Қазақ тілі | Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бітіру жұмысымызда тіл таңдау мәселесін және оның қолданылу салаларын қарастырамыз. Зерттеу нысаны қоғамдағы тіл таңдау және оның қолданылу салалары болғандықтан, оның анықтамасын кең көлемде аша отырып, тілдік таңдау салаларын өмірдің әртүрлі жағдайында пайдалануын қарастыра келіп, тіл таңдау мәселесін нақты мәліметтер негізінде бір жүйеге біріктіру арқылы қарастыруды мақсат еттік.
Тіл таңдау қоғамның кез-келген адамына тиесілі құбылыс. Себебі, әрбір адамның ең бірінші қарым-қатынас құралы тіл деп танимыз. Мысалы: кез-келген тұлға қызмет бабында, оқу орындарында, көшеде, көпшілік жерлерде, дүкенде, теледидар көргенде, газет-журнал оқығанда міндетті түрде тіл таңдайды. Қоғамда бірнеше тілдер қатар өмір сүріп жатқан кезде, бір немесе бірнеше тілге таңдау жасалатыны анық.
Тіл адамның негізгі қарым-қатынас құралы болғандықтан тіл таңдау қоғамда ерекше орны бар құбылыс. Тіл таңдау тілдің белгілі бір жағдайларға байланысты қолданысқа алынуы, тұлғаның тілге көзқарасы кезінде анықталады. Көпұлтты мемлекеттерде тіл таңдау тілдік саясат мәселесі болып тұр. Сондықтан, осы бітіру жұмысымыздың өзектілігі қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздағы тіл таңдау мәселесі, тілдің қолданылу салалары төңірегінде. Республикамыздағы қалалық және ауылдық елді мекендер халықтарының тіл таңдау құбылысы, тіл таңдағандағы негізгі алға қойған мақсаттарының өзектілігі қарастырылды. Қоғамдағы үстемдікке ие, таңдаудағы негізгі тіл пайыз көрсеткіші бойынша анықталды.
Тіл таңдау кезінде үстемдікке ие болатын тіл қоғамның көп бөлігі сөйлейтін, ол тілдің саяси және экономикалық жағдайы, өмірдің барлық салаларында қолданыс таба білуі есепке алынады.
Зерттеу нысаны - жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары ықпалымен қарқынды өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау мәселесі; тіл таңдау және оның қолданылу салаларын кең көлемде зерттеп анықтау.
Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл таңдау көрсеткіштерін бақылау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сауалнама жүргізу, статистикалық, талдау, сипаттау. Қоғамдағы тұлғалардың тұрғылықты орындары, қызметі, жас ерекшеліктеріне байланысты тіл таңдауды анықтайтын әлеуметтік зерделеу барысында алынған сараптау әдісі. Қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы тіл таңдау құбылысын салыстырмалы әдіс арқылы бердік.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым – қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым – қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды. Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген, орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп, одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты белгісіне айналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | : Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі.

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Тіл – адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Тіл – адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, сөйлесуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзінде асырады.
Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазына. Әр алуан халықтардың әлем күмбезін өзінше жүйелеп, өзінше жобалап, қияли-ой құдіретімен бейнелеуге талпынған жалпы кеңістік пен уақыт туралы танымы, наным-түсінігі, сенімі қазіргі антропоцентристік және этноцентристік ұстанымдардың өріс алып отырған тұсында өзекті мәселелердің біріне айналуда. Адам баласының өзіндік субъективті пікірі мен теориялық ойлау қабілеті күллі тіршілік-тынысының, мән-мағынасы ретінде көрінетін біртұтас таным үрдісі арқылы ғана дүние сырын жете ашуға мүмкіндік алады. Жаңа дәуір – XXI ғасырға аяқ басқан тұста мейлінше жетілген, кемеліне келген ғылым мен өркениет рухани жүдеуліктен бас тартып, халықтың ішкі рухының берік сақтаушысы – тіл мен мәдениетке арқа сүйеуді мақсат етіп отыр.
Лингвистика тілдің белгілі бір дәуірдегі статикалық қалпын да, әр дәуірді қамтитын динамикалық күйін де зерттейді. Тілдің тарихи дамуы, диахрондық қалпы сол тілді туғызған, оны қатынас құралы ретінде қолданған қоғам табиғатымен тығыз байланыста қарастырылады. Осы тұрғыда тіл білімінде халықтың рухани және материалдық мәдениетінің шындық- болмысын тілдік жүйе арқылы анықтайтын – лингвомәдениеттану саласы қалыптасқан.
Табиғи шындық, ой мен сана тіл формасы түрінде іске асатын болғандықтан, адамзаттың таным үрдісі, өзін қоршаған дүние әлемді, ғарыш пен кеңістікті қабылдауды тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылым ескерусіз қалдыра алмайды. Мәдениет пен тілдің ара жігі туралы алғаш сөз еткендердің бірі, американдық ғалым Эдуард Сепирдің пікірінше, "мәдениет – халықтың ойлауының, іс-әрекетінің көрінісі, ал тіл – қалай ойлаудың көрінісі".
Тіл мен мәдениет – бір-бірінен ажырамайтын екі бірдей әлеуметтік құбылыс. Қоғамның өзі адамнан, ал адами жеке тұлғаның қалыптасуы тіл мен мәдениет бірлігінің тұтастығынан тұрады. Әр ұлт өз мәдениетін, ұлттық болмысын және тұрмыс тіршілігінің бейнесін тілінде сақтайды, тілі арқылы келер ұрпаққа жеткізеді. Тіл – мәдениеттің жемісі және оның құрамды бөліктерінің бірі, мәдениеттің қолданылуының бірден-бір шарты.
Қазақ тіл білімінде тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеу – бірнеше ғылым түрлерінің басын біріктіретін күрделі, ерекшелегі мол зерттеу салалрының бірі. Әлем бейнесінің небір құпия сырларын ұғынып түсінуге әрқашан қадам жасаған әрбір этностың ғасырлар бойындағы жеткен жетістіктері бүгінгі күнге жеткен мол қазынасы – тілдік бірліктердің этнолингвистикалық сипатын айқындаудың, яғни қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулердің қазіргі жағдайы, кейбір лексика-семантикалық топтар этномәдени семаникасының жүйелі ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау қажеттігін дәлелдейді.
Диплом жұмысы тілдің мәдени лексикасындағы әшекей бұйым атауларының тілдегі көрінісін лингвомәдени, этнолингвистикалық аспектіде қарастыруға арналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі

Кіріспе
«Аударма» деген түсініктің ауқымы өте кең. Бір тілден екінші тілге өлең, әр түрлі мазмұндағы көркем проза, ғылыми- көпшілік кітаптар, дипломатиялық құжаттар, іс- қағаздары, саяси қайраткерлердің мақалалары мен сөздері, газет материалдары, әр тілде сөйлейтіндіктен аудармашыға жүгінуге мәжбүр болатын адамдардың сөздері т.б. аударылады. Аударманың мақсаты- түпнұсқа тілін білмейтін оқушыны немесе тыңдаушыны берілген текспен немесе ауызша айтылған сөздің мазмұнымен неұрлым жақынырақ таныстыру: бір тілде жазылған мәтінді екінші тіл арқылы жеткізу. Сонымен қатар осы іс- әрекет арқылы алынған нәтиже, мәтін, туынды «аударма» деп аталады.
Аударма тарихында түпнұсқаның бұрмалануы, ондағы ойдың көмескіленуі сияқты жағдайлар өте көп болған.
Бұл әсіресе, көркем әдебиет пен қоғамдық- саяси еңбектерге қатысты.
Көркем әдебиет стилінің әдебиеттің тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде көркем өнері: туындының эстетикалық функция, прагматикалық сипаты- баршасы тілді иеленуші халықтың рухани- мәдени ұлттық танымның мүддесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылады. Көркем аудармаға екі түрлі талап қойылады; біріншіден, аударылып отырған шығарманың негізгі идеясының екінші тілде дұрыс берілуі, ал екіншіден, шығарманың көркемдік қасиетінің толық сақталуы. Соңғы талап сол аударылып отырған жазушының тек оның өзіне ғана тән тілектерін, белгілі дәрежеге сөз бояулары арқылы әдемі суреттелулері арқылы, характерлердің саналуан болып қабысулары арқылы бүркемелеп қойған жасырын сырларын аудармашының түсінуіне байланысты. Әрине аударма екінші тілде қайта жасалған көркем шығарма болғандықтан аудармашылар түпнұсқаны жай ғана түсініп қоймай, оны екінші тілге көркем етіп жеткізу үшін шығармашылық елегінен өткізеді. Бұл елек аудармашының күшіне, мәдениетне, аудармаға сіңірген еңбегіне қарай нәтиже береді.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады: табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сыры (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстармен психологиялық тебіреністер ашылады, тағысын тағылар. Бұлар кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек.
Жұмысымыздың тақырыбы «Ұлттық этнотұрмыстық белгілердің орыс тілінде берілуі»
Зерттеудің өзектілігі. Аударматану ғылымында түпнұсқа тілдері ерекшеліктердің сақталуына қатысты біршама зерттеулер жүргізілген. Аударылатын тілдің ұлттық бітімге негіздері қалай игерілгендігі турасында еңбектер аз.
Қазақ ғылымында дербес, арнайы, зерттеуді талап етіп отырған салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. «Аударма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып есею күйінде ғана екендігін» бұдан жарты ғасырдай уақыт бұрын М. Әуезов атап өткен болатын [1;3] Ғұлама жазушының тәржіма ғылыми – аударматану турасындағы тұжырымы маңызын жоғалтқан жоқ, өйткені қазақ филологиясында - әдебиеттанымдық жағынан да, тілтанымдық жағынан да – қазірге дейін аударма теориясының басты дәйектемелері, шешуші негіздері аударматану ғылымының объектісі мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері мен бірлік тұлғалары, аударманың нормасы, тәржіма ісіне қойылатын, талаптар сияқты маңызды жағдаяттардың оның- қанығы ғылыми тұрғыдан анықталған емес.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Ш.Құдайбердиев сияқты ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің белгілі өкілдерінің бірінің шығармашылығы әдебиеттану ғылымында бірнеше ғылыми зерттеулерге өзек болды. Ал оның шығармаларын тілдік және стильдік жағынан қарастыру мәселесі кенже қалып отыр. Ақын шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген көлемді зерттеу, мақалалар жоқ деп айта алмаймыз. Бұл ретте зерттеуші А..Қонарбаева өз диссертациясында [1] Шәкәрім шығармашылық өнерінің тілдік қолданыс ерекшелігін қарастырған. Бірақ Шәкәрімнің шығармашылық ауқымы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жұмыстың жазылуына сонымен бірге ақын шығармаларының тікелей әсері болды. Яғни, әдеби тіліміздің белгілі кезеңіндегі көркем әдеби стильдің ерекшеліктерін көрсете алатын, қазақ тілінің бейнелілігін танытуға тиісті Ш.Құдайбердиев шығармалары сияқты әдеби үлгілерді зерттеу нысанасынан тыс қалдырсақ, онда өткен ғасыр басындағы әдеби тіліміздің ерекшеліктері түгел болмас еді.
Шәкәрім шығармашылығын зерттеуді бұлайша саралап қарастыру ғалым Р.Сыздықованың айтуынша, «ойшыл, аудармашы әрі заманында мерзімді баспасөз беттерінде өзінің азаматтық үнін қосқан көп қырлы таланттың ұлттық әдеби тілдің нормалану процесіне тигізген ықпалы мен үлесін айқындаудан туып отыр ... Қоғам өміріндегі күрт өзгерістер соны ұғымдарды туғызды, ал ол өз кезегінде ана тілінің сөздік қорынан көрініс тапты. «Шәкәрім мұрасының» стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді» [2,187] – деген филология ғылымының докторы Р.Сыздық.
Осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құдайбердиев лирикасының тілін лингво-стилистикалық тұрғыдан зерттеп, өлең құрылысындағы лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен сөздердің көркемдегіш құралдар түрлерінде қолданылу сипатын айқындап беру – тіл білімінде ғылыми ізденісті қажет ететін өзекті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау. Аталған мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді атқару көзделді:
- Ш.Құдайбердиевтің поэтикалық тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктеріне тілдік-стильдік тұрғыдан талдау жасау.
- Кейбір аффикстердің қызметтерін ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да мотивтерге орай пайдаланғандығын қарастыру.
- Ш.Құдайбердиев өлеңдерінің поэтикалық тіліндегі, атап айтқанда, эпитет, теңеу, метафора, метонимия т.б. көркемдегіш құралдардың семантикалық және стилистикалық табиғатын ашу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ш.Құдайбердиевтің ақындық шеберлігін зерттеу барысында оның поэтикалық тілі бейнелегіш-көркемдегіш сөздерге бай екендігі және оның ұтымды қолдануда өзіне ғана тән ерекшеліктері бар екендігі ашылды. Ақын лирикалық шығармаларында тілімізде бұрыннан бар фразеологизмдердің жаңа құрылымдарын жасап, варианттылық әдісіне көп жүгінген, сөзге образдылық сипат беруге барынша көңіл бөлген. Ақын стильдік құралдарды – троп түрлерін, омонимдерді, антонимдерді, синонимдерді, тұрақты сөз тіркестерді тағы басқаларды шебер қолданған. Сол арқылы Ш.Құдайбердиевтің қазақ поэзиясына, әсіресе, сөздік құрамының баюына көп үлес қосқандығы белгілі болды. Бұл диплом жұмысында алғаш рет Шәкәрім шығармашылығындағы кейбір сөзжасамдық тұлғалардың қолданылу ерекшелігі айқындалады. Ақынның поэтикалық тілі қазақ поэзиясын жаңа белеске-көркемдік дәрежеге жеткізгені анықталады.
Зерттеудің нысаны. Ш. Құдайбердиев шығармашылығындағы қазақ әдеби тілінің лексикасын және сөз жасау тәсілдерін саралап, мағыналық реңктерін талдау, жүйелеу, көріктеуіш тәсілдерін зерттеу мәселелері жатады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Шымкент төңірегі қазақтарының тіліндегі диалект сөздер

Кіріспе
Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды.
Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Мемлекет және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс тәсілдері және жетілдіру

Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.
Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.
Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары

Тақырыптың өзектілігі. Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ.
Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін.
Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер).
2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз.
3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады.
4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген.
5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық
педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі.
Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық,
таңғажайыптылық, сезім дамуы және....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ағылшын тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың өзектілігі және мектепте алатын ролі

Егеменді ел болып, етек – жеңіміді жинап, болған қазіргі шақта халқымызда дені сау, ұлттық сана сезімі оянған рухани бай, ел болашағын ойлайтын, парасатты да, саналы азамат тәрбиелеу бүгінгі ұстаздардың міндеті болып отыр.
Заманымыздың өздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім-өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес,оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түпкі міндеттері оқушыларды өз бетінше үйрету болып саналатын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұста ағылшын тілін оқыту процесінде де мұмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру- басшылық ролі әбден қажет.
Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра, бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты міндеті болса, пән мұғалімдері сабақта ғана емес, сабақтан тыс уақытта да іздене жұріп, оқушылардың бойына тәрбиенің ең ізгісін, ең асылын және пәнге деген қызығушылықты арттырудыестен шығармаған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық