Экономика | Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Акционерлік қоғам және бағалы қағаздар құрылуын, мәнін және олардың түрлерін, олардың қалыптасуы мен дамуын және ондағы қаржы мәселелерін қарастыру. Яғни, акционер – акцияның меншік иесі болып табылатын адам.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» (2004 ж) заңы бар, осы Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай – ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін және жауапкершілігін белгілейді.
Экономикасы дамыған елдерде олар корпорациялар деп те аталады. Акционерлік қоғамдар жабық және ашық қоғам үлгісінде құрылады. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда қоғамның атауы, сондай-ақ қоғамның үлгісіне қарай, «ашық акционерлік қоғам» немесе "жабық акционерлік қоғам" деген сөздер немесе тиісінше "Ашық Акционерлік Қоғам" және "Жабық Акционерлік Қоғам" аббревиатурасы болуға тиіс. Қоғам осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуден өтеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы

Кіріспе
Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс.
Индустриалды-инновациялық қызметтің құрылымдық тұжырымдамасы
республикамыздың индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы қабылданды. Оның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әр тараптандыру
жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазақстан өзінің тарихи таңдауын жасады. Экономика салаларының әр тараптануы және дамудың шикізаттық бағытталуынан шығу жолымен елдің тұрақты дамуына бағытталған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2003-2015 жж.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық-әлеуметтік байланыстар

КІРІСПЕ
I тарау: Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси – экономикалық байланыстардың дамуы.
1.1 Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, дипламатиялық қатынастардың орнауы.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап - ақ Қазақстанның жоғары басшылығы Ресеймен тату көршілік катынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым - қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стартегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылды.Қазақстанның пікірі бойынща, екі мемлекеттің әл - ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми -_ техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа басты назар аудара отырып,әлеуетінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым -қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекетаралық кооперацияға айналдыруға байланысты (1 - 73). ....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан мен Еуропалық Одақ

Кіріспе
Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсету және оның тұрақты экономикалық дамуына жәрдемдесу мәселелерінде халықаралық қаржылық ұйымдармен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың маңызды міндеті болып табылады.1995 жылы 23 қаңтарда Президент Н. Назарбаев Брюсельде Қазақстан Республикасымен Еуро Одақ арасындағы әріптестік пен ынтымақтастыққа қол қойылды.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Еуро Одақ әлемдік аренада жоғары дамыған аса алпауыт одақ. Оның осы белеске жетудегі ұстанған саясаты қандай және дамудың принціптері мен әдістері қандай соны білу. Еуро Одақ валюталық одаққа басшы бола отырып одан әрі өркендеп дамуда, әрі тұрақтылық тепе-теңдігін ұстануда. Еуро Одақтың Қазақстанмен дипломатиялық қатынасының мәнін ашу. Еуро Одақ Қазақстан экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Бұл курстық жұмысты жазудағы басты мақсат Қазақстан мен Еуро Одақтың арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтік байланыстарды анықтау. Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер орындалды:....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан- Қытай ынтымақтастығы

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылдады. Бұл уағдаластыққа сол кездегі министрлер Э. Шеварднадзе мен Цянь Цичэнь өз қолдарын қойып ресімдеді. Топтың кеңестік бөлігінде сол кезде осы күрделі үдерістің алға жылжуына зор үлес қосқан тәжірибелі қытайтанушылар Генрих Киреев пен Виталий Воробьев жұмыс істеді.
КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. Әлі есімде, 1992 жылы наурызда мені Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажетттігі туралы ұзақ түсіндірген-ді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Қазақстан қорықтары

Кіріспе
Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қарулы күштер | Қазақстан Қарулы Күштері

Кіріспе
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.
Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.
Қазір енді Отан қорғаушылар қатарында Ұлы Отан соғысы қаһармандарының ұлдары мен немерелері тұр. Олар әкелері мен аталарының үлесіне тиген қатал сыннан өткен жоқ. Әйтсе де олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қазақстан климатының ерекшеліктері

Кіріспе
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай, ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшыл. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда «Сібірдің қысы», «Азияның жазы» болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігі

Кіріспе
Қазіргі нарықтық экономика күрделі құрылым –бизнестің құқықтық нормаларының жүйесінде бір-біріне әсер ететін өте көп өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық құрылымдардан тұрады және нарық деп біріңғай түсінікпен біріктіріледі.
Анықтама бойынша, нарық – бұл өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушысы бар, тұтынушы сұранысы (сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір бағаға сатып алатын тауар саны)мен өндірушілердің ұсынысы (ұсыныс деп - өндірушілердің белгілі бір бағаға сататын тауар саны) бір-біріне әсер ету нәтижесінде тауар саны мен сату көлемі белгіленетін ұйымдастырылған құрылым. Нарықтың ұйымдастыру құрылымын қарастырған кезде қандайда бір тауарды жалпылама эквивалент құнына айырбастауға қатысатын өндірушілер (сатушылар) саны мен тұтынушылар (сатып алушылар) саны маңызды орын алады. Бұл өндірушілер мен тұтынушылар саны, сипаты мен қарым-қатынасының құрылымы сұраныс пен ұсыныс қатынасын анықтайды.....
Курстық жұмыстар
Толық