Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау

Кіріспе
Мемлекет тәуелсіздігінің ең басты шарттарының бірі дербес салық саясаты болып табылатытындығы баршаға мәлім. Егемендік қолға тиген алғашқы күндерден-ақ салық қызметіне басты назар аударылғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын кез-келген елдің қоғамдық әлеуеті мен тұрақтылығы, экономикалық дамуы мен өркендеуі салық жүйесінің іс-әрекетіне байланысты екені белгілі. Салық ісі күрделі. Нарықтық экономика жағдайында салық ісі жоғары дәрежеде болуы тиіс.Мемлекетте алынатын салықтардың түрлері,салық қызметінің мемлекеттік салық жүйесін құрайды. Қазақсатан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына және Салық Кодексіне сәйкес экономикалық іс-әрекеттеріне байланысты мемелекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді бюджетке беріп отыруға міндетті. Салық комитеті біздің республикамыздағы азаматтарға салық төлемдерінің есептелуін және төленуінің тәртібін хабарлап, түсіндірулері керек, сонымен қатар бюджетке белгілі мерзімде түсіп отыруын бақылап отырулары қажет.Бүгінгі күнде салық комитеттерінің ең басты бағыттарының бірі ол қазіргі замандағы ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, салықты жинауды ұйымдастыруды жетілдіру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті.
Бланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керке. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осчы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бьетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Палакмерчук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді.
Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тағамтану | Ауданның нан зауытын гигиеналық және олардың санитарлық режимін жақсартуға бағытталған шараларды құрастыру

Адамға тағамына әртүрлі тағамдық азық түліктерқолданылады. Аралас, баланстық тағам рационындағы тағамдар өнімінің жинағы әртүрлі тамақтанудық және оның жоғарғы дәмдік қасиетін, сандық жеткіліктілігін және сапасының дұрыстылығын қамтамасыз етуге міндеттелген.
Тағам азық – түліктерінің табиғатын жануартекті (ет, балық, сүт, жұмыртқа) және өсімдіктерді (жемістер, көкөністер) деп бөледі. Химиялық құрамы, биологиялық қасиетініңәсері аралас заттар болып табылады. Олардың кейбіреулері пластикалық заттың көзі, басқасы энергетикалық материал көзі, биологиялық активті компоненттерінің түсуін қамтамасыз етеді.
Адам тамақтануында көп мөлшерде дән өнімдері алада. Тәуліктік рацоинды энергетикалық құндылығын дән өнімдері толтырып отырады.
Тағамдық өнімдердің тағамдық және биологиялық қасиеті және оларды дұрыс сақталуы тек қана тағамдық өнімнің жоғары сапалығына байланысы болады. Сондықтан да тұтынуға келіп түсетін азық – түліктің жоғары сапасы үшін күрес, сонымен қатар халық денсаулығының деңгейін көтеру үшін күрес болып табылады.

Мақсаты: Халық денсаулығын сақтау және азық – түлікті ұтымды пайдалану

Міндеті: Халық денсаулығы үшін азық – түлікті қауіпсіздігін және тағамдық құлдылығын сипаттайтын қасиеттерін анықтау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңде рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көзқараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастық. Қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған. Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу, шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б. әдістер жатады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;
- Жастарды адамгершілікке тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема – ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуымен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми – теориялық білімі болу керектігін және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды. ....
Курстық жұмыстар
Толық