Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқтай қалып, тұмсығын көкке көтеріп, кең тыныс алады.
Сонан соң жолын онан әрі жалғайды. Күн көкжиекке жақындап барады. Асығу керек, әйтпесе түнде түртінектеп жүріп..
Оны қайдан таппақ?
Ит санасында найзағадай жарқ еткен осы оймен қанаттас шегі шұрылдап асқазаны сағзи жөнелді. Иесі қайтыс болғаннан кейін Мергеннен кетіп қалды. Содан бері оған арнайы сорпа - суан әзірлеп құятын құдайдың құлы болмағаны иттің есіне түскен......
Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға:
– Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады.
– Жоқ, – дедім мен.
– Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл адамдарынан жиі еститін болдым. Тіпті немере ағам Балташ Бақтыбаев: «Бәрімізде қалам тартып жүрміз ғой, біздікі не тәйірі. Ақын деп, журналист деп Амангелдіні айт», – деп желпіне сөйлер еді. Мен Амангелдімен осылай сырттай таныстым. .....
Мәшһүр Жүсіпті ауыз әдебиет үлгілерін жинаушы ғалым ретінде танып-біле бастаған шақта оның осы саладағы еңбегі том-том болып жарық көрді. Алғашқысында кейбіреулерге асыра айтылған сөз ретінде көрінген де болар. Енді, міне, сол күңгірт күмән сейіліп, Мәшһүр жинаған ауыз әдебиеті (Мұнан әрі жазбалары) үлгілерімен қалағанымызша сусындауға мүмкіндік алдық. Оған басты себеп Мәшекеңнің «ЭКО» ЖШС баспасынынан 2013 жылы 20 томдығының жарық көруі.
Осы томдықтардың 9-томы 14 беттен 160 бетке дейін қазақтың ұлы ханы Абылайға арналған. Басқа томдарында да Абылай туралы жазғандары кездесіп отырады. Сол мұраның «Абылайдың тұтқын болуы» атты әңгімелеріне тоқталмақпыз. Аталған әңгіме 10 нұсқадан тұратыны көрсетілген (А.Қ.Жүсіпова). .....
Семей полигоны. Ондағы жарылыстар туралы соңғы жылдары аз айтылып жүрген жоқ. Полигон төңірегінде болған әрқилы демонстрациялар, телемарафондар, ең ақыры астанамыз Алматыда «әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» конгресі дүние жүзінің ақ жүректі адал жанды азаматтарын мазасыздандырған ғасыр қаруының қаншалықты қатерлі күшке ие екендігін айқын аңғартса керек. Алайда соған қарамастан, полигон төңірегінде күні бүгінге дейін бірін – бір қарама – қайшы екі ұдай пікір қалыптасып отыр. Оның шырқаған шындығы қайсы? Осыны әлі күнге дейін басын ашып, ажырата алмай жүргендер аз емес.
Ал оған одақтық, мерзімді баспасөз беттерінде, радио, теледидар арқылы берілген кейбір ғалымдар мен журналистердің өзара сұхбаттары да аз себеп болып отырған жоқ. Тіпті олардың кейбірі жарылыс әуеде және жер үстінде ядролық – сынақтар жасалған 1949 – 1963 жылдарда атом сәулесіне ұшыраған адамдар жайлы дерек ешқайда сақталмаған, ондай болған күннің өзінде, ол шамалы болғанға ұқсамайды деген уәж айтады. Ал бұл байламмен полигон төңірегінде туып, ержеткен, осында өмір сүріп, еңбек еткен кез – келген адамның келісе алмасы хақ. Өйткені, өткен – кеткенді ой безбенінде саралай келіп, жарылыс зардабы .....
Сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білесіз бе? - Иә, дедім мен, ол кісі біздің жерлесіміз ғой. Бейіті қай жерде?
- «Жаңажол» совхозында.
- Жоқ, дәлірек атасаңызшы.
- Онысын онша біле қоймадым.
- Менің біршама қысылып, қолайсызданып қалғанымды аңғарған ол:
- Ол кісінің бейіті өзің айтқан «Жаңажол» совхозының Ескелді деген жерінде. Басында болмағаның көрініп-ақ тұр. Тек шыныңды айтшы, қазірде сен қатарлылардың көбі атеистер ғой, Мәшекеңе деген көзқарасың қалай.
- Шынымды айтсам атеистігім шамалы. Алла мен аруақты ауыздан тастамай келе жатқан жай бар, аға. Ал аруағыңнан айналайын Мәшекеңді... .....
Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы кеңшар жиырмасыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында еңсе көтеріп, іргелі ел қатарына қосылған. 1961 -жылы сол кездегі «Шадыра» совхозынан бөлініп, жеке совхоз болып шаңырақ көтерген.
Ол кезде бұл елді мекен «Жаңажол» совхозы аталатын. Аудандағы орта шаруашылықтардың бірі еді. Өткен отыз екі, отыз үш жылда сол қалпынан бір танған емес.
Рас, сонау бір жылдарда Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов директор болған тұста әр сала бойынша арты аудан, алды облыс көлемінде жеңімпаз деп танылып, ауыспалы Қызыл туларды жеңіп алған тұстары да болған. Тек мұндай жұлдызды сәттері ұзаққа бармаған. Шаруашылықтың ірге тасы берік болғанымен, шаруасы шалқыған ел еді деп айта қою қиын. .....