Экономика | Кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекелестік

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсекеқабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының Өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеқабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру. Бәсекеқабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері төмендегідей:
• Ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ - нің өсуі
• Халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі
• Бюджетке салықтың тұрақты түсуі
• Шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану
• Елдің ғылыми техникалық потенциялын сақтау және дамыту
• Қалықты жұмыспен қамту
• Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын тауар өндірушілерге тәуелсіз шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі болып табылады және өзгермелі экономиклық ортаның жағдайына бейімделу, залал шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық