Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары

Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары казакша Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары на казахском языке

Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлімі
2.1 ) Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
2.2 ) Қазақстан қорықтарына сипаттама
1. Ақсу-Жабағылы
2. Алакөл
3. Алматы
4. Барсакелмес
5. Батыс-Алтай
6. Қаратау
7. Қорғалжын
8. Марқакөл
9. Наурызым
10. Үстірт
2.3 ) Қорықтар және табиғат қорғау мәселесі
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Көлемі 2,7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман – тоғайы, оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, айдын – шалқар көлі, сарқырап аққан өзен суымен бай, көрікті. Біздің өлкеде 34 миллион гектар жыртылған құнарлы жер, 186,9 миллион гектар шыбындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман, Д. И. Менделеевтің периодтық кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз алуан түрлі жан – жануарларға өте бай. Осы мол табиғат қазыналарын көздің қарашағындай сақтап, қорғауда республикамыздағы Алматы, Ақсу – Жабағылы, Барсакелмес, Қорғалжын және Наурызым қорықтарына қоса 1976 жылы ұйымдастырылған Марқакөл қорығының маңызы зор. Ұлан – байтақ республикамызда келешекте де осындай табиғи лабораториялар көбейе берсе дейміз.
Менің ойымша, республикамыздың барлық территориясының 0,3% - ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен – саран жағдайларда болмаса, жануарлардың ( сол сияқты өсімдіктердің ) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды.
Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың (және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп болғанда ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді.
60 – жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл – Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өмір – шеңділігін қамтамасыз ету.
Адам баласы ХХ – ХХІ ғасырлар аралығында негізгі қауіп –қатердің бірі – қоршаған ортаның нашарлауына тап болды. Осыған байланысты экожүйені әлемдік, аймақтық және ұлттық дәрежеде қорғау жалпы мақсатқа жетудегі негізгі міндеті болып табылады. Әлемдегі ең ірі және беделді табиғат қорғау ұйымы Халықаралық табиғат қорғау одағы ( ХТҚО, ағылшынша қысқартылған атауы – IUCN ) болып табылады, оған бірнеше мемлекеттер, сонымен қатар халықаралық және ұлттық үкіметтік емес бірлестіктер мүше болып кіреді. ХТҚО бүкіл әлемнен алты белгі мақсатқа арналған бағытта жұмыс істейтін бірнеше мыңдаған сарапшыларды біріктіреді. Олардың бірі – қорғалатын территориялар жөніндегі Әлемдік комиссия ( WCPA ), табиғи экожүйені қорғаудың теориялық және практикалық мәселелерімен айналысады, табиғи қор жағдайларына сараптау мен бағалау жүргізеді, тәуелсіз мемлекеттер үкіметіне қорғалатын табиғи территориялар жүйесін құруға ұсыныстар дайындайды.
ХТҚО онжылдықта бір рет қорғалатын территориялардың Бүкіләлемдік конгресін өткізеді, онда табиғи экожүйелерді қорғаудағы қазіргі жағдай мәселелері қаралады және келешекке жоспар жасалады. 2003 жылы Дурбан қаласында ( ЮАР ) өткен бесінші Бүкіләлемдік конгресс комиссия жұмыстарын қортындылай келе, биоәртүрлілікті қорғау және оның тұрақты дамуы үшін қорғалатын табиғи территориялар ( ҚТТ ) маңызын қайта бағалады. Оның ішінде, өткен онжылдықта табиғатты территориялдық қорғау мәселесінде ХТҚО келесідей нәтижелерге қол жеткізді:
- қорғалатын территориялар Биоәртүрлілік жөніндегі
Конвенция пікірін іске асыруда негізгі топ болып танылды;
- 1992 жылдан бері әлемдегі ҚТТ-ның жалпы саны және оның
көлемі екі еседен көп ұлғайды: қазіргі кезде, Антарктиданы қоспағанда, құрлық бетінің 12% - ынан көбі қорғалады, тек территорияның 10% - ына ғана қатаң қорғау тәртібі таралған;
- әлемдік мұраның табиғи және табиғи - мәдени нысаналар саны 101-ден 172-ге өсті, және де табиғи және мәдени қазыналарды қатар қорғау қажеттіліг одан да бетер ақиқат болып отыр.
