Тарих | Е Пугачев көтерілісі

Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған 1773-1775 жылғы шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты. Көтерілістің алғышарттары:
1. Патша үкіметінің Каспий теңізінің солтүстік-батысындағы шұрайлы жерлерді орыс помещиктеріне бөліп беруі.
2. Петербург билеушілерінің осы аймақты жазалаушы топтармен ойрандатуы.
3. Жайық бойында патша үкіметінің бекіністерді көптеп салуы.
Қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың көтеріліске қатысуына түрткі болған - жер мәселесі. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Кіші жүздің ханы Нұралы қазақ шаруаларының талаптарын ескеріп, 1742 жылы 19-қазандағы Жайық бойында мал жаюға тыйым салған патша үкімін жоюды талап етті. 1756 жылы императрица Елизавета Петровна башқұрттардың көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында мал жаюға уақытша рұқсат ете отырып, Жайықтың оң жағасына көшіп-қонуға тыйым салды.
XVIII ғасырдың 60 жылдарында патша үкіметінің Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені қазақ шаруаларына тартып алып беруі, қазақтарға бекіністерге жақындауға тыйым салуы халықтың наразылығын туғызды.
Кіші жүздің ірі ақсүйектері - Ералы, Досалы, Айшуақ сұлтандар, Нұралы хан көтерілісті қолдады.
• 1773 жылғы 20 қыркүйек - Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды.
• 1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түні - Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты.
Алайда Жайық бекінісін қоршаудағы Пугачевтің сәтсіздігі ханның көмек беруге асықпауына себеп болды. Пугачев күштерінің Орынбор әскери шебіне жақындауы осы өңірде көшіп-қонып жүрген қазақтарды рухтандырды. Қазақ жігіттері Пугачевтің әскерімен бірлесіп шайқасты:
- Жайық бекінісін қоршауға қатысты.
- Кулагин бекінісін алды.
- Орынборды қоршауға 2000 қазақ қатысты.
1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйген қазақтар Жайықтың оң жағасына өтіп, малдарын жайды. Нұралы хан бастаған ақсүйектер екі жақты бағыт ұстанды:
- Көтерілісті пайдаланып, жер тапшылығын жою.
 Көтерілістің өршуінен сескеніп, қазақтарды тәуелділікте ұстау және жеңілсе патша алдында ақталу.
1775 жылы 7 қараша - сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша, қысқы уақытта Жайық, Еділ Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілді.....
Рефераттар
Толық