Тақырыптың өзектілігі. Қоршаған ортаны, оның құрамдас бөліктері – атмосфералық ауаны, жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қорғау бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Экологиялық қауіпсіз және тұрақты дамуға көшу қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының даму стратегиясының басты бағыттарының бірі болып отыр. Д.М. Менделеев кестесіндегі барлық элементтерді жинақтаған кен орындарының кемуі азаюы, алуан түрлі жан-жануарлар түрлерінің азаюы, тұтасынан алғанда, экология проблемаларының және табиғатты пайдалану жайының әркімді де алаңдатып отырған қиын жағдайы белгілі. Табиғат қазынасы – шексіз-шетсіз жатқан сарқылмас қор емес, оны қоғамның игілігі үшін, болашақ ұрпақтардың қажеттіліктері үшін тиімді пайдалануды ешқашан естен шығармауымыз, көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. ХХІ ғасырдағы ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына зор мүмкіндіктерді тудырып, оларды экономикалық-экологиялық тиімді қолдануға еш шектеу қойылмаған. ....
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстандағы жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету үшін жеке адамға қол сұғылмайтындығына кепілдік беретін жүйені көздеген заң базасын құрды, ол қылмыстық сот өндірісі аясында қылмыс жасаған адамға да, қылмыстық әрекеттің құрбаны болған адамға да қатысты. Ата Заңымыздың 12-бабында: «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13, 14, 16-баптарында әр азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауына, білікті заң көмегін алуға, заң мен сот алдында жұрттың бәрінің тең екендігіне, негізсіз қамауға алынудан, ұсталудан қорғануға, ұсталған, қамауға алынған немесе айыпталушы ретінде танылған сәттен бастап қорғаушының көмегін алуға құқылы екендігіне кепілдік белгіленген. ....
1.Кiрiспе Pascal программалау тiлiн Швейцария ғалымы Николас Вирт 1973 жылы жасаған және атақты француз физигі, математигі және әлемдегі бiрiншi (1641 ) (қосатын ) есептеуiш машинаның авторы болып табылған философ Блез Паскальдің (1623-1662 ) атымен атады. Тiл басында программалауға үйренудiң мақсаттары үшiн жасалды. Тiлдiң авторының сөздерi бойынша «... Паскаль тiлiнiң өңдеуi екi маңызды тұжырымдамаларға негiзделдi. Бiрiншiсi бұл табиғи тiл жүйелi түрде пәнге ашық, үйренуге ыңғайлы программалау тiлін ойлап шығаруда болды. Екiншiсі iргелi жағдайларға негiзделетiн қазiргi ЭЕМ-дерде қолдануға сенiмдi және тиiмдi болар едi. Блез Паскаль бұл тiлдiң нақты ұсыныстарының өңдеуiн ойлады. Вирттың пікірінше « студенттің оқитын тілі оның ойлау қабілетіне, ойлау әдiсiне және тапқырлыққа айтарлықтай ықпал етедi. қазiргi тiлдерде орын алған тәртiпсiздiк студенттердiң программалау стиліне тiкелей ықпал етедi.» Қазiргі уақытта Вирт өзінің алдына қойған мақсаттарына жетті деп сенiмдiлiкпен айтуға болады. Паскаль тiлі программалауға үйренуде ең жақсы тiл болумен қатар, ол қазiргi ЖЭСМ-дерiне оңай iске асырылатын, жүйелiк программалауда қарапайым тiлiн қолдану ғана емес, қуатты тiлдердi жасауға арналған базасы болып табылады. 2.Жұмыстың тағайындалуы және оның қолдану аумағы. ....
