Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Арман қала)

Арқа төсі гүлденді,
Бәйшешектер құлпырып.
Қызғалдақтар, сарғалдақтар жайқалып,
Нұр аспанның шуағына шаттанып.
Жылдар жылжып, заман дамып,
Пайда болды картада.
Жаңа қала, сәнді қала - Астана,
Бейбіт қала бас...
Өлеңдер
Толық

Әдебиет | Ауызша аударманың тарихы ХХ ғасырдағы ауызша аударманың өркендеуі

Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Халық арасындағы үзілмейтін үрдіс. Аударма көптеген халықтардың тілдерінің және әдебиеттерінің пайда болуында және дамуында маңызды рөл атқарады.
Аудармашы түпнұсқа тілін терең әрі жан-жақты біліп, сондай-ақ, сол халықтың тарихы мен мәдениетін көрсеткен жағдайда ғана аудармашы аударманың әлеуметтік жоспарын сәтті орындайды. Аударманың бірінші теоретиктері аудармашылардың өзі болды. Кез-келген теориялық концепциялар аударма процесінің қадағаланып отырған фактілерінің сипаттамасына сүйену керек, сонымен бірге осы фактілерді жалпылап, түсіндіру керек.
Аударма - бұл күрделі құбылыс. Оның жеке аспектілері түрлі ғылым салаларын зертеу пәні болуы мүмкін. Пәнге байланысты зертеуді бірнеше түрге бөлуге болады:психологиялық аударматану, әдебиет аударматану, этнографиялық аударматану, тарих аударматануы және т.б.
Аудармашылық халық арасындағы мәдениеттің әдебиеттің, қатнастың ортақ жылжу процесіндегі даму қабілеті.
Аударма сын - бұл, аударма өнерінің қандай дәрежеге жеткендігін көрсететін бірден-бір көрсеткіш.
“Әр халықтың адамзатқа, өткен мәдениетке, көршілеріне деген өзіндік ерекше қатысы бар. Әр халықтың аудармашылық іске байланысты өзінің тарихы бар. Бірақ, ұлттық мәдениеттің дамуындағы халықтың шығармашылығы, әдеби тілінің өзара байланысындағы аударманың рөлі белгіленген заңдарға бағынышты” [7]
Олексий Кундзич
а)Аударма түрлері.
Аударманың жалпы екі түрі бар;
1) Жазбаша аударма
2) Ауызша аударма
Жазбаша аударма мен ауызша аударманың бір-бірінен айырмашылығы – бұл осы аудармалардың әрқайсысын жүзеге асыру барысында, аудармашы түпнұсқаның әртүрлі үзінділерімен жұмыс атқарады. Аудармашы жазбаша аударма кезінде түпнұсқадағы айтылымды бірінен соң бірін аударады, бірақ түпнұсқаның мәтіні түгелдей оның қолында болады, және де әр айтылым берілген мәтіннің бірлігі болып есептеледі. Аудармашы бөлек айтылымды бүкіл мәтіннің мазмұнымен қатыстыра аударады;ол мәтіннің алдыңғы және соңғы бөлімдерінен аударма нұсқасын таңдауға қажетті қосымша ақпаратты іздей алады, ойдың даму логикасын , бөлек айтылымдар арасындағы дұрыс байланысты бақылай алады. ....
Рефераттар
Толық

тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ

Қоғамдық өмірге белсене араласқан Н.Орманбетұлы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтық үн көтерілген 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды. «Патша өкіметі бұл акцияны барып тұрған саяси күрес деп тауып, жергілікті басқару органдарынан бақылауды күшейтуді талап етеді. Дала генерал-губернаторы хұзырхатты ұйымдастырған адамдарды анықтап, олардың үстінен іс қозғау жөнінде Қарқаралы уезінің бастығына нұсқау береді. Уез бастығы Оссовский өзінің тексеру жұмысытарының барысында хұзырхатты дайындағандардың басшылары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев екендерін дәлелдеп, қазақ тілінен орыс тіліне аударған Т.Нұрекенов болғанын да анықтап, олардың үстінен іс қозғап, арттарынан аңдушылар қойды». Бұл жерде атақты Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылар Алаштың көсемдері, соның ішінде А.Байтұрсынов десек, халқымыздың қоғам және әдебиет қайраткері Қарқаралыда бастапқыда сыныптық орыс-қазақ, кейін қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Міне, Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде А.Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ереше бағалап, халқымыздың отарлық қысымдағы мүшкіл халын жеткізеді:
Мүбәрәк болсын тойыңыз, Басында тұр қазақтың.
Мақпал болсын ойыңыз, Қатарында біз қалдық-
Зерек болып шәкірттер, Ойын-күлкі мазақтың.
Бәлент болсын бойыңыз! Дүниесін түзей бер!
Бұйырмаңыз айыпқа, ауыл алыс, Дін көңілді безей бер!
Болмады тойғы сояр қойыңыз. Атын естіп қорқамыз,
Қараңғы қасірет бұл күнде- Ақыретті дозақтың (61,73).

