Медицина | Колледждер ортасында денсаулықты сақтаудағы мәдени денсаулықты қалыптастыру факторлары

Мақсаты: жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс - қимылдарын келістіру.
Міндеттері:
● жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;
● тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық - педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдістемелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;
● балалар мен жасөспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым - қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;.....
Ғылыми жобалар
Толық

Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:
«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;
Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы

Дипломдық жұмысымның кіріспесін күллі Алаштың арыс-ақыны Мағжан Жұмабаевтың «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!» атты өлең жолымен бастауды жөн көрдім:

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты
Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,
Сөздерінде жалын бар.
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат, ұмтылған.
Көздегені көк аспан,
Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер,
Айбынды алаш елім дер,
Алтын Арқа жерім дер,
Мен жастарға сенемін!....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Нұрбол Бимұрзаев | Теледидар және балалар

Франциялық балалар психологы профессор Марсель Руфо: «Теледидар кереметтей қылмыс мектебі. Теледидар электрлік тыныштандырғыш болуы себепті, үнемі теледидар алдынан шықпайтын балаларда есірткі және тыныштандырғыш дәрі тәуелділігін жеңілдететіні анықталды. Теледидарды шамадан тым артық көретін балалардың тамақ жемей, ұйықтау қиындығы, жаман түс көру, сабақ оқуға немқұрайлық, қиялшаң өмір сүру, теледидардағы кейіпкерлерге еліктеу, тұйық болу, әлеуметтік қарым-қатынастарда сәтсіздік секілді келеңсіздіктерге тап болып жатқандығы көрінуде» дейді.

Соңғы жылдары жасалып жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде теледидардың ми функцияларына зиянды әсер ететіндігі анықталуда. Бұл зерттеулерден шығарылған нәтиже миымыз үшін теледидар көрумен, дуалға қарап отырудың айтарлықтай айырмашылығы болмауында. Бұл нәтиже бір қарағанда қисынға сай келмейтіндей көрінеді, алайда теледидар алдында миымыз автопилот режиміне еніп кетеді екен. Мұны бір тұтам азықты шайнамастан жұтып жібергенмен тең десе болады. Едәуір мөлшердегі ақпараттар талқыланбай, өңделмей миға тола береді. Бір сценарийге, шытырман оқиғаға ден қойылса да нәтиже осындай. Ми теледидар көре бастағаннан 60 секундтан кейін белсенділігін жоғалтады. Теледидардың бұл қасиеті ең көп жарнамашылар тарапынан қолданылуда. Жарнама көрсетіліміндегі ескертулер тез өзгеретіні соншалық, миымыз бұл жылдам өзгерісті ұстап қалу үшін бүкіл зейінін экранға бағыттайды. Ми гипнозға түскендей белсенділігін жоғалтып, жарнамасы жасалған өнімге талап қалыптастырылған болады. .....
Әңгімелер
Толық

Қош бол! Сен кереметсің!

Сұп-суық желі азынаған, күллі айналаны күңгүрт түске бояған күрең күздің соңғы күндері өтуде... Сап - сары болған жапырақтардай сағынышқа оранған менің жаным, санамнан еш кетпейтұғын сол жанды тағатсыз сағынады...
Өлеңдер
Толық

Кім болғым келеді?

Сурет салып үйренген
Суретші болғым келеді
Тақпақ жазып үйренген
Жазушы болғым келеді
Бар болуға ұнайтын
Ұстаз болғым келеді.
Тақпақтар
Толық

Бұйырмаған бақытым..

Мен сені сүйіп едім,
Басқаменен көргенім де қызғаныштан күйіп едім,
Сүйдім мен, бірақ жіберіп алдым сактай алмай,
Солай болғанына енді күйінемін.

Біз екеуміз жай ғана доспыз
Бірақ сені сүйемін....
Өлеңдер
Толық