КІРІСПЕ Соңғы кезде Қазақстанда өнеркәсіп шикізаттарын өндіру мен қатар ауыл шаруашылық секторын дамыту туралы шаралар қолға алына бастады. Әртүрлі тағамдық заттардың ішінде сүттің және одан жасалған тағамдардың адам тіршілігі үшін маңызы өте зор. Бір жағынан сүт адам организіміне қажетті алмаспайтын аминқышқылдары мен құнды белоктардың негізгі көзінің бірі болып табылса, екіншіден, бұл заттардың тамақтану рацимонында жетіспеушілігі организімнің өсіп дамуына кері әсер етіп, әртүрлі ауруларға соғуы мүмкін. Сондықтан бие сүтінің химиялық құрамын оның физико-химиялық көрсеткіштерін зерттеу бие сүтінің тағамдық және биологиялық құндылығын анықтайды. Біздің елде бие сүтінен оның ферменттік өнімі қымызды өңдейді. Ферменттену процесі кезінде бие сүтінің химиялық құрамы өзгеріске ұшырайды. Бұл биохимиялық өзгерістер сүт қышқылы бактерияларының әсерінен жүреді. Содықтан ферменттік процестерді жүргізетін сүт қышқылы бактерияларын қымыздан бөліп алып, олардың физиоло-биохимиялық, антагонистік қасиеттерін анықтап, бие сүтіндегі ферментативтік процестерді ретттеуге болады. осыдан организмге пайдалы өнімнің технологиясына нұсқау жазуға болады. Жүмыстың мақсаты: бие сүтінің ферменттік өнімінен сүт қышқылды бактерияларын бөліп алып, айқындап, қасиеттерін анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: • Бие сүтінің және қымыздың физика – химиялық көрсеткіштерін анықтау. • Сүт қышқылды бактерияларды бөліп алу. • Физиолого- биохимиялық қасиеттерін анықтау. • Антагонистік қасиеттерін анықтау. 1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 1.1 Бие сүтінің химиялық құрамы Тағамдық өнімдердің химиялық құрамын зерттеу қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелердің бірі боліп табылады. Сүт биологиялық сұйықтық ретінде сүтқоректілер ағзасында, яғни сүт бездерінде синтезделеді. Жануарладың тұқымқуалаушылық қасиеттеріне байланысты сүттің физикалық – химиялық және биологиялық қасиеттерін анықтайтын белгілі бір химиялық құрамы болады. [1]. Сүттің тағам өнімі ретінде жоғары бағасы оның химиялық құрамының ерекшелігімен түсіндіріледі. Сүтқоректілердің барлық заттар түрлерінің сүтінде жас ұрпақтың өсіп дамуына қажет барлық заттар бар. Алайда, сүт құрамы мен қасиеттері жануарлар түріне байланысты ерекшеленеді. Сүттің химиялық құрамы мен қасиеттері өте күрделі. Жаңа биохимиялық әдістерді қолдана отырып сүт құрамынан 260-қа жуық химиялық заттар табылған [2]. Сиыр және биенің шикі сүтінің химиялық құрамы бірінші кестеде келтірілген.....
КІРІСПЕ Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін "ақпараттық экономикаға" ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады. Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі. Ақпараттық жүйе (АЖ) - Экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді. Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі. Экономикадағы ақпарат жүйелерінің кіріс құжаттарына ішкі және сыртқы ақпарат жатса, ал шығыс құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. Глава 1 ҚР дамуы жаңа шаруашылық принциптерге және сапалы жаңа деңгей қарым-қатынасқа өту, экономиканың барлық салаларының интенсивті түрде дамуына жұмыс істеткізеді сонымен бірге нарық экономикасының ең ңегізгі құрылымдарының бірі-банк жүйесін дамытуды қажет етеді. Банк ісінің пайда болуы мен дамуы капиталмен байланысты. Жеке меншік пайда болуы, тауар-ақша қатынасының дамуымен қоғамдық мүлік теңсіздігі күшейді.Жағдайы жақсы топ өкілдері жағдайы нашарларға қарызға ақша беруге мүмкіндіктері туды. Капитал дамуы тығыз түрде банк дамуымен байланысты. Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі. Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін қадағалау және рейтингтік бағалау. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпарттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге негізделген.....
Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Әр түрлі елдерде соңғы бірнеше онжылдықта көптеген спорт түрлерінде орта тау биіктігінде (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) жаттығуларды өткізу кеңінен қолданылатын тәжірибе. Бұл жағдай спорттық жетістіктердің өсүіне ықпал етеді, себебі мұндай жағдайда спортшылардың ерік, физикалық және әдістік қасиеттерін жетілдіреді. Орта таулы аймақтарда спортшылардың тиімділігін арттыру үшін бапкердің нақты мақсаты болуы керек: 1)орта таулы аймақта болатын жарысқа дайындық 2) таулы аймақтарда спорттық жетістіктерді арттыру үшін жаттығулар 3) әр түрлі биіктерде өтетін жарыстарға дайындалу үшін Сондықтан дайындалу мақсаттарын нақты ажырату керек. Қазіргі уақытта, теориялық және эксперименттік зерттеулерде осы мәселеге қатысты биомедециналық жұмыстар басымдық алады. Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
Қазіргі қоғам өмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да жоғары білім беретін оқу орындарындадене тәрбиесі мен спорт жүйелерінің нашарлауына байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары төмендеп, жылдан жылға аурулардың саны көбеюде. Осыған орай болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл сайын бірнеше шаралар жүзеге асырылып, заңдар қабылдануда. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996 – 2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойып (1996ж), 1997 жылы «Қазақстан - 2030» бағдарламасын ұсынды. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт» туралы заңы қабылданып, 2001 жылы «Қазақстар Республикасының 2001 – 2005 жылдар аралығындағы дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығы шықты. Бұл бағдарламалар мен заңдардың негізгі мақсаты дене тәрбиесі саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыдан анықтап, қалыптасқан жағдайға жаңаша көзқараспен қарай отырып, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сай білім және тәрбие беру. Сонымен қатар жас ұрпақтың өркениетті қоғамда бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалай білетін адамгершілікті, имандылықты және ізгілік мінез – құлықты, іскерде, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті адамзат тәрбиелеу. Сондықтанда дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндкгі атқарар әлеуметтік ықпалы зор деп есептейміз. ....
Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу Қазақстан Республикасының стратегиялық басты мақсаттарының бірі болып саналады. Республиканың экономикалық мақсаттарымен қатар халықтың әл ауқатын арттыру, денсаулығын нығайту, адамдардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына жағдай жасау арқылы денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеу мақсаттары қойылған. Қазақстан 1996 жылдан бастап Олимпиадалық, Әлемдік және Халықаралық жарыстарға жеке спорттық команда ретінде қатысуда. Шеберлігі жоғары спортшы дайындау ұзақ уақытқа созылатын педагогикалық жұмыс екендігін ескере келіп, болашақ сапалы спортшы ізбасарларды дайындау қазіргі кезде Республикадағы барлық спорт мектептерінің алдына қойылған негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Болашақ спортшыны қабылдау, оны белгілі бір спорт түріне бейімдеу спорт мектептеріндегі бастапқы дайындық топтарында жүзеге асырылады. Бастапқы дайындық топтарындағы жұмыс, спорт түрінің ерекшелігіне байланысты бір жылдан үш жылға дейінгі уақытқа созылады. Осы бастапқы дайындық тобынан бастап спорттық іріктеу жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. ....
Кіріспе. Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан жерінде Батыс Тянь-Шань Қырғыз Алатауынан басталады. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының Батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік Шыңы — Батыс Алемендин (4875м). Батыс Тянь-Шаньга ендік бойымен орналаскдн Талас Алатауы, Түркістан, Қаратау, Өгем, Піскем, Шатқал жоталары кіреді. Батыс Тянь-Шаньның геологиялық құрылымы протерозой тақтастарынан және қү_мтастардан, сондай-ак карбонның әктас, құмтас конгломираттарынан және девонның жанартау тектес тау жыныстарынан құралган. Сонымен бірге палезой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптаскан интрузиялық және жанартаульщ, сондай-ақ платформальщ мезозой-кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі. Батыс Тянь-Шань тау жоталары тауаралық ойыстармен және өзен аңгарларымен тілімденген. Соңғылардың қатарына төмендегі өзендер жатады: Сырдария өзенінің оң салалары (Жабағылы, Ақсу, Машат, Келес, Боралдай, Болдырбек, Арыс) Талас, Хантагы және тағы басқа өзендер. Өзендердің морфологиялык; құрылысы әртүрлі. Оның негізгі сипаты аңғарларымен көрінеді. «Өзен аңғары дегеніміз» - С.А.Қүсайыновтың айтуы бойынша жер бетіндегі аса енді емес, ұзына бойы ирелеңдеп созылып жатқан жалпы өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған ойпаң түрінде көрініс беретін рельеф пішіні. Олардың түрлері төмендегідей: саңылау және V әрпі тэрізді болып келеді. Олардың табанының ені арнасының енімен сәйкес болады, 3-4 метр кейде таулы жайылма қосылып 10-12 метрге жетеді. ....