Педагогика | Эстетикалық тәрбие - тәрбиенің құрамды бөлігі

КІРІСПЕ
Қазіргі жаңарған қоғам шығармашыл, белсенді, өз мүмкіншілігін толық атқара алатын және жоғары білімді меңгерген, өзіне сенімі мол, салауатты-сауқатты, жан-жақты мәдениетті азамат тұлғасын қалыптастыру қажеттілігін талап етуде. Өйткені, мәдениетті әрі білімді жас ұрпақ қана ғажайып биік деңгейге көтеріле алады.
Жас азамат мәдениетті дегеніміз – инабаттылық, сыпайылық, жинақтылық білімдер тәжірибелер мен әрекеттер, мінез-құлықтар. Ең бастысы, жас ұрпақ тұлғасы мәдениеттінің негізгі және құрамды буыны оның эстетикалық мәдениетінің болуын қажет етеді.
Эстетикалық мәдениет – рухани мәдениеттің маңызды бір саласы ретінде, табиғат және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың жиынтығы, оларды жасау қолдану тәсілдері. Эстетикалық құндылықтар қоғамның өмірмен қарым-қатынасқа түсуіне, қоғамның жетілуіне, талпынысына, қоғамдық қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады.
Қоғамның дамуында эстетикалық тәрбие жеке тұлғаның үйлесімді дамуын қалыптастыруда маңызды орын алады.
Эстетикалық тәрбие – жан-жақты тәрбиенің бүкіл жүйесінің табиғи бір бөлігі.
Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауға және эстетикалық түсінікті сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | М.Жұмбаевтың педагогика-психологиялы көзқарасы

Кіріспе
Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский облысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Молодежный совхозы) дүниеге келген.
Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен оқып, хат танып, сауат ашады. 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавл) Мұқаметжан Бегалиев ашқан медресеге оқуға түседі. Бұл медресені 1910 жылы үздік оқып бітіріп, Урадағы «Ғалия» медресесіне оқуға түсіп, башқұрт жазушысы Сәйфи Құдаш, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимов, жерлесі, көрнекті қазақ жазушысы Бейімбет Майлинмен бірге оқиды.
Мағжан 1912 жылы Омбы қаласына келіп мұғалімдер семинариясына түсіп оқиды. Семинарияда ол ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Осы жылы ақын өзінің «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағын Қазан қаласынан бастырып шығарды. 1912-1915 жылдары Омбыда семинарияда оқып жүрген кезде «Қазақ» газетінің ректоры, белгілі тюрколы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновпен танысады. Шығыс, Батыс мәдениетінің білгірі, дарын иесі жазушы Міржақып Дулатовтан дәріс алады.
М.Жұмабаев 1917-1918 жылдары қазақ даласында Алаш партиясын құрады. Ал Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Ақмолада шығатын губерниялық «Бостандық туы» газетінде қызмет істейді. 1920-1923 жылдары Мағжан Ташкент қаласында шығатын «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет етіп, көптеген өлең-поэмалар жазады.
1923-1927 Мағжан Мәскеудегі Жоғары әдебиет-көркем өнер институтында оқиды.....
Курстық жұмыстар
Толық