Түбір мен Қосымша

Орманның ішінде бір кішкене үйшік бар.Онда түбір өмір сүреді.Оның достары басқаша түрленбейді екен.Түбір олар өзгерсе қалай болады екен деп ойлайды. Түбір бір күні орман ішінде ......
Ертегілер
Толық

Ақылды егінші

Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының.......
Ертегілер
Толық

Алтын балық / Золотая рыбка

Баяғы заманда Бағдат шаһарында жоқшылықпен күні өткен бір кемпір мен шал тұрады екен. Олардың ортасында сегіз жасар жалғыз ұл баласы болыпты. Кемпір үй ішімен айналысады да шал ау тартып, азын-аулақ іліккен балықты талшық қып, тағам етіп, күнелтеді екен. Бір күні баласы:
— Әке, мен де ау салуды үйренейін, бүгін мені жібер, – деп өтінеді. Шал мен кемпір жалғызы әлдеқалай суға түсіп кете ме деген қауіппен рұқсат етпесе де бала жылап-еңіреп қоймағансын, «барсаң бар» дейді. Бала қуанып кетеді. Кешкісін құрған ауына ертесімен барып қараса, бір алтын балық оралып тұрады. Бала қуанғанынан не істерін білмейді. Үйге жеткенше......
Ертегілер
Толық

Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты, оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек екен. Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз көк сиыры бар екен.
Күндерде бір күн Ермек шешесін қалдырып, өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде ол, бір қалаға жетеді. Сонда жүріп, әлде қалай базарға шыға қалса, бір шал сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда», - депті. Ермек келе салып:
- Бұл сандығыңа не сұрайсың? - депті.
Шал:
- Сандығыма мың ділда сұраймын, - депті.
- Мә ақшаң! - деп, ақшасын санап беріп, сандықты аллып, хат жазып, шешесіне беріп жібереді.
Ермек онымен оқи берсін, шешесіне келейік.
Кемпір көк сиырдың ертеңгі, кешкі сүтін пісіріп ішіп күнелтеді. Баласын ойлап, анда-санда жылап қояды. Бір күні кемпірдің алдына баласы жіберген сандық келеді. Кемпір қуанып, соны жер үйге бүкшеңдеп.....
Ертегілер
Толық

Жақсылық пен жамандық

Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып:
- Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті.
Жақсылық:
- Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сондан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жеріміізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті.
Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркезге....
Ертегілер
Толық