М.Әуезов «Ахаңның елу жылдық тойы» деген мақаласында «1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген, ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші, жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшінші, отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселесі осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған» деп жазғанындай сол оянған ұлттық санаға серпін берушілердің қатарында Нарманбет те болды.....
Рефераттар
Толық

Журналистика - мен армандайтын мамандық

Бала күнімнен журналист болуды армандаймын. Арманыма жету үшін асығамын. Жақсы журналистке нендей талаптың үдесінен шығу керек дегенде менің түсінгенім : ең әуелі алдыңдағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек. Қарақан бастың қамынан гөрі ел мүддесі, халықтың тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында тұруы тиіс. Менің журналистика саласындағы мақсатым: «Жүрген жолы әрдайым нұрлы істер, Қаламың мұқалмасын журналистер!»-дегендей, жаңалықтың жаршысы болып, көрерменнен(оқырманннан,тыңдарманнан) алты сағат алда жүремін. Өз қызметімді жемісті атқару үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетімді толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, батыл, әділ қасиетіммен таныламын. Жеке бас мәдениетімді сақтап , мәселені терең білуге талпынамын. Өмірде әртүрлі жағдайға кездесетіндіктен,......
Шығармалар
Толық

Арман жыры алаштың, азатық еді аңсаған.

Азабыңды шеккен ел,
Тозағыңнан өткен ел.
Батысыңда қар жатса,
Шығысында көктем ел.
Бір шеті мен бір шеті
Жеткізбейтін неткен ел?!
Қ. Мырза Әли
«Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» - деп Елбасы бекерден-бекер айтпаған.Талай ғасырлар бойы осы жолда жан алысып жан берісіп, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, ұлан ғайыр осынау атырапты көзінің қарашығындай сақтап ұрпаққа қалдырған баһадүр бабалармыздың арқасы. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, небір алмағайып қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешулерді бастан кешіп, ұлттық рухымыздың сағын сындырған тарихи толқулар мен толғаныстарға толы болды.......
Шығармалар
Толық

Менің мақсат, армандарым!

Мен О.Қ.О Ордабасы ауданының шағын ғана Ытынмақ деген ауылында, 2001жылдың қазан айының 12-інші жұлдызында өмірге келдім. Менің отбасым өте үлкен. Себебі, біз атам, әжем, анам, әкем, ағам, інім, 3сіңілім және мен, бәріміз тату тәті жанұямыз. Кейде отбасыммен мақтанып та аламын. Мен шыр етіп өмірге келген сәттен-ақ, бәрі мені еркелетіп, қатты ерке болып кетіппін. Бірақ, отбасымда ең үлкені болғандықтан көп еркелей алмадым. Не дегенмен еркелігім кейін сейілді. Мен кішкентай кезімде айтқанымды істетпей қаймайтын қырсық болып өстім. Не болса да ешкімнің көңіліне қарамай, еш ойсыз, түсінусіз болғандаймын.......
Шығармалар
Толық

Қазақ әдебиеті | Э. Хемингуэй шығармаларындағы сатылы аударманың ролі.

КІРІСПЕ
“Егерде талайыңа таудай бақ қонып, жас
дәуреніңді Парижде өткізсең, сосын қай
жерлерде жүрсең де, ол өміріңнің ақырына
дейін өзіңмен бірге болады, өйткені Париж
өміріңнің тойындай әманда сенің жадыңда
жүреді жаңғырып”.
Эрнест Хемингуэйдің досына жазған хатынан (1950 ж.)
Американың ұлы жазушысы Э. Хемингуэй шығармалары адам болуға, адам болғанда да жүректі адам болуға, ел-жұртқа жақсылық істеуге, жазушы ар-абыройын биік деңгейде ұстауға тәрбиелейді. Өйткені, қай жердің, қай елдің оқырманы болса да, оның шығармаларынан рухани ләззат алып, қызыққа, хикаятқа толы өмірінен мол тағылым үйренетіні анық. / 1, 67/.
Жазушының балалық шағынан бастап аңшылықпен, балық аулаумен қатар аң аулау кәсібімен айналысуы және соғыста басынан кешкен жағдайларды, айқын әрі шынайы бейнеленгеннен шығармаларында көруге болды. Оның кітаптарын оқып отырып, көп нәрсені есте сақтап, оның прозасын басқа жазушылардың прозаларымен мүлдем шатастыра алмаймыз .
Өйткені өзгеге ұқсамайтын дара стильдік ерекшелігі бар. Жазушы балалық шағын Чикагоға жақын орналасқан Оук-Парк қаласында өткізді. Хемингуэйдің әкесі дәрігер болған, ал шешесі жас кезінде музыкамен айналысып, әнші болуды армандаған .
Сонымен бірге әкесі табиғат аясында болуды ұнататын, сол себептен де ол көлдің жағасына кішкене ғана аңшылық үйін салған еді. Атасы Эрнестке мылтық сыйлап, ол сол мылтықпен аңшылыққа шыққанды жақсы көрген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бабаларым аңсаған Тәуелсіздік!

Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Әдебиет | Көркем шығарманы оқыту мен талдау

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.
"Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті.
Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам — тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдіқ дамып, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағнетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізі; арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. М.Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді. «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, әсіресе құйынды екпінді тарихы, cap далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі — бәрі көрініп тұр» [1, 10-11б].
Ана тілі, сонымен бірте, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені балаларға ғылым негіздерінен жан-жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгеретін де осы пән.
Тіл дамыту бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі балаларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді [2, 23-25 б].....
Курстық жұмыстар
Толық