География | Тынық мұхитының климаттық жағдайлары мен сулары

Кіріспе.
Тынық мұхит - ең ірі және ең терең мұхит. Ол дүние жүзілік мұхиттың ауданы бойынша 49,5% - ін, су көлемі бойынша 53% - ін алып жатыр. Ол бүкіл жер бетінің үштен бір бөлігін құрайды. Батысында Евразия мен Австралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида материктерінің аралығында орналасқан. Тынық мұхитының Солтүстік Мұзды мұхитпен арасындағы шекарасы Беринг бұғазындағы Пээк ( Чукот түбегіндегі ) және Принц Уэльс ( Сьюард түюегінде ) мүйістері аралығымен, Үнді мұхитымен – Малакка бұғазының солтүстік бөлігімен, Суматра аралының батыс жағалауы, Ява, Тимор және Жаңа Гвинея аралдарының оңтүстік жағалауы, Торрес және Басс бұғаздары, Оңтүстік мүйіс ( Тасман аралы ) арқылы, Атлант мұхитымен – Дрейк бұғазының батыс бөлігіндегі Осте аралымен ( Отты жер архипелагындағы ), Чарлз мүйісі ( Грейам жері ) аралығымен өтеді. Тынық мұхиты солтүстіктен оңтүстікке 15,8 мың км – ге, шығыстан батысқа 19¸5 мың км – ге созылып жатыр. Ол бес континентті бөліп, сонымен қатар байланыстырып жатыр. Бұл жағдай оның физико – географиялық және экономикалық – географиялық маңызын анықтайды......
Курстық жұмыстар
Толық

География | Тоңдық жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы

Кіріспе
Тау жыныстарының дәл анықталмаған ұзақуақыт ( бірнеше жылдардан мығдаған жылдарға дейін) ішінде бұрыс мәнді температурадағы куйде болуы көпжылдықтоң деп аталады. Көпжылдықтоң грунттарының аймағы букіл Ресей жерінің 45%-ға жуығын алып жатыр. Тоң Ресейден басқаАляскада,Гренландияда, Монголия мен Кытайдың солтустік бөлігінде және басқа орындарда тараған. Сібірдің солтустігінде тоңазыған грунттардың бар екені 300 жылдан астам бұрын белгілі болды. Көпжыл тоңазыған грунттарда ғылыми зерттеу алғашқы рет Ресейде басталды.1725 жылдан бастап Ресей Ғылым Академиясы тоңазыған грунттарды зерттеу ушін ғылымдардың экспедицияларын жібере бастады. Көпжыл тоңазыған грунттарды зерттеу Ұлы Октябрь социолистік революциясынан кейін ерекше кеңінен қанат жайды. М.М.Сумгин, Н.А. Цытович, Н.Н. Толстихин, А.В. Львов тағы басқа тоңтанушы бұрынғы одақ ғалымдарының еңбегң арқасында көп жыл тоңазыған грунттар туралы ілім- тоңтану геологиялық ғылымдардың жаңа тармағына айналды. Көп жыл тоңазыған грунттардың температуралық режимі.
Грунттардың температуралық режиміне қарай тоң аймағында негізгі уш қат-қабатты ажыратады. Олар; 1) әрекетті қабат; 2) көпжыл тоңазыған қат-қабат; 3) тоң астындағы қат-қабат(жібіген грунттар). Грунттардың тоң бетіндегі жоғарғы қабаты әрекетті қабат деп аталады. Бұл қабат қыста қатып тоңға айналады да жазда еріп жібиді. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекеті осы қабатта шоғырланған, сонымен қатар мұнда әр турлі процестер өтіп жатады. Аймақтың геологиялық орнына, топырақ пен тау жыныстарының сипатына, қар жамылғысының қалыңдығына, қсімдіктерге, тағы басқаларға байланысты әрекетті қабаттың қалыңдығы зор ауқымдарда ауытқиды. Әрекетті қабаттың ең аз қалыңдығы жылуды нашар өткізетін шымтезекті батпақты орындарда байқалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы

Кіріспе
Балқаш — Қазақстаннын, солтүстік-шығысында орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың шаршы шақырым, көл ендік бағытта созылып жатыр. Ұзындығы 605 шақырым, ені тар жерінде 8 шақырым. Жыл мезгіліне байланысты суының деңгейі өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көлін көптеген саяхатшылар мен ғалымдар зерттеген. Олардың ішінде неміс ғалымы Гумбольдт, орыс ғалым-саяхатшылары И.В. Мушкетов, Л.С. Берг, т.б. зерттеушілерді атауға болады. Балқаш, Алакөл көлдерінің табиғаты мен қазаншұңқырларының пайда болуында ұқсастық бар екенін алғаш рет қазақ халқының дарынды ұлы Шоқан Уәлиханов зерттеп жазды. Ол Балқаш алабына тығыз байланысты Іле және Жоңғар Алатаулары табиғатына, Балқашқа құятын Іле өзеніне ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі теңіз деңгейінен 342 м биіктікте орналасқан. Солтүстік жағалауы тік, сай-жыралармен көп тілімделген, ал оңтүстік жағалауы жайпақ. Балқаш көлінің батыс және шығыс жағалауы палеозой жыныстарынан (порфир, туф, гранит, тақтатас, әктас) түзілген. Іле өзені оңтүстік жағалауында кең атырау жасап қүяды. Балқашта көптеген ірі шығанақтар, мүйістер, түбектер бар. Ірі шығанақтары — Алакөл, Қарақамыс, Кеңтүбек, аралдары — Басарал, Тасарал. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аякөз, Бақанас, Тоқырау, Мойынты өзендері құяды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

К І Р І С П Е
«Қазақстан-2030» стратегиясының мақсаттарының бірі Қазақстан Республикасының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау болып табылады. Қазақстанның 66% территориясы шөлейт және шөлді аймақтарда орналасқан және су ресурстарына өте тапшы. Жеке адам басына суды пайдалану бойынша Қазақстан Евразия құрлығында соңғы орындардың бірінен орын алады.
Іле-Балқаш алабы Қазақстан үшін су ресурстарының, балық шаруашылығының маңызды көзінің бірі болып саналады, әрі көптеген фауна мен флоранаың өсіп-өнетін тіршілік ортасы, түрлі ландшафтың тараған жері және аймақтың климатын реттеуде аса маңызды рөл атқарады.
Балқаш көлі жер шарындағы ірі табиғи су қоймаларының қатарына жатады. Ол Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл аумақтарын қамти орналасқан. Мұнда кеме қатынасы, балық аулау шаруашылығы жақсы дамыған. Сондай-ақ көл суы егістік суаруға және өнеркәсіпте (Балқаш көлінің жағасында Республикадағы ірі «Балқашмыс» металлургиялық комбинаты орналасқан) кеңінен қолданылады. Іле өзенінің Балқашқа құяр атырауында күріш өсіру, ондатр шаруашылығы дамыған, әрі мұнда қамыс құрағының мол қоры бар. Жалпы алғанда Балқаш көлінің Қазақстан Республикасының халық шарушылығындағы маңызы өте жоғары болып саналады. ....
Курстық жұмыстар
Толық