Құқық | Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары

 Құқық | Қазақстан Республикасы Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық бағыттары

Мазмұны

Кіріспе
1. Зияткерлік меншіктің экономикалық мәні және
маныздылығы..........
1.1. Зияткерлік меншіктің түсінігі және түрлері............
1.2. Зияткерліктің меншік объектілері және оларды бағалау әдістері..................
1.3. Зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжірибесі..............
1.4. Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншіктің эволюциясы......................
2. Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік институтын жетілдіру мәселелері.............
2.1. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі зияткерлік меншіктің орны мен рөлі.....................................
2.2. Зияткерлік меншік институтын жетілдірудің экономикалық-құқықтың механизмі.......................
2.3. Қазақстан Республикасының меншіктік жүйесі және оны жетілдіру мәселелері.....................................................
Қорытынды............................................................
Пайдаланылған әдебиеттер........................................
Қосымшалар.....................................................

Тақырыптың өзектілігі. Зияткерлік (интеллектуалдық) меншік қазіргі кәсіби ортадағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда,зияткерлік меншік заңмен қорғалатын адамдық сананың өнімі,шығармашылықтың нәтижесі болып табылады. Бұл- материалдық емес субстанция. Оны қолмен сезуге болмайды; оның ұзындығы, ені мен биіктігі болмайды; ол салмақсыз және оның көлеңкесі, түсі,дәмі немесі иісі жоқ.
Зияткерлік меншікті материалдық ресурсты сияқты сатып алуға,сатуға және жалдауға болады. Оны материалдық ресурстысияқты абайсызда жоғалтып алуға немесе жоюға болады.Ол шабыт пайда болған кезде кенеттен немесе көптеген жылдар бойы еңбек ету нәтижесінде дүниеге келуі мүмкін.Ол бір мезетте жоғалып кетуі немесе мәңгі өмір сүруі мүмкін.
Өзінің сипаттамасына қарай зияткерлік меншіктің экономикалық құны көптеген жағдайда өте жоғары болады.Бұл құнды көп жағдайларда есеп беруде көрсетпейді,есепке алмайды және толық бағаламайды.Кәсіпкерліктік тұрғыда,ол жаңа нарықтық мүмкіншіліктерді ашады немесе керісінше,қауіп тудыруы мүмкін.Бұл,әрине,зияткерлік меншікті басқаратын тұлғаға тікелей байланысты.
Ұйымның өмірлік циклының түрлі сатыларына зияткерлік меншік көптеген мүмкіншіліктерге жол ашады. Ол ұйымның бастапқы қызметі үшін немесе тіпті түгел сала үшін негіз(бастапқы капитал)құра алады. Сонымен қатар,зияткерлік меншік дамушы ұйымдарға жаңа тауарларды немесе қызметтерді ұсына алады, ал дамыған салалардың олардың бәсеке артықшылықтарының негізін құрады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттің,ұлттың және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатын алға қояды. Бұл үдерісте негізгі рөлді біздің мемлекетімізде құрылған зияткерлік меншіктің бәсекеге қабілеттілігін, оның коммерциялауға даярлығы, тиімді қолдануы атқарады. Бүгінгі күні зияткерлік меншік қоғамдық үдерістің анықтаушы факторына айналуда, ал зияткерлік еңбектің нәтижелері қоғамның әл-ауқаттылығын қамтамасыз ететін экономикалық айналымның негізгі объектісі болып табылады. [1]
Қазақстан зияткерлік меншік құқығы саласында дүниежүзілік стандарттардың белгілі бір минимумына жетті десек болады. Зияткерлік меншік саласында 10 халықаралық келісімдер, 5 заңдар және 20-дан астам заңға сүйенген нормативтік құқықтық актілер жұмыс істейді. Ұлттық құқықтық базаны зияткерлік меншікке қатысты ҚР-ның аса мәнді келесі заңдары құрайды: 1996ж. 10маусымнан «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы»; 1999ж. 16 шілдесінен (соңғы редакциясы 2007 жылдың наурызынан) «Қазақстан Республикасының патент заңы»; 1999ж. 26 шілдесінен «Тауар таңбалары, көрсету таңбалары және шығарылған жерлердің атаулары туралы»; 1999ж. 13 маусымынан «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы»; 2001ж. 29 маусымынан «Интегралды микротәсілдер топологиясын құқықтық қорғау туралы». Бұл заңдардың дамуы арқасында көптеген нормативтік құжаттар және ведомстволық актілер өңделген.
