Туған жер — тұғырың

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген сөз бар. Расында осы бір туған жер сөзінің астарында  оттан да ыстық Отан, Атамекен, кіндік қаным тамған жер деген ұғымдар астасып кетеді. Ал Отанды қазақ анасына теңеп, тіпті Отан ана дейді. Осыдан-ақ бұл түсініктің қазақ үшін киелі екенін аңғару қиын емес. Жаугершілікті көп көріп, «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама», ашаршылық, тәркілеу, репрессия, Ұлы Отан соғысы сияқты толып жатқан тарихи кезеңдердің нәубеттерін бастан өткізген халқымыз бізге осындай алпауыт жерді мұра етіп қалдырды. Сондықтан бүгінгі және келер ұрпақ алдында үлкен міндет — туған жерімізді көздің қарашығындай сақтап, оны өркендету көркейту тұр.  Осы бір...

Шығармалар
Толық

Туған жер- алтын бесігім!

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(Фариза Оңғарсынова)

Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел...  Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық....

Шығармалар
Толық

Мақсат Дауылбай өлеңдері

   Мақсат Дауылбай – жас ақын, Халықаралық, Республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. «Самғау» жастар сыйлығының иегері. Қызылорда қаласы әкімінің стипендияты. Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім басшысы.

Өлеңдер
Толық

Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......

Ертегілер
Толық

Прописка

Күн ұзарған, түн қысқарған көкектің кәрі қыздай қылтың-сылтың басы. Өскеменнен түсте шыққан автобус Ұлан арқылы Самарға тікелей асып, Ертіс түсіп, Күршімнен бір-ақ шығуға бел байлаған. Көкек келсе де наурыз жылымығының қайырма қызыл шұнағы қала ішін дірдек қақтырып, Ұлан асуына қарай созылған ұзақ жол беті сиыр жалағандай. Жып-жылмағай көк мұз. Алды-арты бірдей тартатын шағын сары автобус ішіндегі азғана жолаушыларды селкілдете ұрып, соқтырып келеді. Күн аяздан шаңытып тұр. Автобустағылар өзді-өзімен шүйіркелесіп, қайсыбірі жорта қалғып отыр. Жолаушылар арасында нәресте құшақтаған жас келіншек қыңқылдаған сәбиін уатумен әлек. Ең артқы орындықта отырған Архат олардың....

Әңгімелер
Толық

Әсемдік кремі

Теледидардан тікелей эфирден репортаж жүріп жатыр. Диктор қолындағы микрофонды жас бір қызға ұсынды:
  - Әсемдік тақырыбында бір зерттеу жүргізудеміз. Әсіресе, терінің сұлулығы неге байланысты деп ойлайсыз?
  - Әлі жеткілікті мөлшерде табыс таппайтын болғандықтан бетіме қияр қабықтарын жапсырамын. Кейде қияр кремін қолданамын. Сондықтан жылтырап тұр, әрине.
   Диктор жас әйелге барып:
   - Сіз ше, ханым, сіздің де бетіңізге ерекше....

Оқиғалар
Толық