1 сынып оқушыларына арналған тақпақтар

Балауса көкпеңбек,

Көктем бұл шырайлы.

Күн шуақ көктен кеп,

Төккені ұнайды.


Тәп-тәтті қырдағы бүлдірген,

Таңдайға балдай боп жағатын.

Бүлдірген тереміз бір-бірден,

Біреуі ауызды табатын.

Тақпақтар
Толық

Буриме деген не?

Буриме (фр. bouts-rimés) — Француз поэзиясында 17-ғасырдан бастап орын алған өлең түрі. Алдын ала дайындалған ұйқастарды пайдаланып өлең шығаруды машық етуден туған. Айталық, бір ақынның дайындап берген ұйқастарын қолданып, басқа ақындар өлең шығарған. Ақындық шеберлікті сынасу ниетімен әдейі осындай өлең үлгісін алған. Бұл, әрине, өлеңнің қуатын логикалық, көркемдік сақтаудан гөрі түршілдікке мән беру. Өйткені алдын ала даярланған сөзге, ұйқасқа сәйкес етіп өлең шығару оңай емес, шығарған күнде де ақын қол-аяғы байлаулы болған соң, көркемдік қабілетін еркін көрсете алмайды, ұйқасқа тәуелді болып отырады. Басқа халықтар поэзиясында бұл өлең түрі аз тараған. Орыс поэзиясында революциядан бұрынырақ бір топ ақындар арнайы конкурсқа қатысып, осы үлгі бойынша өлеңдер жазған. 

kz
Толық

Жабайы жануарлар

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Тарауы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Жабайы аңдар тіршілігі туралы түсінік беру.
Білімділігі: Жабайы аңдарды бір-біріне ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Әрбір аңның және баласының атын дұрыс атауға жаттықтыру. олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Балабақша сабақ жоспары
Толық

Алфавит бойынша қазақша түс жору

Әрбір адам ұйқы кезінде қызықты және мағыналы түстер көреді. Көптеген адамдар, оның көмегімен болашақта болатын оқиғаларды білуге болатындығына сенеді. Адам түс көріп уайымдай бермесін деп қазақ мынадай мәтел айтқан: «Түс түлкінің боғы». Сондықтан әр қашан Аллаға сиынып, өзінен амандық тілейік. Бұл мақаладағы материалдар, Миллердің түс жору кітабы және т.б. алынған.

Түс жору
Толық

Алфавит бойынша түс жору

Алфавит бойынша түс жору осы ақпаратымыз əр заттың артында мағына жататынына сенетіндерге арналған. Өз түсіңізге қол сілтемеңіз! Олар – сіздің ішкі жан-дүниеңіздің айнасы, оның бағыт-бағдарын бағыңыз. Мұқият болыңыз, бүгінгі түсіңіз сізге қандай сыр жасырмақ? Түс жору қазақша алфавит бойынша
Түнде түсіңізге кірген тылсым, құпия түстің мағынасын білгіңіз келеді ме? Біздің түс жорамалдарымыздың арқасында күнделікті түсіңіздің сырын ашып, бүгігіңіз бен ертеңіңізді зерттеп, ішкі уаймыңыз бен шешілмеген сұрақтарыңыздың жауабын табуыңызға болады. 

Түс жору
Толық