Мектепалды даярлық тобына сабақтар топтамасы

Мектепалды даярлық тобы
Мақсаты: Балаларды қарапайым математикалық ұғымдармен яғни қарама - қарсы ұғымдарды, өзіне қатысты кеңістікті бағдарлауды үйрету. Заттарды санына қарай салыстыра білу әрі ертегіні тәрбие құралы ретінде пайдаланып, бір - біріне көмектесу, ұнамсыз істерді болдырмау. Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін пайдаланып заттарды ретімен айтуға, санауға үйрету. Математикаға деген қызығушылығын арттыра отырып ойын, тілін, танымдық әрекетін дамытып, бір - біріне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, кейіпкерлердің ойылған макеті, мультимедия, текшелер, логикалық тапсырмалар, биік, аласа үйлер, теректер, гүлдер, мультимедия арқылы бейнебаян көрсету.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, ойындар, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: «Балалармен бірге танымдық тәжірибе жұмыстары»
Мақсаты: Су туралы, білімдерін кеңейту, судың қасиетімен таныстыру, іс – тәжірибе жасауға қызығушылығын арттыру. Суға қамқорлық жасауға үйрету.
Білімділік мәні: Балаларды судың қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру ( дәмі жоқ, иісі жоқ, белгілі пішінді болмайды, түссіз, жақсы еріткіш болып табылады).
Дамытушылық мәні: Себеп салдарлық қатынастарды белгілеу дағдыларын қалыптастыру арқылы балаларға судың мөлдір болатындығы жайлы, суда тірі ағзалардың өмір сүре алатындығы туралы түсінік беру.
Тәрбиешілік мәні: Сүйіспеншілік пен қызығушылықтарын арттыру, суға деген ұқыптылығын тәрбиелеу......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

• Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.

КІРІСПЕ
«Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт.
... баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді...»
Х. Досмұхамедұлы

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Алтын күз әсем айналам еліне береке сыйлаған

Залдың іші күз мезгіліне сай етіп безендірілген.
Мақсаты:
Білімділік: Күздің ерекшеліктері туралы алған білімдерін толықтыру.
Тақпақтарды мәнерлеп айтуға жаттықтыру. Би элементтерін нақты орындауға жаттықтыру
Дамытушылық: әндерді музыка ырғағымен айтуға талпындыру, ойындарға
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелеу: ертегі сахналағанда кейіпкерлердің дауыс ырғағына келтіріп айту дағдысын жетілдіру, балалардың мерекелік көңіл - күйін көтеру.

Жүргізуші: Күз ұсынып егісі мен жемісін,
Әкеледі халыққа бар молшылық.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата - аналар, балалар. Бүгінгі
«Алтын күз, әсем айналам еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алдымен №3"Жұлдыздар" ересектер тобының бүлдіршіндерін қарсы алайық.
Әдемі әуенмен балалар залға кіреді.
Ән: «Күзгі жапырақ» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық