштағы жер.
6. Ғарыштық тастар.

Бір жыл - Жерге Күнді бір рет айналып шығу үшін қажет уақыт. Күннің айналасындағы 938 886 400 км жерді айналып шығу үшін Жерге 365, 24 күн қажет. Жердегі жылдың ұзақтығы дегеніміз осы. Өзге планеталардағы жылдар ұзағырақ немесе қысқарақ болады, бұл олардың әрқайсысына Күнді айналып шығуға қажет уақыт көлеміне байланысты.

Біздің білуімізше, Күн жүйесінің бірде - бір өзге планетасында тіршілік жоқ, сондықтан Жер тіршіліктің болуымен ерекшеленеді. Күн қатардағы жұлдыздардың бірі болар, алайда оның маңындағы үшінші планета (Жер) өзгелерден бөлек. Жер суды қайнатып жіберердей ыстық та және су қатып қалатындай суықта емес. Ол оттегіден тұратын атмосфераны қамтиды. Су және оттегімен Жерде тіршілік басталып, өркен жайды.

Ғалымдар Жер планетасын геосфера деп атайды. Біз өмір сүретін сыртқы қатты бөлігі - биосфера. Оның қабаттарын атмосфера қоршап жатыр. Жер ішінде де осындай қабат бар. Ортасында қатты қысымнан сығылған никель мен темірдің қосындысынан тұратын қатты ішкі ядро бар. Ядроны қоршап жатқан тау жыныстары ыстық және сұйық болады. 1500 жылға дейін адамдардың көпшілігі Жер әлемінің ортасында орныққан деп ойлаған. Оларда Күн және өздеріне таныс өзге планеталар сфера құрамында Жерді айнала қозғалып жүретіндігі туралы сенім қалыптасқан. Польшалық ғалым Николай Коперник (1473 - 1543) Күн Әлемінің ортасында орналасқандығы, ал Жер өзге планеталармен бірге Күнді айналып жүретіндігі жайлы бастапқы болжам келтірген. 1762 ж. Джек Кассини және Джин Ричер деген екі астроном алдымен Марсқа дейінгі қашықтықты, сонан соң геометрияны қолданып, Жердің Күннен қаншалықты алыс орналасқанын тура есептеп шығарған (147 және 52 миллион км). Бүгінгі таңда ғалымдар планеталар арасындағы қашықтықтарды, лазерлік немесе радиолокациялық сәуле шоғыларын оларға қарай атқылай отырып өлшейді. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Информатика | Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуы тиімділігі мен кері әсері

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Adobe Photoshope бағдарламасы
2. 2 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі
2. 3 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
І. Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңдағы ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т. б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен кері әсеріне тереңінен талдау жасалынады.
Зерттелу деңгейі. Бұл тақырып Отандық зерттеушілер тарапынан аз қарастырылған. Жұмыста негізінен ресейлік және американдық ғалымдардың еңбектері қолданылды: Берт Монро «Применение Adobe Photoshop в рекламе», 2005 жыл, A. H. Назайкин «Иллюстрирование рекламы», 2005 жыл. Бұқаралық ақпараттар құралдары мен интернет сайттары пайдаланылды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау. Міндеттері:
Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру;.....
Ғылыми жобалар
Толық

География | Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев

Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Кіріспе
Әрбір тарихи кезең өзіне сай көсемдері, шешендері, батырлары, бастаушыларды іріктейді. Олар қоғамдық өмірдің «тар жол, тайғақ кешулерін»табандылықпен бастан өткізіп, жалындай жанып, жұлдыздай жарқырап, келешек мәселелерін елінің, жерінің, туған халқының мәңгілік мүдделерімен байланыстыра біледі. Отан болашағы алдындағы жан-жақты жауапкершілік, адамгершілік, ақыл, парасат, қажырлы қайрат, шебер ұйымдастырушылық қабілет таныта білген тұлғалар тарих төрінде, тарихи жадыда қала береді.
Біздің Ғаниымыз қазақтың Ғани Мұратбаевы осы алып тұлғалар тобында. Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі болған қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер күшпен ақыл –парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады......
Ғылыми жобалар
Толық