Бұрын қорғалатын табиғи территориялардың адам баласының басқа саладағы мүдделері мен байланысы толық емес еді. Сондықтан Дурбан конгресі келешектің негізгі бастамасы қорғалатын табиғи территориялардың біртұтас жалпы жүйесін құру туралы қаулы қабылдады.
Әлемдік үлгі талабы бойынша мемлекет территориясы көлемінің 10% - ынан көбі қорғалатын табиғи территория болу керек.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан, қорғалатын табиғи территориялардың әлемдік жүйесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
2. Негізгі бөлімі:
2.1) Қазақстан қорықтары және қызыл кітап
«Қорық» сөзі өте көне ол сонау Киев Русінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. « Қызыл кітап » термині жақында, бар жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңқа ие болды. Бұл тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннан кейін (Рио – де – Жанейро , 1992) екі – үш жылда өсуіне байланысты күшейе түсті. Бұл мақалаларда осы ұғымдардың бір-біріне пара пар еместігі жайында сәл – пәл болса да ойлар жиі-жиі көріне бастады.
Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. Бірақ бұл терминдер мазмұны жағынан әртүрлі. Өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті сақтауды екі – территориялық және таксономиялық ( түрлік, түршелік және т.б) – тұрғыдан қарастырады.
Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларында қорықтар 1926 жылдан, Оңтүстік Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань табиғатының үлгісі ( эталоны ) ретінде бұл өңірде бірінші болып Ақсу – Жабағалы қорығы ұйымдастырылған жылдан ашыла бастады. Екінші болып, Қостанай облысының тың бидайықты далаларын, ең шеткі оңтүстіктегі қарағай ормандарын және жануарлар дүниесіне өте бай далалық аймаққа тән бірнеше көлдерді қорғауға алған Наурызым қорығы ( 1930 жылы құрылған ) ашылды. Одан әрі солтүстік Тянь- Шань, оның әр түрлі белдеуімен қоса, табиғатының эталондық учаскелерімен таныстыру мақсатымен Іле алатауы жотасының орталық бөлігінде орналасқан. Алматы қорығы құрылды ( 1931 жылы ). Төртінші қорық – Көкшетау облысының далалары, гранитті тас сілемдерінде өсетін қарағайлы – қайыңды ормандарымен айдын көлдерін ( Бурабай, Шортанды, Шабақты )
қорғауға арналған « Бурабай » қорығы. Бұл қорық бар-жоғы 15 жыл жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды.
Бесінші Барсакелмес қорығы, 1939 жылдан Арал теңізіндегі осы аттас аралда жұмыс істейді. Алтыншы қорық , Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылды, негізінен Орталық Қазақстандағы ( Ақмола облысы ) Теңгіз және Қорғалжын көлдерінің су айдынын және оларға жақын жатқан тың даланың аздаған учаскелерін алып жатыр.
Бұл жерлер су құстарының, соның ішінде Азияның ең терістігіне қоқиқаздар тобы (колониясы) орналасқан нағыз қанаттылар базары.
Келесі қорық – Марқакөл, осы аттас көл мен Оңтүстік Алтайдың таулы тайгасымен таныстыратын, 20 жылдан астам уақыттан кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал шөлді өлкедегі Үстірт қорығы 1984 жылы құрылған, ол үстірттің батыс тік жарларының ең биігінде орналасқан. Батыс Алтай тайгасының қол тимеген учаскелерін қорғау үшін осы аттас қорық 1992 жылы ұйымдастырылды. Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы қорғауға алынып, соңғы есеппен Алакөл қорығы 1998 құрылды.
Өкінішке орай, айтылған қорықтардың көпшілігі орман – аңшылық және аңшылық-қорық деп аталатын шаруашылықтар болып бірнеше рет қайта құрылды. Бұл кезде олардың территориялары көп өзгеріске ұшырап, тіпті бір жерден екінші жерге ауыстырылды ( мысалы, Алматы қорығы ). Тек Ақсу – Жабағылы қорығы ғана 75 жылдан аса батыс Тянь – Шань табиғатының эталоны қорғау қызметін бұлжытпай орындап келеді.
«Табиғат эталоны» термині – жай бейнелі сөз емес. Ол қорықтар құрудың бастапқы негізгі мақсатын білдіреді. Бұл барлық табиғи комплекстерді адам баласының қызметі күйінде эталандоқ учаскелер экосистемалардың даму бағыты мен қарқыны зерттеліп, мал жайылған немесе шөп шабылған көршілес осындай учаскелерде болып жатқан өзгерістермен салыстыру – адам баласының шаруашылық қызметі өздері пайдаланатын табиғат ресурстары мен барлық табиғат комплекстеріне қалай әсер етеді екен деген сұраққа жауап беруге тиіс. Биологиялық әртүрлілікті сақтау міндеті маңызды болғанымен де, бұл жерде ол комплексті қорғаудан кейін екінші орында тұрады. Айтылғандарды мына мысал арқылы түсіндіруге болады: Наурызым қорығы үшін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жеке топтарының күрделі жүйелі өзара қарым-қатынасымен қоса барлық көп комплексін сақтау ол жерде ұялайтын сирек кездесетін түр-бұйра бір қазанының санын көбейткеннен әлде қайда маңызды болып табылады. Екінші жағынан, түрді сақтап қалу мәселесінде сол қорықта ұялайтын 40 шақты бірқазанды ғана қорғап қалу емес, оны шешуде қорғалмайтын басқа көлдердегі олардың маңызы зор. Наурызым көлдерінде бірқазандар санының шектен тыс көбеюі тіпті қорық комплексіне зиян келтірген болар еді.
1. Ақсу – Жабағылы қорығы.
Ақсу -Жабағылы – Орта Азиямен Қазақстандағы ежелгі қорық. 2006 жылы оған 80 жыл толды. Қорық құру мәселесін көтерген белгілі гидробиолог А. Л. Бродский болатын, ол 1920 жылы бірінші рет Жабағылы және Ақсу өзендерінің жоғарғы жағында болды. Екі жылдан кейін осы жерді Ташкент университетінің бір топ профессорлары – Д. Н. Кашкаров, Е. П. Коровин, М. В. Культиасов, М. Г. Попов, Н. А. Димо зерттеулер жүргізді. Олар жердің қорық ретінде бағалы екендігін растады. 1925 жылы мамырда Шымкент жер бөлімі шешімі бойынша жерді қорыққа бөлу басталды, бір жылдан кейін оның шекарасын көрсететін белгілер қойылды. 1926 жылы маусымда Қазақ Республикасының Кеңес халық комитеті Ақсу – Жабағылы қорығының құрылғаны жайлы арнайы қаулы (хаттама № 25 ) қабылдады, ол 1927 жылы 27 мамырда Ресей Федерациясының Кеңес халық комитеті шешімімен бекітілді. Сонымен Ақсу – Жабағылы өз мерейтойын үш жыл қатарынан тойлауына болады.
Қорықтың қалыптасуы және бекінуі Борис Петрович Тризна ( 1867-1938 ) жұмыстарына байланысты, ол Ақсу – Жабағылы қалыптасуының ең қиын алғашқы онжылдығында басқарды. Осы кезде маңызды ғылыми зерттеулер жүргізілді, қызметкерлер саны мен қорық территориясы көлемі алғашқы 30 мың га 1937 жылы 69 825 гектарға ұлғайды. Келесі 50 жыл аралығында оның көлемі мен шекарасында шамалы ғана өзгерістер болды. Тек соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қорыққа Ақсай, Көксай өзендерінің жоғарғы жағын және Майдантал өзені аңғарының бір бөлігін қосты. Қазіргі кезде Ақсу – Жабағылы қорығының көлемі 128118 га, ол Қазақстанның Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында орналасқан.
Сонымен қатар қорықта екі палеонтологиялық жер бар, олар Қаратау тауында орналасқан. Сол уақытта Шымкент мұражайының директоры болып жұмыс істеген Б. П. Тризнаның белсенділігінің арқасында 1924 жылы мамырда көлемі 126 га Қарабастау жері құрылды. Қарабастау Кеңес Одағы бірінші палеонтологиялық қорық болды.
Көлемі 100 га Әулие жері тек 1973 жылы ғана қорық болып жарияланды. Осы жерлерде қорғалатын юра дәуірінің жануарлар мен өсімдіктер қалдығы - әлемдік ғылымның бірегей асыл қазынасы.
Ақсу – Жабағылының негізгі территориясы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігі мен теңіз деңгейінен 1100 – 4200 м биіктіктегі Угам жотасының қиыр солтүстік – шығыс тарамын алып жатыр.
