Сүндет Байғожин Әбдірахманұлы (1984 жылы 13 наурыз)

Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин (1984 жылы 13 наурызда Қостанай облысы Арқалық қаласында туған) — әлемге танымал қазақстандық опера әншісі (баритон). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2011). Астана Опера театрының жетекші әншісі.
Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы 13 наурызда дүниеге келген.
2004 - 2008 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетін жеке орындаушы мамандығын бітірген.
2007 жылдан Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында солисті болды.
2013 жылдан Астана Опера театрының жетекші опера әншісі.
Шығармашылығы
Сүндет Байғожинның репертуарында көптеген опералар бар: Марсель («Богема» Дж. Пуччини), Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковского), Малатеста («Дон Паскуале» Г. Доницетти), Леско («Манон Леско» Дж. Пуччини), Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Алеко («Алеко» С. Рахманинова), Анет баба («Калкаман-Мамыр» Б. Кыдырбек), Оспан («Камар сулу» Е. Рахмадиева), Кокбай («Абай» А. Жубанова, Л. Хамиди), Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини), Кожагул, Жиенкул («Біржан-Сара» М. Тулебаева), Креспель, Лютер («Сказки Гофмана» Ж. Оффенбаха), Доктор Гренвиль, Барон («Травиата» Дж. Верди), Граф Чепрано («Риголетто» Дж. Верди) және т.б көптеген шығармалар бар....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Айсулу Әзімбаева (1988 жылы 9 қаңтар)

Айсулу Әзімбаева – театр және кино актрисасы, тележүргізуші.
1988 жылы 9 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген.
2004 жылы «Жаңа мектепті» сырттай бітірген соң, Дубайдағы «Америкалық Университеттің» қаржы мамандығына түсті.
2008 жылы Іс-жүргізу бакалавры бойынша бітіріп шықты.
2010 жылы «Әселдің достары мен құрбылары» фильмінде дебют жасады.
2013 жылы «Оқытушы» , «Джокер» және 2013 жылдың мамыр айында «Астана» телеарнасынан көрсетілген «Үйдегі шайқастар» телехикаясына түсті.
2015 жылы Айсұлу театрдағы мансабын Разия Хасанованың «Көңілдес» қойылымынан бастады.
Сондай-ақ, Айсұлу,театрдың «Артишок», «Қалың дәптер» қойылымдарына қатысты.
Сонымен қатар, «Қара аққу» фильмінің 60 секундтық пародиясына түскен, сол пародия 2012 жылы Лондонда Jameson Empire Awards сайысында жеңіске жетті.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Открытый урок: 16 декабря - День независимости Казахстана (Мой дом, Моя судьба, Мой Казахстан)

Цель мероприятия: воспитание гражданственности, толерантности, коллективизма, прав и свобод граждан РК, изложенных в Конституции.

Задачи:

  1. углубление знаний и расширение кругозора, активизация познавательной деятельности, формирование интереса к истории и культуре Казахстана.
  2. развивать творческие и коммуникативные способности, чувство коллективизма.
  3. воспитание в учащихся ответственности и терпимости к окружающему.
Сборник открытых уроков
Толық

Открытый урок: 16 декабря - День независимости Казахстана (Моя родина - Казахстан)

Цель урока: Расширение и углубление знаний и представлений учащихся о нашей Родине — Республике Казахстан.
Тип урока: урок усвоения новых знаний и умений
Задачи урока:

  • Вспомнить сведения о государстве, в котором мы живем;
  • Отработать понятие Родина, Отчизна, Отечество, малая родина;
  • Научатся анализировать текст, выбирать главное, определять основную мысль;
  • Развивать ассоциативное мышление, умение анализировать и делать выводы;
  • Воспитывать чувство гордости за свою Родину.
Сборник открытых уроков
Толық

Фархат Әбдірайымов Нұрсұлтанұлы (1966 жылы 21 қаңтар)

Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов - Қазақстандық актер.
Өмірбаяны
1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында туған. Қазақ.
Алматы технологиялық университетінің технологиялық факультетін бітірген (1988), инженер-технолог.
1988 жылдан - «Турист» мейрамханасының директоры.
1999 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасының (қазіргі Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ) актері.
Жеке өмірі
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесі бюросының мүшесі (2007 жылдан).
Діни көзқарасы - мұсылман.
Хоббиі - бильярд, суда жүзу. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Құдайберген Сұлтанбаев Тәуекелұлы (1947 - 2010)

Құдайберген Тәуекелұлы Сұлтанбаев (1947 жылы Қызылорда облысының Арал ауданы - 2010 жыл) - актер, қоғам қайраткері. Қазақстанның халық әртісі.
Өнердегі жолын 1970 жылы Гүлдер (ансамбль)нде жарық берушіліктен бастаған ол сан қырлы талантымен халықтың сүйікті актеріне айналды. Жас кезінде ауыр атлетикамен, акробатикамен айналысқан.
1974-1992 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік өнер институтының актерлік мамандығын, Абай атындағы Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Мұхтар Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданып, өмірінің соңына дейін осы театрда қызмет етті. Қара шаңырақ сахнада: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Жарас, Ғабит Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Жантық, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-Жер-Анасында» Майсалбек, «Ғасырдан ұзақ күнінде» Сәбитжан, Оралхан Бөкеевтің «Құлыным меніңінде» Гитарашы жігіт, Асқар Сүлейменовтің «Төрт тақта-жайнамазында» Собес, Әбжәміл Нүрпейісовтің «Қан мен терінде» Тілмаш, Дулат Исабековтің «Әпкесінде» Тимур, Уильям Шекспирдің «Гамлетінде» актер, «Ричард Ш»-де Епископ, Ф.Эрвенің «Түлкі бикешінде» режиссер көмекшісі, Николай Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады. Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Данагүл Темірсұлтанова Қайырсапқызы (1964 жылы 9 мамыр)

Данагүл Қайырсапқызы Темірсұлтанова (1964 жылы 9 мамырда БҚО Казталов ауданында туған) — қазақстандық танымал кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Республика жұртшылығына "Тамаша" әзіл-сқақ театрынан кеңінен танылған дарынды артист.
Данагүл Қайырсапқызы 1964 жылы 9 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында дүниеге келген.
1983 - 1987 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының "театр" бөлімін КСРО Халық артисі, профессор Шолпан Жандарбекова мен Қазақстанның халық артисі Тілектес Мейрамовтың сыныбын бітірген.
1987 жылы жолдамамен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамыа алынады. Сол жылдан бастап оыс қара шаңырақта еңбек етіп келеді.
1989 жылы "Тамаша" әзіл-сқақ театрына Лұқпан Есеновтың шақыртумен келеді. Осы кезден бастап республика жұртшылығына кеңінен таныла бастайды. ...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Гүлфайрус Ысмайылова Мәнсүрқызы (1923 ж. - 2013ж.)

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923, Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).
Өмірбаяны
Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.
1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Үндістанның көркінен көз сүрінер актрисалары кімдер?

Үнді актрисалары Үндістанда кино индустриясы пайда болғалы бері аса танымал. Олардың сұлулығына бүкіл әлем көз тігіп, ғашық болады. Ер-азаматтарды сүйкімді қылықтарымен баурап алатын үнді актрисалары кімдер? comode.kz порталы ең сұлу үнді актрисаларын назарға ұсынады.
Жаңалықтар
Толық