Экономика | АҚШ тың I ші және II ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы

Курс жұмысының өзектілігі: Бұл жұмыста АҚШ-тың I-ші және II-ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы жалпы жағдайы көрсетіледі. Оның ішінде ішкі, әлеуметтік және экономикалық саясаты баяндалады. Әсіресе, 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдеріне,яғни «Жаңа бағыт» саясатына ерекше көңіл бөлініп, түсінік беріледі. Сол кезде қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ-тың сыртқы саясатта ұстанған бағыты мен негізгі ұстанымдары сипатталады.
Курс жұмысының мақсаты: екі дүниежүзілік соғыс кезіндегі АҚШ-тың ішкі және сыртқы саясатын айқындап беру. Енді осы мақсатқа жету үшін осындай міндеттер қойылады:
1. I-ші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі барысындағы АҚШ-тың жетістіктерін көрсету.
2. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуы және «Жаңа бағыт» реформаларын көрсету.
3. АҚШ-тың ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысуы және сыртқы саясаттағы алатын орнын көрсету.
Тарихнамалық шолу: Осы курс жұмысын жазу барысында автор негізінен орыс тарихшыларының еңбектері мен әдебиеттерге сүйенді. В.Л. Мальковтың «Жаңа бағыты» атты еңбегінде АҚШ-тың «Жаңа бағыты» туралы толық мәліметтер берілді. Сондықтан автор Рузвельттің «реформалар жинағын» сипаттауда толығымен осы еңбекке негізделді. Сонымен қатар бұнда «Жаңа бағыттың» әлеуметтік-экономикалық саясаты да нақты сипатталған. Осыған тағы да Т.В. Галкованың «Социально-экономическая политика правительства Ф.Рузвельта на завершающем этапе нового курса» атты еңбегін де қосуға болады. Бұл әдебиет біршама өзгеше мәліметтер берді. Оның ішінде «Жаңа бағыттың» не себептен құлдырап,заңды күшін жойғандығы туралы сауалдарға осы еңбектің көмегімен анық көрсетті. А.С.Маныкиннің «Эра демократов» атты еңбегі АҚШ-тың жалпы саяси жағдайын суреттеген. Ал, АҚШ-тың сыртқы саясаты А.И.Уткиннің «Дипломатия Франклина Рузвельта» атты еңбегінде толық зерттелген. Сонымен қатар, В.Л.Мальковтың «Франклин Рузвельт. Проблемы внутренней политики и дипломатии: Историко-документальные очерки» еңбегі құнды материалдар берді. Сол сияқты, В.С.Ковальдің «США во второй мировой войне: некоторые проблемы внешней политики» және Ю.Кузнецтің «Вступление США во вторую мировую войну» атты еңбектері жалпы АҚШ-тың соғыс алдындағы және кезіндегі ұстанған ұстанымы мен жүргізген саясаты туралы толық мағлұмат берді. Ал, Куйбышевтің «История внутриполитической борьбы и общественной жизни США» еңбегі АҚШ-тың ішкі жағдайына,оның ішінде әлеуметтік және қоғамдық өміріне,төменгі таптың ереуілдері мен толқуларына,бір сөзбен айтқанда,ішкі шиеленістерге нақты түсінік берді.....
Курстық жұмыстар
Толық