Биология | Ақбөкен

иікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді. Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.
Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз. ....
Рефераттар
Толық

География | Қазақстандағы ақбөкендердің субпопуляциясының табиғи реттелу жолдары

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақыттардағы адамзат өміріндегі аса маңызды мәселелердің бірі, табиғаттың көркі жануарлар мен өсімдіктер әлемін сақтап, экожүйенің бұзылмауын қадағалау мен оны қалпына келтіру болып табылады. Себебі табиғаттағы кез-келген тіршілік иесінің экожүйедегі орны ерекше. Сол себептен оларды қорғау мен сақтап қалу үшін жұмыс жасау керек. Ал, бұл жұмысты орындау барлық адамзат баласының алдында тұрған ұлы міндет. Бұл зерттеу жұмысы да сол міндеттердің бірін орындаумен өзекті бола түседі. Жер көлемі жөнінен бүкіл дүние жүзінде ондықтың ішінен орын алатын ұлан-байтақ аумағымен, тау-тасты орман-көлді, шөл-шөлейтті алуан қырлылығымен көзге түссе. Фаунасы мен флорасы жағынан да басқа елдермен терезесі тең деп мақтана айтуға тұрарлық. Кеңес өкіметі тұсында алпыстан астам сүтқоректі аң, жүз алпыстан аса құс ауланып келсе, осы хайуанаттардың ішінде шаруашылыққа жағынан аса маңыздылардың бірі саналған ақбөкен болатын. Ақбөкен [1] көне заманнан бізге жеткен түз тағыларының бірі. Оның осы уақытқа дейін сақталып қалуының сыры, өзіне тән ерекше қасиеттеріне байланысты. Бұл жердегі киелі , қасиетті сөздерінің қолданылу себебі: « мүйізі»- пантокрин (жен-шень) дәрісі өкпе қабыну, жүрек, паралич, эпилепция ауруларынан емдеп, «тұяғының күлі» теміреткі мен денедегі жарадан жазса, «қаны»-шөлі қанбайтын сусамыр ауруынан айықтыратындығынан. Бірақ осы ерекшеліктерімен ақбөкендер тарих сахнасынан ХХ ғасырлардың бас кезеңдерінде жойылып кетудің алдында болды. Оған қорғау жұмыстарын дер кезінде жүргізудің арқасында халық шаруашылығына пайлану жағдайына дейін жетті. Содан кейінгі 1980-90 жылдары да осы жағдайы қайтадан қайталанды.сол себептен оны аулау тоқтатылып, қорғау жұмысы қолға алынды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық