Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік батыстан оңтүстік шыңыса қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасына арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Соянмен жалғасады.....
Ауыл шаруашылық салалардың ел экономикасындағы маңыздылығы, оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылығы өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады. Қоғамдық қайта өндіруді анықтайтын фактор бәсекелестік болып табылады. Ол бәсекелестік процесске қатысушыларды сұраныспен бейнеленетін қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейді. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін көтереді.....
Сарысу өзені Орталық Қазақстанның ірі өзендерінің біріне жатады, әрі Бетпақдаланы кесіп өтетін жалғыз өзен болып табылады. Өзен суы ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте және тұрмыста кеңінен қолданылады. Аймақта халық санының, егістік алқаптың өсуіне және соңғы кездегі климаттың біржақты өзгерісі орын алып отырған жағдайда Сарысу өзені алабы өзендерінің гидрологиялық сипаттамаларын қайта анықтау мәселесі туындап отыр. Дипломдық жұмыста Сарысу өзені алабының жалпы физико-географиялық сипаты, климаттық факторлар, алаптың гидрологиялық зерттелуі, су режимі және негізгі гидрологиялық сипаттамалары зерттелінді. Жұмыстың негізгі мақсаты – ағындының қолда бар мәліметтері бойынша Сарысу, Жаман Сарысу және Жақсы Сарысу өзендерінің есептік тұстамаларындағы жылдық ағындысының негізгі сипаттамаларын анықтау болып табылады. Жұмыста бастапқы мәліметтер бағаланды және алаптың климаттық, физико-географиялық сипаттамалары есепке алынып, өзенннің қалыпты ағындысы және әртүрлі қамтамасыздықтағы ағынды мәндері анықталды. Қарастырып отырған өзендердің су режимінің өзгеру заңдылықтары зерттелінді. Әртүрлі қамтамасыздықтағы су өтімдері анықталды. Алынған гидрологиялық мәліметтер алаптың су ресурстарын пайдалауда аймақта экологиялық жағдайды өршітпей мәселелерін шешуде қолданыс табуы мүмкін. ....
Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді. Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: ....
Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді. Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: ....
Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады. Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы 5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады. Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады. Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.....
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады: 1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір-бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы-жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы. 2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын-шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар. 3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан-жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді. ....
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Алтай таулы аймағы табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады: 1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы. 2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Алтайдың батыс беткейінде мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбеті Қазақстанның 6% алып жатқан орман ландшафтлары мен биіктік белдеулердің айқындауы. 3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далаларынан қылқан жапырақты таулы ормандар мен таулы тундра белдеулерінің басым болуы.....
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы ....
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды. Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.«Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді. Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу; Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты; ....