Дінтану | Иегова куәгерлері

Бүгінде дін сөзінің көптеген реңкі қалыптасқан. Миллиондаған адамдар өздерін белгілі бір дінге жатқызады немесе соның бөлшегі санайды. Діни ой-шабыт пен сезім тұтастай мемлекетке немесе жекелеген адамдарға күшті ықпал етуге қабілетті.
Адамдар көптеген себептер бойынша дінге қатысты болып келеді. Адам әрқашан:"біз қалай пайда болдық?", "біз бұл өмірге неүшін келдік?" және "біз қайда барамыз?" деген сұрақтарға жауап ізумен келеді. Ғылым бұл сұрақтарға бүгінде зерттеу және ғылыми тұжырымдау жолымен жауап беруге ұмтылады. Адамды ең алдымен өзінің кім екені қызықтырып ойландырады. Ғалымдар мен философтар әртүрлі және қарама-қайшы версияларды ұсынады. Алайда адамдардың көпшілігі жауапты діннен іздейді.Ал дін адамдардың кім екені және қайда баратынын түсіндіріп береді. Ол әрі адамзаттың қалай пайда болғанын түсіндіреді. Әлемде жүздеген діндер мен конфессиялар өмір сүреді және олардың наным-сенімі бір-біріне қарсы келгенімен барлығы да адамға өз түсінігін береді. Білуге деген ынта мен рухани тапшылық бізді жануарлардан ерекшелеп тұрады. Демек адамда физиологиялық мұқтаждықтан басқа рухани танымға деген талап-тілек те бар деген сөз. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ИАСАУИ МЕН ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫ

Демократиялық жолмен қол жеткен осынау тәуелсіздік баянды болуы үшін халқымыздың ғасырлар бойғы ұлт мүддесін, мемлекеттігін және рухани тәуелсіздігін қорғаған тәжірибесін парықтап зерттеу көкейкесті мақсатқа айналып отыр.
Қазақ халқы сан ғасырлық даму тарихы бар дәстүрлі мәдениеттің мұрагері. Еліміздің іргесі бекіп, шаңырағы шайқалмас мемлекеттігін нығайту үшін заман талабына сай осы асыл мұраны ел игілігіне пайдалану өзекті мәселе. Ел егемендігінің асыл мұраты, негізгі мән-маңызы рухани тәуелсіздікпен ғана толыққанды жүзеге асары анық.....
Рефераттар
Толық

Физиология | Зиянды әдеттер

Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ алкоголизмге келесі анықтама беріп отыр:Алкогол депспирттік ішімдіктерді ішу нәтижесінде кез келген формада қоғамға немесе оның мүшелеріне тигізуді айтамыз.Ішімдік көптеген созылмалы аурулардың пайда болуының негізгі факторлары болып табылады.Австралия ғалымдарының зерттеуі бойынша,бауыр церрозы ауруының 50ы,туберкулезге шалдығудың 30 ішімдік ішумен байланысты.Гетеборг қаласының ғалымдары 45-55 жас аралығындағы 10 мың ерлерді зерттеп ,ішімдікпен әуестенушілер әуестенбеушілерге қарағанда 2-3 есе жиірек қайтыс болатынын анықтаған.Ресей ғалымдарының зерттеуі бойынша ішімдікпен әуестенушілердің әустенбеушілерге қарағанда 20-30-ға көбірек гипертониялық ауруларға шалдығады. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Зигомициттер саңырауқұлақтар

Зигомицеттер (Zygomycetes)- саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық клеткалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді. ....

Рефераттар
Толық

Экология | Зерттеу орны

1. Зерттеу орны - Шымкент қаласының қазіргі
экологиялық жағдайы
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы сақталынған. Өндіріс өнімін шығару 11,8 пайызға, ауылшаруашылығының валдық өнімі 4,3 пайызға өсті. 2006 жылғы шығарылған өндіріс өнімі 142,5 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы көлем индексі 2005 жыл деңгейімен салыстырғанда 111,8%. Кішігірім кәсіпкерлікте 2007 жылдың 1 қаңтарына жалпы жұмысшы сапы 313,4 мың адамнан тұратын 115,4 мың субъект тіркелген. Облыс экономикасының өсуі автокөліктің және Шымкент қаласында өндіріс секторының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуына, өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің іркінді суларына қатысты экологиялық проблемаларды туындатады. Табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен проблемалар тереңдей түседі. Мәселен, 2006 жылы қоршаған органы ластаудан келіп түскен 394,353 млн. теңге төлемдердің тек ....
Рефераттар
Толық

Педогика | Зерттеу мәселелерінің жағдайын талдау

Педагогикалық ғылымының зерттеу әдістері. Ғылымның міндеті – зерттеу жұмысын жүргізу. Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмыстарында осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог – зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашанда ала алмайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірқатар шарттар орындалуы тиіс:
- белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы;
- белгілі жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі;
- зерттелінушінің ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру.
Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық тұрғыдан бақылау, зерттеу мақсатындага әңгіме, мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагогакалық эксперимент, алдыңгы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, әлеуметтік зерттеу әдістері (анкета, рейтинг), математикалық статистиканың әдістері, педагогикалық идеяларга теориялық тұрғыдан талдау жасау және т.б.
Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский, және Песталоццийлар қолданған. ....
Рефераттар
Толық

Психология | ЗЕЙІН

Егер адам қабылдағанына, не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біздің бір затқа қарасақ та оны байқауымыз немесе нашар көруіміз мумкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, ұғынбауы мүмкін. Егер біздің бар зейініміз басқа бір нәрсеге аударылып отырса, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңілін аударса, оның екжей-текжейіне дейін бәрін біледі және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Зейін туралы түсінік оның түрлері

Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой- санасын істеп жатқан әрекеті сол әрекет нысана тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр- түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата- аналарының оған айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Зейін туралы жалпы ұғым

3ейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердіц бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Заттың үш күйі

Қыстыгүні көлдер мен өзендердің беттеріндегі су қатып, қатты күйге – мұзға айналады. Мұздың астындағы су сұйық күйінде қалады. Біз мұнда судың әр түрлі екі күйін – қатты (мұз) және сұйық (су) күйлерін бір мезгілде қатар көре аламыз. Судың үшінші – газ тәрізді күйі де болады: көрінбейтін су буы бізді айнала қоршаған ауаның ішінде де бар.
Сұйық сынапты термометр резервуарынан көруге болады. Сынап бетіің үстіңгі жағында оның буы болады, ол сынаптың газ тәрізді күйі болып табылады. - 390С –та сынап қатады – қатты күйге ауысады.
Буды және сынапты мысалға алып, зат үш күйде – қатты дене, сұйық және газ түрінде кездесетінін көрдік. Әр түрлі күйде денелердің қасиеттері түрліше болады. ....
Рефераттар
Толық