Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамыз)

Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева (1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған) — қазақстандық танымал эстрада әншісі, кино актриса, тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2000). Педагогика ғылымдарының кандидаты (2009).

Меруерт Балғабайқызы 1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
1995 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "музыкалық театр актері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Тілектес Мейрамовтың классын бітірген.
1995 - 2001 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы болды. Осы театрда жүріп, Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан мен Есеней» спектаклінде Ұлпан рөлін, М.Ақынжанов, А.Әшімовтың «Алтын сақасында» Күнбала рөлін, М.Шаханов пен Ш. Айтматовтың «Сократ» спектаклінде Нуриді және т.б. елге танымал койылымдарда аса биік актерлік шеберлік көрсете білді.
1996 жылдан жеке шығармашылықта. ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық