Тұрсынғалиды жұбайы Тұрдықанның жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сарбазым кетіп арадан,
Қайғыға батты бар адам.
Ауру, әлсіз, жетімге,
Жан еді көп қараған.
Содыр жолын қоймайтын,
Жақсыларды қолдайтын.
Жанындай жақсы көретін,
Социалистік жолды айқын.
Алты қанат ақ ордам,
Шаңырағы шағылды-ай.
«Жетім-жесір» деген ат,
Бізге де келіп тағылды-ай.
О, дүние, арман-ай,
Рақымсыз ажал алғаны-ай!
Ешкімге опа бермеген,
Опасы жоқ жалған-ай!
Өмір бойы жалғасар,
Таусылмас мәңгі арман-ай!
Айналайын арысым,....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды келіні Қалиманың жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын ағайын,
Мұңымды айтып шағайын.
Ағекем кетіп арманда,
Дерттенді көңіл сарайым.
Ағекем, ақыл сәулетің,
Тойтарушы едің жау бетін.
«Ер намысы—ел ісі»
Деуші едің аға, дәулетім.
Жайраңдап жүрген күн қайда?
Тас жүрек тағдыр мұндай ма?
Ағеке, сізді ойласам,
Көз жасым менің тоқтай ма?
Әділет еді сөз басы,
Ағекем еді ол басы.
Істерің ізгі арман боп,
Төгілді көптің көз жасы.
Ел сұлтаны арысы-ай,
Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»....
Өлеңдер
Толық

Тұрсынғалидың сүйегімен қоштасу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кеттің бе енді, кеттің бе,
Бұл дүниеден өттің бе?
«Жесірлік» деген сұм тағдыр,
Басымды бүркеп жеттің бе?
Өлсемші, Алла, өлсемші,
Мені жұртым көмсеңші.
Арысым қалып, мен өліп,
Ел-жұртпен бірге жүрсеңші.
Жан үнім шықты-ау сызылып,
Арманым сөнді-ау үзіліп.
Бір ауыз тіл қатсаңшы,
Елің тұр тұтас тізіліп.
Машина мынау қаптаған,
Қара жерді таптаған.....
Өлеңдер
Толық

Оқуға шақыру А Байтұрсынов (3 сынып, I токсан)

Пән:Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы:Оқуға шақыру А. Байтұрсынов Оқуға шақыру
Оқу мақсаты: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу;
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: өлең мазмұнын түсінеді;
Көптеген оқушылар: өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңді түсініп оқи алады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады, бөліктеріне тақырып қояды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әйел - Айнұр Тұрсынбаева

Тіршілікте теңдесі жоқ,
Жүрегі аппақ, жаны нұр.
Жер бетінің бар ғажабы,
Əйелдер ғой, бəрібір!

Біздер үшін өлді қанша,
Ақ гүл, қызыл....

Өлеңдер
Толық

А Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі (5 сынып, III тоқсан )

Сабақ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: А Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.Т/Ж4.Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, нұсқаулық жазу.
Сабақ мақсаты:
Шығарма үзіндісін жатқа айту;
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;
сыни хабарлама жазу үшін нұсқаулық жазу.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ахмет Байтұрсынов (Өгіз бен бақа)

Бір Өгіз айдын шалқар көлге келді,
Жағалап суаты бар жерге келді.
Шілденің сарша тамыз ыстық кезі,
Бек қатты қаны қашып шөлдеп еді.
Су ішіп, көлдің шықты жағасына .....
Өлеңдер
Толық

Ахмет Байтұрсынов (Үлес)

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып .....
Өлеңдер
Толық