Журналистика - мен армандайтын мамандық

 Журналистика - мен армандайтын мамандық

Науан Гүлнұр
11 сынып, Қызыл-шаруа орта мектебі
Қызыл-шаруа ауылы, Т.Рысқұлов ауданы
Жетекшісі: Метерқұлова Ү. О.

Бала күнімнен журналист болуды армандаймын. Арманыма жету үшін асығамын. Жақсы журналистке нендей талаптың үдесінен шығу керек дегенде менің түсінгенім : ең әуелі алдыңдағы ақ қағазға, қаламға адалдық керек. Қарақан бастың қамынан гөрі ел мүддесі, халықтың тағдыры, Отанның бүгіні мен келешегі қашанда бірінші орында тұруы тиіс. Менің журналистика саласындағы мақсатым: «Жүрген жолы әрдайым нұрлы істер, Қаламың мұқалмасын журналистер!»-дегендей, жаңалықтың жаршысы болып, көрерменнен(оқырманннан,тыңдарманнан) алты сағат алда жүремін. Өз қызметімді жемісті атқару үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетімді толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, батыл, әділ қасиетіммен таныламын. Жеке бас мәдениетімді сақтап , мәселені терең білуге талпынамын. Өмірде әртүрлі жағдайға кездесетіндіктен, барлығынан жан-жақты хабардар болып фактіге жеңіл-желпі қарамай , оның түпкі мәніне, себеп-салдарына назар аударып, жаңалықтың жаңылмай шығуына атсалысамын. Өз білімімді теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп , өз көзқарасымды білдіремін.
Журналистиканың үш саласы бар : газет, радио, телевидение. Қазір заман талабына сай интернет журналистика шықты. Әрқайсысының өзіндік көтерер жүгі бар. Мәселен, газет жанры бойынша Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов атамыз : «Газет –әдебиет тобына жататындықтан, жазылған сөздер мағына жағынан толымды , көңіл жағынан қонымды , тізуі тәртіпті, сын алдында сымдай болуы тиіс» деп, газеттің көтерер салмағын сараптайды.
Радио саласы да оңай емес. Радиода адам микрофон алдында көзбен қабылданатын бейнесімен , қимыл-қозғалысымен көріне алмайды. Бұның бәрін дауыс алмастыруға міндетті. Ол барынша бейнелегіш қасиетке ие болуы тиіс.Сонда радио тыңдаушы дыбысқа сенеді, образды сезінеді.
БАҚ «төртінші билік» болғанда, ресми түрдегі үш билік : заң шығарушы, атқарушы, сот билігі бар. Бірақ, БАҚ – ын «төртініші билік» атаған халық. Қоғамның қолдауы мен ерік жігерінен пайда болған ұғым. Сондықтан «қолымдағы билігімді» пайдаланып, жетімнің жыламауына, сырқаттың емделуіне себеп болып, халықтың назын билікке жеткіземін.
Журналистиканың қай саласында жүрсек те, шындықтан ауытқымайық. Шерхан ата Мұртаза айтқандай : «арқалағаны-алтын, жегені-жантақ» журналистер әр қоғамға да керек. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «...Біз еркін бұқаралық ақпарат құралдарының иелері журналист ұжымдарының өздері болатындай жағдайға келуіміз керек. Ол адамдар жолсыздықты сынға алатын, алайда патриот , өз Отанын сүйетін және қоғамның тыныш, қалыпты өмір сүруін қалайтын адамдар болғаны жақсы...Журналистік ұжымдардың жемісті әрі емін –еркін жұмыс істеуі үшін қазіргіден де көбірек жағдай жасау жөн. Сонда Қазақстанда ашық қоғам да , еркін баспасөз де болады» деген еді ғой. Бұдан артық бізге не керек?
Елбасының бұл өткір сөзі еріккеннен айтылмаса керек . Тәуелсіз елдің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, ұлттық журналистикамызы жандандыруды қолға алды. Жоғарғыдағы жанашыр сөзі әрбір ұлтжанды, саналы азаматтың есінен шықпауы тиіс. Тәуелсіз елдің тағылымды тілшілері біз боламыз болашақта!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі