Информатика | Білім базасын сапалы түрде құру мәселелері

Сараптау жүйелерінің пайда болуының алғы шарттары өткен ғасырдың 70 жылдарын қамтиды. Бұл уақыт кезеңінде мәліметтер базасымен қатар білім базаларын қолдану мәселесі пайда болды. Яғни білімді ұсыну бойыншы бір қатар модель түрлері құрылады. Мысалы Нью Эл және Саймон атты ғалымдар білімді ұсынудың продукциондық моделін, ал 75 жылы Минский білімнің фрэймдық моделін ұсынды. Сонымен қатар логикалық есептеулер үшін бір қатар сараптау жүйелері құрылды. Жалпы сараптау жүйелерінің бірнеше анықтамалары бар:
1.Сараптау жүйесі белгілі бір қолдану саласы мәселесін шешу барысындағы мамандардың іс-қимылын модельдеуге және имитациялауға арналған интелектуалды есептеу жүйесі.
2.Сараптау жүйесі кез-келген қолдану саласында пайда болған мәселені сарапшы маман жүзеге асырғандай етіп орындайтын жасанды интелектуалды есептеу жүйесі.
3.Сараптау жүйесі сарапшы мүмкіндіктерін компьютер мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе.
4.Сараптау жүйесі өте күрделі программалық кешен, себебі мұнда қолдану салаларының мамандарының барлық білімдері қамтылған және олар тәжірибиеде басқа деңгейдегі пайдаланушыға таратылады.....
Рефераттар
Толық

География | Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысының орман шаруашылығы

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры 206149 га жерді құрайды, соның ішінде орманды жерлер 95557 га. Облыстың орманды өңірі шамамен 0,6 %.
Ормандар көбінесе Орал, Елек өзендері жағалауында орналасқан, сонымен қатар Шыңғырлау ауданының кішкене шоқ қайыңдарынан және Бөкей Ордасы ауданының құм төбелер аралық төмендеуінде орналасқан.
Орманды жерлер келесі негізгі түрлермен көмкерілген: қара терек – 36%, қарағаш – 25%, ақ тал – 17%, қайын және көк терек – 2%, емен – 3%, бұталар – 17
Облыста 615 га және қылқанды ағаштар (шырша) бар, соның ішінде Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі аумағында – 123 га, Январцев мемлекеттік мекемесінде – 448 га және Орал мемлекеттік мекемесінде – 44 га.
2007 жылы 200 га көлемінде жол жанындағы ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар «Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру шаралар Жоспарында қарастырылған 150 га көлемінде құмдарды бекіту жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді болдырмау мақсатында түрлі алдын алу шаралар өткізілуде: 2007 жылы 2,1 мың км және 8,5 мың км аумағында жолақтарды құнарландыру және оларды күту бойынша жұмыстар жүргізілді. Өрт қауіпті маңызы бар 70 км. жолдарды жөндеу және ұзындығы 97 км оралым соқпақтарын кесу жұмыстары өткізілді.
Жыл сайын ормандарды санитарлық қорғау мақсатында 5,5 – 6,3 мың га көлемінде орманды зиянкестерден қорғау, жою жұмыстары жүргізіледі.

2008 жылы мемлекеттік жер қоры аумағында көлемі 140 га жерде орман отырғызу жұмыстары жоспарлан
Жыл сайын облыстың елді мекендерінкөгалдандыру үшін 150 мың дана көшеттер өсіріліп, сатылады, олардың түрлері орташа 5-7 данаға жыл сайын көбейіп отыр.
«Жасыл ел» Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарын орындау шеңберінде жыл сайын облыстың жоғарғы оқу орындары мен колледждер студенттері жалпы саны 400 адам күтіп баптау мақсатында кесу, санитарлық кесу жұмыстарына және тұқымбақтарда өсіріліп жатқан екпе ағаштарын күту жұмыстарына тартыла 2000 ды. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Білімді қабылдау тәсілдері және мәселелері

Сараптау жүйелері – бұл негізгі пәндік обылыстағы мамандардың білімін жоғарылататын күрделі программалық комплекс . Жалпы мен , осы рефератта сараптау жүйесінің қызметін , жалпыланған құрлысын , сипатталуын қарастырдым . Негізі нағыз сараптау жүйесі бұдан да күрделі құрылымда болуы мүмкін. Сараптау жүйесін қарастырған кезде біз жасанды интеллект пен білім базасымен кездесеміз . Ал , білім түсінігімен жасанды интеллект негізінде құрылған жүйелерді құру барысында кездесеміз. Білімдер бұл кез-келген қолдану саласына қатысты мәселені мамандарға шешуге мүмкіндік беретін және кәсіби тәжірбие , практикалық қызмет нәтежесінде алынған осы қолдану саласының заңдылықтары қағидалары және байланыстары. Бәріне де білім базасы мен мәліметтер базасының арасындағы байланыс, көптеген пайдаланушылардың арасында қызығушылықты туындатады .
Мәліметтер сияқты білімдер өңделу барысында келесі түрге ие болады :
1. Ойлау қабілеті нәтежиесіндегі адамның есіндегі білімдер
2. Білімдерді материалдық тасығыштар
3. Білімдер шебері . Қолдану саласы обьектінің , олардың атрибуттарының және де байланыс заңдылықтарының шартты түрі .
4. Білімдерді ұсыну түрлерімен сипатталған білімдер , яғни, продукциондық модельдер , фреймдер , семантикалық желілер , логикалық есептеулер ;
5. Білімдер базасы машиналық тасығыштарындағы ақпарат
Білімдер бұл – қатаң құрылымдағы мәліметтер , метамәліметтер білімдерді сақтау үшін білім базасын қолданады . Білім базасы кез-келген интелектуалдық жүйенің негізгі компоненті болып табылады . Құрылымдық ерекшелігі бойынша білімдер қолдану саласы туралы фактілерден және ережелерден тұрады . Факт- қолдану саласы туралы қысқа мерзімді білімдер. Білімдер ережелер – фактілерді өңдеу алгоритімін анықтайтын ұзақ мерзімді білімдер . . Сонымен білім базасы фактілер , ережелер жиынтығы және осы жиынтықта қызметін қамтамасыз ететін заңдылықтар . Білімдер базасы технологиясы өз даму барасында мәліметтер базасы технологиясының дамуының жалғасы болып келеді.
Мәліметтерден білімдерге ұласу – ақпараттық құрылымдарының дамуының және күрделенуінің логикалық күрделі нәтежиесі: ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Баға нарықтық экономиканың негізгі элементі

Баға-көп функционалды экономикалық құбылыс, (ведущая) алдағы нарықтық категория. Бағаның өзгеруінен көбінесе әлеуметтік, экономикалық, сонымен қатар саяси қайшылықтар туындайды. Сондықтан да басқару құрылымдары (властные структуры) және маркетингтік қызметтер ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам бағалар туралы барлық жақты және объективті ақпараттарға, олардың өзгеруінің заңдылығы мен тенденциясының терең анализіне қызығушылықпен қарайды.
Баға-тауар бірлігіне берілетін ақша соммасы, тауардың ақшаға айырбасының эквиваленті.
Бағалар, олардың құралу және өзгеруінің процестері өзімен статистикалық зерттеулердің пәнін көрсетеді. Баға статистикасы-нарық статистикасына және әлеуметтік-экономикалық статистикаға олардың құрама бөлігі ретінде кіретін жеке (самостоятельный) блок. Баға бойынша ақпараттардың екі қайнар көзі белгілі. Біріншісі, тұтыну нарығындағы тарифтердің бағаларының өзгеруін қадағалау. Екіншісі, халықтың тұтынуын, шығындары мен табыстарын таңдамалы статистикалық зерттеулердің бір түрі ретінде бюджеттік зерттеу. Осы қайнар көздердің негізінде негізгі тұтыну тауарлары мен қызметтерін фиксталған (фиксированному) жинау (набор) бойынша тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) (кейде өмір құнының индексі деп аталады) есептеледі. Көп елдер (стран) үшін есептеу әдісі бірдей болып келеді. Бұл ТБИ-нің халықаралық салыстыруларын (сопоставления) жүргізуге көмектеседі.
Баға түсінігі, оның экономикалық табиғаты нарықта баға ойнайтын екі рольде сипат алады ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі

Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат. .....
Рефераттар
Толық

Мақтанышым – мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.......
Шығармалар
Толық