Атақты ұрыдан туған ақылдылық

Бұрыңғы өткен заманда Жылысбай деген бір кедей адам болыпты. Бар кәсібі ұрлық екен. Ұры болғанда ана-мына емес, баукеспенің өзі болыпты. Оның ұрлаған нәрсесін, дүниеде адам баласы сезіп, көз шалып көрмеген екен. Сиқырлығы жоқ болса да сиқыршылардан ептілігі асқан ұры болыпты.

Жылысбай ұрының жас ортасына келіп қалған кезінде көрген Сапар деген жалғыз баласы болған екен.

Жылысбай жасы ұлғайып, жалғаннан өтетініне көзі жетіп жалғыз баласы Сапардың өмірі туралы қиялды бір қайғы ойлапты. Қайғысы:

— Өмірімді дерлік ұрлықпен өткіздім. Дүниеден ұрлыққа менен епті, менен ыспар адам болмады. Ұрлықтың арқасында қарным аш, киімім жыртық болып көргем жоқ. Ал енді, міне артымнан алдым жуық, жасым болса ұлғайды. Ерте ме, кеш пе, бір өлімнің бары рас. Ажалым жетіп бір күні өліп кетсем, Сапарым қалай кәсіп етіп, қалай өмір сүрер екен. Кедейліктің.....
Ертегілер
Толық

Құс өсіруші Гретаның бабалары

Мырзалар ауласындағы үйрек пен тауыққа арнап салынған әсем жаңа үйшікте Грета дейтін құс өсіруші әйел жападан-жалғыз құстармен бірге тұратын. Бұл үйшік мырзаның қамал сияқтандырып айнала op қазып, оған аспа көпір салып, маңдайшасын кереге бастандырып оюлап тастаған көне үйінің орнында бой көтерген еді. Ал оның нақ түбі қалың тоғай. Бір кездерде тап осы жерден сонау көлге дейін ұласқан бау болыпты, қазір оның да орны......
Ертегілер
Толық

Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай......
Ертегілер
Толық