Қорғау құжаттарымен қорғалатын жаңа технологияларды, өнертабыстарды және өнеркәсіптік меншіктің басқа да объектілерін экономикалық айналымға енгізуді зияткерлік – инновациялық даму қарастырады.
Зияткерлік меншік объектілерін жасайтына авторлардың шығармашылығы мемлекеттің инновациялық дамуының анықтаушы факторлардың бірі болып табылады. Зияткерлік әлеуеттің дамуы ғылыми жұмвстарды жүргізуді, мамандарды дайындауды, тәжірибиемен алмасуды, лицензияларды және ноу – хауды иеленуді, ақпараттық қамтамасыз етуді, инвестиялармен қамтамасыз етіп қана қоймайда, ол құқықтық саланы шығармашылық қызмет саласымен біріктіреді.
Қазақстанда зияткерлік меншік институты бірте-бірте неғұрлым нәтижелі және талап ететіндей бола бастады. Нақтырақ айтсақ, барлық зияткерлік меншік субъектілерінің зияткерлік меншік объектілерін қолдануының ақырғы нәтижесіне деген құштарлығы мемлекет алдында тұрған мақсаттарды табысты шешуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Диплом жұмысының мақсаты-зияткерлік меншік институтын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, бұл саланы жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстарды зерттеп пайымдау, оларды болашақта пайдалана білу.
Қойылған мақсатқа жету үшін диплом жұмысының құрылымының анықтайтын белгілі бір міндеттер қойылған:
- зияткерлік меншіктің теориялық негіздерін зерттеп, менгеру:
- зияткерлік меншік объектілерінің түрлерін анықтау:
- зияткерлік меншік дамуының әлемдік тәжіибесін зерттеу:
- Қазақстандағы зияткерлік меншік институтын, оның ішінде ұлттық патент жүйесін жетілдіруге ұсыныстар жасауды талаптану.
Диплом жұмысының пәні – Қазақстанның қазіргі жағдайындағы зияткерлік меншік институтын жетілдіруін талдау.
Диплом жұмысы зияткерлік меншік институтын базалық қағидаларын баяндауға арналған. Логикаға сай зерттеу жұмысы үш тараудан, жеті баптан құралған.
Бірінші тарауда зияткерлік меншіктің теориялық негіздері қаралса, екінші тарауда ҚР – дағы зияткерлік меншіктің эволюциясы, ал үшінші тарауда ҚР зияткерлік меншік институтын жетілдіру мәселелері зерттелген.
Диплом жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың экономика, құқық және білім беру саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын газеттер мен журналдар құрады.


1. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1. Зияткерлік меншіктің түсініг және түрлері.

Зияткерлік меншіктің осы заманға сай түсінігі зияткерлік қызмет нәтижелеріне деген қоғамдық көзқарастардың эволюциялық қорытындысы болып табылады. Тарихтың соңғы 400 – 500 жылдары осыны дәлелдеп келеді.
Зияткерлік меншіктің құрылуы адам қоғамының дамуының тан сәрісінде басталғанына қарамастан (яғни, авторлық құқық), ал оның дамуына (негізінде, өнер кәсіптік меншіктің) ХІІ ғасырда өнеркәсіптің, ғылым мен білімнің дамуы түрткі болды. Зияткерлік меншікті қорғаудың тұтас жүйесі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында құрыла бастады.
Зияткерлік меншік терминнің өзі бірден мойындалмады: 1971 жылдың басында өткен Францияның Құрылтай жиналысында өнертабыстар туралы заңды талқылау кезінде өнеркәсіптік меншік термині, содан соң әдеби – көркемдік меншік термині пайда болды. Зияткерлік меншік терминін ХVІІІ және ХІХ ғасырларда теоретиктер де, заңгерлер мен экономистер де эпизодтық түрде қолданды. Бірақ 1967 жылы Женвада Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДИМҰ) құрылуымен бұл термин кеңінен қолданыла бастады ДИМҰ-ның құрылтай құжаттарына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарына:
- әдеби, көркем және ғылыми туындылар;
- артисттердің, дыбыс жазудың, радио және теледидарлық арналардың орындаушылық қызметі;
- адамдық қызметтің барлық өнертабыстары;
- ғылыми жаналықтар;
- өнеркәсіптік үлгілер;
- тауарлық белгілер, қызмет ету белгілері, фирмалық атаулар және сауда белгілері;
- әділетсіз бәсеге қарсы қорғаныс;
сонымен қатар,өндірістік, ғылыми, әдеби және көркемдік қызмет аясындағы зияткерлік қызметке қатысты басқа да құқықтар жатады.(Зияткерлік меншіктің дүниежүзілік ұйымының 1967 жылдың 14 шілдесінде стокгольмде қабылданған конвенциясы бойынша).
Кейін ДИМҰ қызметі аясына географиялық нұсқаулар, өсімдіктердің жаңа сорттары және малдың тұқымдары, интегралды микросхемалар, радиобелгілер, ақпарат базалары, домендік аттарға қатысты ерекше құқықтар қосылған болатын. Кейде зияткерлік меншікке әділетсіз бәсеке және сауда құпиясы туралы заңдарды қосады, бірақ олар өздерінің контрукциялары бойынша ерекше құқықтар болып табылмайды.
Сонымен, зияткерлік меншік – тұлғаға уақытша иеленуді, тауарлық белгілерге жұмыс істейтін куәліктерді және жұмыс істейтін патенттерді иемденуді түсіндіреді. Зияткерлік меншік терминінің толық мазмұны көптеген арнайы әдебиеттерде толық айқындалмаған.
Зияткерлік меншіктің субстанционалды негіздерін экономикалық категория ретінде қарастыру күрделі, әрі мәнді мәселе. Зияткерлік меншік ұғымын анықтау кезіндегі туындайтын қиындықтар кейбір себептерге байланысты болып отыр. Біріншіден, экономикалық әдебиеттерде бұл мәселенің жеткіліксіз өңделеуі; екіншіден, зияткерлік меншік ұғымының негізінде құқықтық түсініктің басым болуы; үшіншіден, зияткерлік меншік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік және заң актілеріндегі бұл ұғымның қалыптасуының анық еместегі және де «зияткерлік меншік» терминінің өзінінің күрделігінен және көп қырлығынан болса керек.
Зияткерлік меншіктің экономикалық талдауы мазмұнының негізгі алғы шарттары келесідей:
1. Зияткерлік қызмет саласында орын алатын экономикалық қатынастар меншік қатынастарының жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады;
2. Зияткерлік меншік қатынастары жай өз бетімен алынған қатынастар ғана емес, сонымен қатар, зияткерлік қызмет объектілерін иелену қатынастары болып табылады.
3. Зияткерлік меншіктің субстанционалды белгілері оның объектілеріне қарай ерекшеленеді.
Бромберг Г. В. Былай деп белгілейді: «Зияткерлік меншік тек зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерінің өзі ғана емес, жасалған өнертабыстың пәндік елестеуі түріндегі шығармашылық қызмет нәтижесін қолданудың ерекше құқығы немесе нәтижесінде туындыны қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кез келген нысанда жасалаған көркем туындының көшірмесі »[2, 20 б.]
Қазақстандық экономикалық ғылымда зияткерлік меншік ұғымы көбінесе зияткерлік қызмет нәтижелерін коммерциялау контекстінде қарастырылады[3,89 б.; 4,17 б.]. Бұл авторлар «зияткерлік меншік» категориясын құқықтық резервте қарастырып, инновациялық қызметпен байланыстырады. Мысалы, Купешова С. Т. Бойынша зияткерлік меншік «инновациялық қызмет нәтижелеріндегі авторлық құқықтардың жиынтығы» болып табылады. Соңғысы түсінікті болып тұр [3, 89 б.]. Дамудың индустриалды-инновациялық үлгісіне көшу Қазақстан үшін өзекті мәселе екенін ескеретін болсақ, әрине, отандық авторлар зияткерлік меншікті инновациялық қызмет констекстінде қарастыра отырып, өз назарларын нақ осы мәселеге аударады. Сонымен қатар, бұл анықтаманың да кемшіліктері бар.
Біріншіден, зияткерлік меншік бұл жерде инновациялық қызметтің негізі ретінде емес,керісінше, ол логика және құқықтық нормаларға сай келмей тұр. Яғни, зияткерлік қызметтің нәтижелерін өндіріске енгізгеннен кейін, нақтырақ айтсақ, олар инновациялық статусқа ие болған соң ғана меншіктің объектілері болады. Екіншіден, автор зияткерлік меншікті авторлық құқыққа теңестіреді. Соған қарамастан, объектілері патенттік құқықпен қорғалатын өнеркәсіптік меншік зияткерлік меншік құрамына кіретіні белгілі.
«Зияткерлік меншік» ұғымының негізінде құқықтық түсініктің басым болуын тек қазақстандық авторлардың авторлардың еңбектерінде ғана емес, сонымен қатар шетел авторлардың еңбектерінде де кездестіруге болады. Мысалы, ресейлік зерттеуші Фейгельсон В. М. Зияткерлік меншікке келесідей анықтама береді: «Зияткерлік меншік – бұл жасаушысына(авторына) ресми түрде берілген құжаттар немесе куәліктер ( өнеркәсіптік меншік) арқылы немесе авторлық құқықтық анықталған нормалар арқылы қорғалатын ерекше құқықтар арқылы берілген зерделі (зияткерлік) қызметтің материалды айқын нәтижесі[5,8 б.].
Ал Корчагов А.Д. бойынша: «Зияткерлік меншік субъектіге (құқықтық иеленушіге) объектіні шаруашылық айналымына енгізуге мүмкіндік беретінабсолютті құқықты қалыптастырады»[6,4 б.]
Экономикалық мазмұнның құқықтық құбылысқа ауысуын басқа авторлардың еңбектерінде де көруге болады. Мысалы, Козырев А. Н. энциклопедиялық сөздіктерге сүйене отырып: «... Зияткерлік меншік- бұл зияткерлік қызметке қатысты авторлық және басқа да құқықтарды қамтитын құқықтық түсінік» дейді [7, 12 б.].
Кокурина Д. И. Зияткерлік меншік ұғымына келесідей анықтаманы ұсынады: «Зияткерлік меншік- бұл зияткерлік қызметтің және меншік иесіне табыс әкелетін оның нәтижесі субъектісінің зияткерлік қабілеттерінің бірлігі...»[8, 269 б.].
Зияткерлік меншік ұғымы экономикадағы атқаратын рөлі мен тікелей байланысты. Мысалы, ресейлік авторлар: « Зияткерлік меншік- бұл технологияларды тапсыру шарты және өнеркәсіптегі ғылыми қызметтің нәтижелеріне деген бұл сұраныстың нәтижесі» деп белгілейді [9, 116 б.].
«Зияткерлік меншік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды стратегиялық ресурс болып табылады» [10, 42 б.].
«Зияткерлік меншік кәсіпорынның ауқымы кең экономикалық мақсаттарын шешетін көп функционалды құрал болып табылады. Онын максималды қолдану арқылы кәсіпорындар маңызды бәсекелік артықшылықтарға және көрнекті қаржылық нәтижелерге ие бола алады»[10, 42 б.].
Жоғарыдағы келтірілген анықтамалар белгілі бір дәрежеде зияткерлік меншіктің мазмұнын кедейлендіреді десек те болады. Алайда, зияткерлік меншіктің функционалды мәселесіне көбірек назар аудару- бұл жағдайдын жағымды жағы болып отыр.
Соңғы жылдары экономикалық әдебиеттерде де, құқықтық әдебиеттерде де зияткерлік меншіктің негізін тоғысу категориясы ретінде қарастырыла бастады.Бұл жерде зерттеушілердің индустриалы- инновациялық қызметтегі белсенді даму үстінде үднрістер жағдайында зияткерлік меншік феноменінің маңыздылығын ұғынуы түрткі болғаны айқын.
Олардың кейбіреулерін қарастырайық: «Меншік – иелікті,рұқсатты шектеуді, біреуге тапсыруды, бақылауды және жауапкершілікті анықтайтын өзің иелік ететін ерекше құқықтарға ие болу. Бұл қатынас зияткерік меншікке қатысты, бірақ олардың орындалуы белгілі бір ерекшеліктерге байланысты. Яғни, зияткерлік меншік объектілері көбінесе тапсырылмайды, тек беріледі. Сонымен, олар иелерін ауыстырып қана қоймайды, материалды игілік сияқты санын ұлғайтады» [11,8 б.].
«Кең мағынада зияткерлік меншік – бұл зияткерлік өнімге баланысты адамдар арасындағы қарым-қатынастар және жасалған ақпарат пен адамның ішкі рухани дүниесін қорғау... ал тар мағынада, зияткерлік меншік деп, зияткерлік еңбек өніміндегі құқық және адамның еркін қоғамдық қызметі » [12,490 б.].
Зияткерлік меншікті экономикалық категория ретінде негіздеу үшін біз бірнеше белгілерді қолдануымыз қажет. Бұл зияткерлік меншік түсінігінің көп қырлылығымен және біздің зияткерлік меншік ұғымын жүйе ретінде қолдануымызбен түсіндіріледі.
Кейбір қазақстандық авторлар негізгі белгілері ретінде келесілерді бөліп көрсетеді[13,21 б.]:
- иелену, себебі, өндірістік үдеріс әрқашан бір субъектілерді игіліктерін иеленумен және басқалардан тәркіленуімен байланысты;
- адамдардың игілік жөнінде қарым-қатынастары (субъектінің субъектіге);
- адамдардың игілікке деген қарым-қатынастары (субъектінің объектіге).
Шын мәндісінде, соңғы белгі бізге таза күйінде зияткерлік меншікке неғұрлым барабар құқықтық бағалауды беріп отыр.
Біріншіден, субъектілердің зияткерлік қызметінің нәтижелеріне және құралдарына деген қатынасы инновациялық қызметтің шарты болып табылады.
Екіншіден, зияткерлік меншік объектілеріне деген меншік иелері мен үшінші жақтардың қатынастары зияткерлік меншік институтының цивилизациялық деңгейін және индустриалды-инновациялық саланың дәрежесін сипаттайды.
Үшіншіден, жеке тұлғлардың зияткерлік меншік объектілеріне деген қатынастары иелену мәдениетінің даму деңгейін және инновациялық мәдениеттің деңгейін сипаттайды.
Сонымен, зияткерлік меншік зияткерлік еңбек нәтижелерін және құралдарын иелену, басқару және пайдалану жөніндегі әлеуметтік - экономикалық және құқықтық қатынастарды көрсетеді.
Қазіргі инновациялық экономика жағдайында зияткерлік меншік меншіктің негізгі түріне айналуда, себебі, өндірісте білімді, инновациялық және шығармашылық қабілеттерді қолдану инновациялық және экономикалық өсудің шешуші факторы болып табылады.
Сонымен қатар, зияткерлік өнімге меншік – ақиқаттың түпкі мәніндегі экономикалық құбылыс емес, экономикалық және құқықтық қатынастардың күрделі және белсенді даму үстіндегі жүйесі.
Орехов А.Н зияткерлік меншікті келесідей түрлерге бөледі [14,47]:
1. «Субъектілі – жалпыға белгілі»зияткерлік меншік дәл сол уақытта тек жеке субъектіге ғана емес, сонымен қатар басқа адамдарға да (барлығына немесе кейбіреулеріне ғана) белгілі болатын білімге меншік;меншік субъектісінің санасындағы білім. Мысалы, оқушының ойындағы химиялық формула зияткерлік меншіктің осы түрі болып табылады. Бұл формула басқа оқушыларға да, мұғалімге де белгілі.
2. « Субъектілі – жаңадан ашылған» зияткерлік меншік – дәл сол уақытта ешкімге белгісіз, тек бір субъектінің санасында болатын білімге меншік. Мысалы, Менделеев Д.И.-дің химиялық элементтер кестесінің ашылуы субъектілі – жаңадан ашылған зияткерлік меншік болып табылады. Себебі, дәл сол уақытта ол туралы әзірге ешкім білмеген.
3. «Объектілі – жалпыға белгілі» зияткерлік меншік – дәл сол уақытта жаңа субъектілерге белгілі, сонымен бірге олардың саналарынан тыс бір заттық қорапта бар болатын білімге меншік. Мысалы, кітапта, мектептік дәптерде және т.б. жазылған химиялық формула.
