Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау: – Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, не қып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып: – Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат ......
Ертеде бір өзбек Алихан деген болған екен. Оның әйелі, жалғыз қызы бар екен. Баласы да қолындағы сол біреу-ақ, барлығы үшеу екен. Өзі кедей, жалғыз атымен қос айдап жүреді екен. Жаз болса, қыс болса сол жалғыз торы шолақ атының күшімен еңбек етіп, күн көріп жүріпті. Бір күні қос айдап жүрген Алиханның қарны ашып, үйіне келейін десе, алыс. Онан соң сол күні кеш түсісімен үйіне келіп, әйеліне мынаны айтады:
— Қатын, сен ертеңгісін мен қосқа жүрерде бір қап нанды, бір шанаш көже дайындап маған беріп жүрмесең, менің күндіз қоста жүріп қарным ашты. Үйге келейін десем, үй алыс болды, атты шығарып, атпен шауып келіп тамақтануға атымның өзі шаршап тұр ғой деп аядым. Өзіме қарап, атымды аядым, – деп әйеліне осыны айтады. Түнде әйелі күйеуінің айтқанын ұмытып кеткен екен, ертесіне баяғы еркегі кешегі менің тамақтарымды бер деп сұрағанда, әйелінің есіне сонда түседі де: «Мақұл, мен пісірейін де қыздан беріп жіберейін», – дейді әйелі. «Онда мейлі, қыздан көтертіп жіберсең жібер», – дейді күйеуі.......
Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.
Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:
— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:
Ашытқы тәріздес саңырауқұлақтармен шақырылады. Ауыздың уылуына байланың күтімінің нашар болуы, гигиеналық ережелердің сақталмауы, кейде антибиотиктерді ұзақ пайдалану себеп болады.
Айқындалуы-ауыздың шырышты қабығын қан кернеп, онда ақ, ұйған сүт сияқты қатпарлар пайда болады. Қатпарлардың көлемі әртүрлі болады, олар баланың ұртына, еріндеріне, тіліне, таңдайына, кейде тіпті өңешіне де шығады. Мұндайда баланың емуі, жұтуы қиындайды, балалар тамақтан бас тартады.