Экономика | Параллель тізбекті емес тізбектер

Электр техникасы деп электр магниті кұбылыстарын практика жүзінде кең салаларда колданылуын айтамыз. Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан, техникалық жоғарғы оқу орындарында «Электр техникасының теориялық негіздері» курсын ашуға тура келді. Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізі болып есептеледі.
Осы курстың негізгі бір міндеті ол кұбылыстарды тоқтар, кернеулер, қуаттар, магнит ағындары т.б. түсініктер арқылы есептеу, зерттеу. Сондай-ак тағы бір атқаратын міндеті, ол әр бір құбылыстарды электр кернеулігі, магнит өрісінің индукциясы, қуат ағындары, т.б. түсінәктер аркылы есептеу, зерттеу. Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге, ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге, зерттеуге арналган.
Электр техникасының өсіп дамуы электр магниті құбылыстарын жете зерттеуді, оқып білуді, практика жузінде пайдалануды керек етеді. Осы зор еңбекте, ізденуде, көптеген жаңалыктарды ашуда орыс инженерлерінің, ғалымдардың қосқан улесі аз емес. Олар шет елдердің көрнекті ғалымдарымен бірлесе отырып электр техникасының маңызды салаларының бастамасына жол ашты. Осы бастаманы бастаіандардың бірі М.В.Ломоносов. Ол атмосфера электрі атты теориясын кұрды. Заттың салмағының ақталсу және қозғалыс заңдарын ашты.
А.Вольт (Италия фізигі) ойлап тапқан гальваникалық элементтер бағанасынан кейін электр тоғын алуға мумкіншілік туды. 1802 жылы В.В.Петров электр тізбегіндегі процестерді зерттеп электр доғасын ашты және осыларды іс жүзінде жарық шығаруға, металды балқытуға, металдарды пісіріп жалғастыруға пайдалануға болады деген көзқарасын айтты.
1845 жылы неміс физигі Г.Кирхгов тармақталған электр тізбектеріне арналған негізгі заңдарын айтты.Сондай-ақ, осы заңдар Кирхгов атымен аталып теориялық және практикалық электр техникасының дамуына зор әсер етті. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің же экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан түрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қогамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен корғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Көлік құралдарына салынатын салық

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогресшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады. Ондай ауқатты адамдар қазіргі күрделі өтпелі кезеңде салықтың негізгі ауыртпалығын салықтың өз мойындарына алулары тиіс екендігін жете түсінетін болуы қажет.
Салық практикасы мен экономикалық конъюнктура акцизделуге жататын бірқатар тауарларға салық салу жөніндегі нормативті базалардағы өзгерту қажеттілігін қатаң талап етіп отыр.
Бұл жерде мынаны атап айту қажет. Кедендік салықтар мен акциздер төлемі саласындағы жеке адамдарға арналған жеңілдіктер беру практикасын пышақ кескендей тоқтату жөнінде шешім қабылдайтын уақыт әлдеқашан жетті.
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады.
Бұдан кейінгі мәселе – қатаң бақылау орнату. Ондай бақылау әкімшілік тұрғыдан күш қолдану арқылы емес, қайта осы заманға нарықтық құралдардың валюталық қаржылар мен экспорттық-импорттық операциялардың қозғалысына бақылау орнату болуы тиіс ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Кәсіпорынның өндірістік шығындары

Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет етеді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құнын) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі:
өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама);өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).
Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар:
өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу – келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу – реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсы бір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлаутынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағытының мысалы болып табылады. Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы ақпаратты жинайды: жұмыс күшінен шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша шығындар(немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелік және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды “қазандық” деп аталатын тәсілмен анықтап келеді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылытын өнім түрі бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.
1887 ж. ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты- тұрақты және шартты- өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады,шартты-тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлемінетікелей байланысты емес, ол шартты -өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорционалды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | КРОН ААҚ Ң БИЗНЕС ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ

Американың белгілі қоғам қайраткері Бенджамин Франклин былай деген екен: “Болашаққа көз таста, әйтпесе артта қалып қаласын”. Менің бұндағы айтайын дегенім жоспарлау туралы. Себебі, жоспарлау кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекеттің негізі болып табылады. Онсыз ешбір фирма нарық жағдайында өмір сүре алмайды.
Жоспарлау туралы сөз қозғағанда бизнес жоспарды естен шығармаған жөн. Өйткені, бизнес-жоспар кәсіпорынның даму преспективаларын анықтау үшін, баантен несие алу қажеттілігін дәлелдеу үшін, рентабельді жұмысты ұйымдастыру жағдайларын құру үшін, фирманың материялды және қаржылық жағдайын зерттеу үшін қажет болып табылады. Нарық жағдайындағы шаруашылықты жүргізгенде бизнес-жоспар кәсіпкерліктің әр түрлі сферасы мен формасында қолданылады және кәсіпорын не болмаса кәсіпкер нарық конъюнктурасының өзгерісіне байланысты кездесетін мәселелерді бейнелеуге көмектеседі. Бизнес-жоспар ұсынылы отырған бизнестің қысқа, нақты, түсінікті көрінісі болып табылады, әрі кәсіпорын алдында тұрған стратегиялық, тактикалық шешімдерді және:
- кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық және қаржылық-экономикалық жағдайына бағалау жасауды;
- кәсіпкерлік іс-әрекеттің потенциялды мүмкіншіліктерін анықтауды;
- жоспарланған периодқа инвестициялық мақсат құруды қарастырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы

Азық-түлік проблемасы адамзат тарихында әлімсақтан келе
жатыр. Адам баласы ғасырлар бойы өмір сүре отырып, азық-түлік
молшылығын жасау жолдарын нәтижелі шешуді армандап келеді.
Ғылым мен техника дамуымен таң қаларлық әр түрлі жобалар
пайда бола бастады. Олардың көбісі бір жаңалықпен немесе өнер
тапқыштықпен бүкіл адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз етуді
мақсат етіп қойды.
Жер шаруашылығы мен мал шаруашылығын, сонымен қоса
олардың жетекші салаларын, агроөнеркәсіп өндірісі саласындағы
жалпы ғылыми техникалық өркениетті дамыту әлі ұзақ жылдарға,
жүз жылдықтарға жалғаса береді. Адамзаттың азық-түлік
проблемасын табысты шешу тек осы жолмен ғана айқындалмақ.
Дүние жүзінің жетекші елдері ауыл шаруашылығы
көлемінің 55 проценттен астамын, оның ішінде АҚШ 20,5
процентін, Еуропа экономикалық қауымдастығы елдері 18,5
процентке жуығын және Жапония 4 процетке жуығын өндіреді.
Осы елдерде үкіметтік және үкіметаралық деңгейде бағаны ауыздықтау және агробизнесті дамыту мақсатында азық-түлік тауарларын өндіруді шектеу және оларды квоталау жөнінде заң актілері мен келісімдер қабылданды. Айта кететін тағы бір жайт, дамыған елдермен салыстырғанда дамушы елдерде ауыл шаруашылығы өндірісінің бір қызметкеріне 16 есеге жуық аз өнім өндіріледі.
Бұған қоса, жетекші капиталистік елдерде, ең алдымен АҚШ-та экспорттық астық қорынан бірте-бірте көз сүзу алаңдатады. Мұның өзі қызықты монографиясында венгр экономисі Пал Шаркань атап өткендей, азық-түліктің ядролық бомба мен зымыраннан да қорқынышты қаруға айналатындығына жол ашатындай. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Аграрлық секторды интенсифтендіру

Нарықтық қатынастарға өту нақты алғанда экономиканың әлдеқайда жаңа сапалық күйіне көшуді білдіреді. Мұның өзі тұтастай бірқатар объективті факторлардан көрінеді.
Нарықтық экономиканың тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарты нарықтық іс басындағы субъектілердің толық өзін-өзі басқаруы мен олардың экономикалық жауапкершілігіне иегізделетін тәуелсіздігі болып табылады. Әміршіл-әкімшілдік экономикаға тән «әкімшілдік адам» моделінің орнына ақыл-ойына жүгініп жұмыс істейтін, өз пайдасын ерекше ойлайтын, ілкімшіл де іскер, нартәуекелге бара білетін, өз іс-қимылына жеке жауапкершілікпен қарайтын "экоцомикалық адам" келуі керек.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының төртінші тармағында жазылғандай: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар".....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚ ғы мүліктерінің аудитін жүргізу

Осы курстық жұмыстың тақырыбы “АҚ-ғы мүліктерінің аудитін жүргізу” болып табылады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста “Облгаз” АҚ –ның экономикалық жағдайына талдау жасалып, оның ұйымдастырылуы қарастырылды.
Осы курстық жұмыста келесідей мәселелер қарастырылды: бірінші бөлімінде “Облгаз” АҚ-ның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы: акционерлік қоғам қаржылық жағдайын жақсарту бағытында, осы екі, үш жылда газды сату көлемін үлкейтіп, оның жұмысын жақсарту, ал сатып алушылармен газдың тұрақты құнын орнату болып табылады;
акционерлік қоғам өзінің жұмысындағы негізгі күш бағытын тұрғындармен әр түрлі төтенше жағдайлардан сақ болып, газбен дұрыс қолдану, сонымен қатар газ құралдарын тұрмыс жерлерде жандандырып және уақытында жөндеу жөнінде қызмет етуде және оның есебін ұйымдастыруына жазылды.
Екінші бөлімінде АҚ аудиттің жүргізілу тәртібі АҚ-ның аудитінің жүргізілу маңыздылығы; АҚ-ның ақша қаражаты аудитінің жүргізілу тәртібі; АҚ-ның негізгі құралдарын тексеру тәртібі: аудит барысында осы өндіріс шығынын есептеу бабының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктерін жан-жақты тексеруі қажет. Осы орайда аудитор тексеру барысында сол шаруашылық субъектілерінің “есеп саясатын” басшылыққа алады. Негізгі құралдардың түсуі негізгі құралдардың түсуі - жіберілуі актісімен берілген объектіге деген техникалық құжаттармен бірге толтырылады.
АҚ-ның қаржылық қорытындыларының аудиті толығымен , зерттеліп қарастырылды ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚШАНЫҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол тұтыну заттары жәнне қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілседі.
Егер «нағыз» ақшалар айналыста өзінің меншікті құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесінде нарықтық құнға ие ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | АҚШ тың Германияның банктік жүйесі

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.
«Ал банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.»(№10 1-бап 1-тар)
«Банк мәртебесі жоқ бірде бір заңды тұлға өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды»( №10 1-бап 3-тар)
Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.»(№6)
Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап мемлекет экономикасының қарқыны мен әлеуметтік жағдайын бағалай аламыз. Егер банк жүйесі дұрыс әрі тиімді болса , оның халқының да хал – ахуалы жоғарғы деңгейде болады .
«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтікө экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай – ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша- кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім.»(№8 3-б.)....
Курстық жұмыстар
Толық