Мұндағы тау жыныстарының басымы – төменгі карбон мен жоғарғы девон ізбестері. Ізбес сілемдері палеозойдағы ежелгі теңіз жануарларының көпшілігін – трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар, губкаларды қатқан күйінде сақтаған. Ежелгі тау жыныстары плиоцен мен төрттік дәуірдің қырық құрау қоспалары мен, сонымен қатар қазіргі аллювиальды және басқа да шығу тегі әртүрлі борпылдақ жыныстармен жабылған. Атпа жыныстар – сиениттер мен граниттер жер бетіне жиі шығып жатады. Олардың ізбестермен қосылысы мәрмәр түзеді. Қорықтағы тау жоталары қатты бөлінген. Олар шығыстан батысқа бойлай созылған және бедерлері ұқсас болып келеді. Солтүстік баурайлары әдетте жазық, кең тегіс сатылы бедерлер, тау адырлары қар және мұздақтармен көмкерілген. Оңтүстік баурайлары – тік, құрғақ және жартасты. Олардан жиі жіңішке үшкір жоталар кетеді, сөйтіп, сайда күрделі иірімдер түзеді. Орталық бөлігінде қалың мұзды жота Бұғылытөр көзге айқын түсіп тұрады. Осы мұздықтарының ішіндегі ең ірісінің көлемі шамамен 1 шаршы шақырым. Қорықтың басқа мұздықтары ( олар 50-ден астам ) оның мөлшерінен аспайды.
Қорықтаң негізгі өзендері – Жабағылы, Ақсу, Балдабірек, Бала – Балдабірек , олар батысқа қарай ағады. Оларға су, қар, мұз және бұлақтардан келеді. Өзен аңғарларының көпшілігі таудан шығар жерінде арна түрінде болады. Әсірісе Ақсу өзені арнасы ерекше көрінеді, оның тереңдігі 400 метр, 20 км-ден артыққа созылады. Ақсу –Жабағылының бірегей табиғи нысаналары мен көптеген көркем ландшафтары есте қаларлықтай. Бұл – Көкүйірім мен Жасыл керемет сұлу тау көлдері, Ақсу –Жабағылы, Шүнгүлдік және Бұғылытөр жарқыраған құлама мұздары, Балдабірек өзені аңғарындағы жіңішке құзды қақпалар Дарбаза, Майдантал өзендері ( көлдері ) сәулетті аңғарлары... Маржан сайындағы сұр жартастардың жұмбақ сілемдері дерлік түгел 250 милион жыл бұрын палеозой дәуірінде осы территорияны алып жатқан үлкен теңіз мекендеушілері ежелгі жануарлардың (маржандар, губкалар, малюскалар) тасқа айналған қалдықтарынан тұрады.
Бұл жерде біздің ата – бабаларымыз да өз іздерін қалдырды. Қара шөгінді тау мен жарқырыған ромб тәрізді қар мұздығынан тұратын, үлкен амфитеатрмен қоршалған, әсем де қатаң жерде Қасқабұлақ сайы шұңқырында атақты тас галереясы бар.
Қара темірлі – магенецті қабықпен қапталған жалпақ тастар бетінде үшкір қару ұшымен салынған ежелгі адамдар суреттері жақсы көрінеді. Мұнда екі мыңнан астам суреттер бар. Тас көркем суретінің таңғаларлық жазуларының орындалу мәнері мен алуан түрлі сюжеттері қайран қалдырады. Көбіне жабайы аңдар – ешкі, арқар, марал суреттері кездеседі. Жиі салт адамның атта немесе түйеде отырғаны, садағы мен найзасы бар аңшы, күресу, билеу, әртүрлі салт жораларын жасау және тіпті дарға асу суреттері көрсетіледі.
Осы суреттердің жасы жайлы әлі күнге дейін бір пікірге келмей жатыр. Зерттеушілердің көбі оларды сақ кезеңіне, яғни біздің дәуірімізге дейінгі V – IV ғасырға жатқызады. Басқалары Қасқабұлақтағы « сурет галереясы » тас дәуірінен бастап, біздің дәуіріміздің орт а ғасырларына дейінгі көптеген ұрпақтардың қолымен жасалған деп есептеледі.
Қорық ауа райы континентальды, ылғалдылық жыл маусымы бойынша біркелкі түседі. Жалпы түсетін жауын – шашынның ( таудың орта белдеуінде 950 мм) 30 %-ы қыста, 40 % -ы күзде және небары 10 % -ы жазда т үседі. Ауаның жылдық орташа температурасы + 5,6 0С, ең суық айда ( қаңтарда ) – орташа – 5,4 0С, ең ыстық айда ( шілдеде ) + 17,20С. Құрғақшылық кезеңнің орташа ұзақтығы – 70 күн, аязсыз – 142 күн, қар жабыны бар кезең – 160 күн.
Ақсу – Жабағылының биологиялық алуантүрлілігінің ғажайып әлемі ежелден әртүрлі мамандықтағы ғалымдардың назарын өзіне еліктірген болатын. Бұл қорық ғылыми зерттеулердің ұзақтығы мен нәтижелігі жағынан тек Қазақстанда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағының барлық қорықтарының ішінде алдынғы орынға ие. Мыңға жуық ғылыми және ғылыми - көпшілік мақалалар, сонымен қатар « Еңбектер » 8 рет шығарылды, ондаған кітаптар мен моногрфиялар, әсерлі көркем фотоальбомдар, буклеттер және 4 ғылыми – көпшілік кинофильм бүкіл әлемге таралды. Соңғы жылдары Батыс Тянь –Шань биоәртүрлілігін қорғау жөніндегі Халықаралық жабаның іске асуы нәтижесінде, Ақсу-Жабағылы өзенінің территориясын еңейтіп, материялдық – техникалық базасын бекітіп қана қойған жоқ, бүкіл әлемдік экологиялық саяхатшылар мен ғылымдар арасында танымалдылығын одан да бетер арттырады.
2. Алакөл қорығы
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені атырауындағы жануарлар мен өсімдіктер әлемі, табиғи бірлестіктерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралдарындағы Мойнақ шағаланың бірегей популяциясын және басқа топтас құстарды қорғау мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысымен құрылды. Ол Алматы облысы Алакөл а уданы мен шығыс – Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан.
Қорықтың алғашқы көлемі 12520 гектар болатын, сонан кейін 2743 гектарға кеңейтілді. Қазіргі уақытта оған Тентек өзені атырауы ( 17423 га ) мен Алакөл көлі аралдары ( 3320га) кіреді. Бірінші бөлімшше айналасында көлемі 21547 га екі шақырымдық қорғау аймағы құрылған. Қорғалатын аралдар Үлкен Аралтөбе, Орта және Кішкене Аралтөбе айналасында да көлемі 5130 га екі шақырымдық аралық аймақ белгіленген, мұның ішінде аң ,балық аулауға, қайықтар, кішкене кеме мен басқа да жүзетін заттар т ұрағына тыйм салынады.
Алакөл – Сасықкөл көлдер жүйесі Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы тау жүйелері арасындағы шөлді ойпатты алып жатыр. Ойпат ортасында ірі көл жүйелері – Сасықкөл, Қошқаркөл, Ұялы, Алакөл, Жалаңашкөл орналасқан.
Қазіргі ландшафтар мұздық дәуірден кейінгі ксеротермиялық кезеңде пайда болған. Көл бедері сатылы ойпаң жер жазықтығы түрінде, ол ежелгі теңіз және тұзданған көл шөгінділерінен қалыптасқан, көлді сор топырақты, шалғынды – батпақты және сор шалғын топырағы басым 10-25 шақырым жолақ жиектейді. Алакөл шұңқырында топырақтың шөлді түрі басым. Өзендер мен көлдердің жайылма сатылы жағаларында шалғанды-тоғай өсімдіктері астында аллювиальды – шалғын топырағы, ал батпақ пен көлдің төменгі жағалауларында қияқ – қамысты құрамысында – шалғынды-батпақты топырағы кездеседі. Бұйырғын – Көкпекті өсімдіктері таралған жерлерде тақырлар мен тақыр тәрізді топырақтар кездеседі. Эфемерлі – жусанды өсімдіктер астында шалғындық – сұр топырақ кең таралған, бұл сұр топырақты жерлерге тән. Алакөл шұңқырының биіктеу жерлерінде корбонаты аз сұр топырақтар дамыған.
Аймақ ауа райы қатаң континентальды – жазы құрғақ және салыстырмалы суық, қары аз және желді.
Ауаның жылдық орташа температурасы 6, 2 – 7, 20С аралығында ауытқиды, ең жоғарғы + 420С және ең төменгі – 460С. Қаңтардағы орташа айлық температурасы – 14,00С, шілдеде +24,10С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 146мм.-ден ( ст. Достық ) 279 мм.-ге дейін (ст. Үшарал )....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан қорықтары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан қорықтары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар география жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: География | Қазақстан қорықтары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін