Тарих | Қазақ халқының тарихында Төле би Қазыбек би Әйтеке би

Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Әзірбайджандардың Озан қоғамының қоғамдық бірлестігі

Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 78 мыңға жуық әзірбайжандықтар бар ,
олардың 6 мыңнан астамы Алматыда тұрады . Алматыдағы « Озан » Әзірбайджан қалалық мәдени орталығы 1996 жылы құрылды . Оның төрағасы биология ғылымдарының кандидаты И.Я. Кулиев , орынбасары Қазақ СРО- ның еңбек сіңірген геолог - барлаушы Н.Г.Мамедов , ол ҚР - ның « Құрмет алтын кітабына » енгізілді .
Қоғамның негізгі мақсаттары ұлттық мәдениетті , ана тілді , тарихты , салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды жаңғырту , Алматы қаласындағы Әзірбайджан халқының өмірін зерттеу және қоғам қызметіне кіретін мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды жасау , ҚР - ның экономикалық өмірін зерттеу .Алматы қаласында тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетін дамыту мен халықаралық қатынастарды нығайту бойынша саясат жүргізудегі өкімет органдары мен басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасауы .
Достық Үйінде орналасқан әзірбайжан жекенбілік мектебі ана тілі мен мемлекеттік тілді , ұлттық әдет - ғұрыпты , салт - дәстүрді , фольклорды , әдебиет пен тарихты үйренуге септігін тигізеді . Оған тек қана әзірбайжандықтар ғана емес , сондай - ақ басқа ұлттың балалары да қатысады .
Орталықта ұлттық аспаптар жинақталған : тар , нагара , каманча , ұлттық киімдер , музыкалық жазбалар және видео касеталар .
Ән - би сабақтарына И.Әмирхановпен Л.Алазова жетекшілік етеді . 2002 жылы наурызда түрік халықтарының мәдени орталығында өткен мерекеге би тобы қатысты ., сондай - ақ « Сәлем , Голливуд ! » республикалық байқауына қатысты .....
Рефераттар
Толық

Тарих | АЛАШ ФИЛОСОФИЯСЫ ӘЛЕМ ҚАЗАҚТАРЫ МӘДЕНИЕТІ КОНТЕКСІНДЕ

Астана қаласының әкімдігі мен Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы Елорданың 10 жылдығы мен Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына арнап «Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» атты халықаралық конференция ұйымдастырған екен. Алаш алыптарының даналық идеясына халқымыз жер-жерде шынайы құрмет көрсетуде. Осы құрметтің биік реті Елордасы Астанаға да келіп жетті. Осы қуаныштарыңызбен Сіздерді шын жүректен құттықтап өоюға рұқсат етіңіздер.
Осы бір айдың көлемінде ХХ ғасыр басында Алаш қаласы атанған Семейде данышпан Шәкәрімнің 150 жылдық, Алаш қозғалысының 90 жылдық мерейтойына орай дүбірлі мәдени шаралар өткенін өздеріңіз білесіздер.
Шәкәрімге арналған мерейтойда Семей қаласының орталық саябағында оған ескерткіш ашылып, отандық ғылымдағы тұңғыш жеке тұлғаға арналған «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағының алғашқы алты кітабының және «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Келген қонақтар тарапынан жақсы бағасын алды. Бұларды санамалап айтып отырған себебім, аталған еңбектердің дүниеге келуіне бүгінгі жиынға қатысып отырған ғалымдардың көбінің атсалысқанын атап өткім келеді.
Сондай-ақ Семейде өткен Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған ғылыми-мәдени шаралар аясында алда істелер іргелі жұмыстардың жобасы айқындалды. Олардың басым бағыттарын «Алаш» энциклопедиясын дайындау, 100 томдық «Алаш қаласының кітапханасы» сериясы бойынша Алаш алыптарының еңбектері мен шығармаларын дайындау, тағысын тағылар. Қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті ректоры Ерлан Сыдықов, Семей мемлекеттік педагогикалық институты ректоры Мейір Ескендіров, М.О.Әуезов атындағы Семей университеті ректоры Шырын Құрманбаеваның үш жақты келісімінің арқасында жоғары оқу орындары аралық Алаштану ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бас ғимаратының алдында Алаш көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға елімізде тұңғыш ескерткіш орнатылды.
Бұл жерде айта кететін бір мәселе, осыдан бес жыл бұрын біз «Алаш – Семей» энциклопедиясын дайындауға кіріскен едік. Академик Рымғали Нұрғалидың басшылығымен «Алаш» энциклопедиясының сөзтізбесі болып дайындалған еді. Аумалы-төкпелі кезеңде ол бастама өзгеріске түскен болатын. Алаш – қазақ санасында берік орын алған қасиетті макроұғым болғандықтан келешекте Алаш философиясы метағылым деңгейіне көтерілетіндіктен бұл мәселе қайта айналып келіп алдымыздан шыға берері сөзсіз. ....
Рефераттар
Толық