4. «Объектілі – жаңадан ашылған» зияткерлік меншік – дәл сол уақытта әлі ешкімге белгісіз (бір субъектіден басқа), бірақ «затқа айналған», бұл меншіктің субъект-«генератордың» санасынан тыс болатын білімге меншік. Мысалы, әдеби туындының қол жазбасы және т.б.
Меншіктің бұл түрлері бір – бірімен өзара әрекеттеседі, бір күйден («затқа айналмаған») екінші күйге («затқа айналған») және керсінше ауысып отырады. Бұдан келесідей қорытынды шығаруға болады: зияткерлік меншікті түрлерге бөлу шарттық жағдай және уақыттық факторға байланысты болып келеді.
Н.А. Ореховтан кейін Урузбаева Н.А. зияткерлік меншіктің негізгі екі түрін көрсетті: субъектілі және объектілі. Субъектілі зияткерлік меншік объектіліге қарағанда, сол уақытта субъектінің иелігінде және белгілі бір күймен байланыста болатын білімдерді ұсынады [15,106 б.]. Бірақ, Манаенкова Е.В. зияткелік меншікті заттық меншікпен салыстыру арқылы зияткерлік меншік ұғымына анықтама береді. «Заттық меншікте «субъектілі» және «объектілі» меншіктерді бір жиынтыққа біріктіруге болмайтын екі түрлі зат, материя («дене» және сыртқы заттар) болып табылса, зияткерлік меншікте бұндай бөліну жоқ. Сақтаушының маңыздылығына қарай (интеллект немесе заттық субстрат) бір білім субъектілі және объектілі зияткерлік меншік ретінде кездесе береді» [16,20 б].
Ал Урузбаева Н.А.-ның ойынша, зияткерлік меншіктің тағы бір ерекше түрін бөліп көрсетуге болады – ақпараттық зияткерлік меншік. Себебі, зияткерлік меншік қатынастары элементарлы ақпараттық айырбаста белгілі бір орынды иемденеді. Ол «экономикалық өндірісте» жасалған және айырбас мақсатымен құрылған ақпарат болуы керек. Кез келген субъектіні белгілі бір ақпарат қызықтырған кезде ғана және бұл ақпарат адамдар арасындағы қарым-қатынастардың объектісіне айнала бастағанда, иелену қатынастары, яғни зияткерлік меншік қалыптасады.[15, 107 б.].
Шетел және отандық заңнамаларда зияткелік меншіктің келесідей түрлері кездеседі:
- Авторлық құқық. Авторлық құқық ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасаумен және қолдануымен байланысты пайда болатын қатынастарды реттейді. Авторлық құқық түпкі негізінде қандай да объективті түрде болатын шығармашылық қызметтің өзіндік нәтижесін білдіретін «туынды» ұғымы жатыр. Айтудың нақ осы объективті түрі авторлық құқықта қорғау заты болып табылады. Авторлық құқық идеяларға, әдістерге, үдерістерге, жүйелерге, тәсілдерге, концепцияларға, қағидаларға, жаңалықтарға, фактілерге таралмайды.
Авторлық құқықтың объектісі тек шығарма ғана емес, сонымен қатар шығармашылық нәтиже болып табылатын өздігінен қолданыла алатын соның бір бөлігі де бола алады. Авторлық құқықтың ғылыми көзқарасына сәйкес авторлық құқық шығарманың мазмұнын емес, тек нысанын ғана қорғайды.
Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
- Сабақтас құқықтар. XX ғасырдың екінші жартысында – XXI ғасырдың басында шығармашылығы жеткіліксіз болып табылатын қызмет түрлері үшін және олардың нәтижелеріне авторлық құықты таратуға болатындай авторлық құқық үлгісі бойынша ерекше құқықтардың тобы құрылған. Сабақтас құқықтардың мазмұны әр түрлі елдерде ерекшеленеді. Музыкант –орындаушылардың, фонограммаларды әзірлеушілердің , эфирден хабарлау ұйымдарының ерекше құқықтары сабақтас құқықтың ең көп таралған үлгілері болып табылады.
Сабақтас құқықтар – кейбір жағдайларда авторлық құқықпен ұқсастығы бар құқық. Бұқара халыққа қол жетімді туындыларды жасауға жағдай жасайтын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау сабақтас құқықтардың мақсаты болып табылады (мысалы, ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі