Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Капитал өндіріс факторларының бірі, яғни ресурс болып табылады, оны тауар өндіру үшін жұмсау керек, және материалдық игілік жасау үшін өндіріс, ақша және тауар формасындағы барлық жатады. Коммерциялық өндіріс ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және өндірістік запастар сатып алудан басталады, ал ол өз кезегінде инвестициялық салымдарды қажет етеді. Басқа жағынан, пайда ұйымның қаржылық қызметтің нәтижесі ретінде, оны тиімді пайдалануды талап етеді, ол да инвестициялық қызметпен байланысты.иналған құралдардың запасын білдіреді.
Инвестициялар – макро және микро деңгейде жиі қолданылатын экономикалық жүйе категорияларының бірі.
"Инвестициялар түсінігі" – көп қырлы құбылыс. Оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
Ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал- жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады.
Инвестициялар – халықтық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы. Инвестиция біздің экономика үшін жаңа түсінік. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Инвестиция туралы түсінік

Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс.Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесән ала келеді.
Біэдің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауысиырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Қазіргі уақытта дамушы және өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы капитал қозғалысында елеулі өзгерістер пайда болды. Жас ұлттық мемлекеттерден капитал шығару, бір жағынан, олардың экономикасының дамуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан, өнеркәсібі дамыған елдер жас ұлттық капиталдың өз елдеріне келуіне кедергі жасайды, сөйтіп дамушы мемлекеттерде негізінен шикізат өндірісін дамытады.
Бірақ соған қарамастан, көптеген дамушы мемлекеттер өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы қатарлы технология мен тікелей жеке меншік капиталды инвестициялау мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан да, шетелдік инвестициялардың басты мақсаты басқа мемлекеттерде жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал- жабдықтарды алуға және үлкен нарық құруға мүмкіндік береді.
Мен өз курстық жұмысымның алғашқы бөлімінде жалпы инвестиция түсінігіне және сол инвестицияның бір түрі тікелей инвестицияға тоқталып кеттім. Ал, екінші бөлімінде тақырыбыма байланысты Қазақстан Республикасында жалпы тікелей инвестицияның қалай және қай салада орналасқанын, сонымен қатар негізгі донор елдерге көңіл бөлгенді жөн көрдім. Осы бөлімнің бір бөлімшесі ретінде, мен біздің мемлекетімізге шетелдік инвестицияларды тарту не үшін қажет екеніне аз да болса тоқталып кетуді дұрыс деп шештім. Ал, ең соңғы бөлімін мен жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған инвестициялық саясатпен, инвестицияны ел экономикасына тарту кезінде пайда болатын негізгі проблемаларына жалпы шолу жасадым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы