Психология | Зейін туралы түсінік оның түрлері

Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой- санасын істеп жатқан әрекеті сол әрекет нысана тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр- түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата- аналарының оған айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз.
Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады.
Ой- сананың бағытталуы деп, ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылылқ сипатын, нақты объектті күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет.
Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой- санамыздың белгілі іс- әрекетке шоғырлануы немесе шому мағынасын да білдіреді. Зейін әдетте, адамның бет- дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай- ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Зейін табиғатын түсіндіруде Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады:
1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттаг екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемдемеді.
2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У. Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді тежейтінін алға тартады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Адамның сезімдік сферасының дамуы

Қазіргі кезде психологияда эмоция жайындағытипке оның теориялық дамуы жалпы психологияның өзге тақырыптарымен салыстырып қарағанда сезімдік сипаты бар күрделі мәселелер қатарына жатады. Эмоцияға арналған тақырыптар , психологияның өзге тақырыптарында арнайы мәселе ретіде сөз болмаған, таза натурализм үстемдігі туралы мәселеге тоқталамыз. Бұл тақырып эмоцияға натуралистік теорияның енуімен , психологиядағы бихевеаризм және мінез-құлық туралы бағыттардың пайда болуымен сабақтас. Осы тұрғыдан іздестірсек бұрынғы психологиядағы эмоция тақырыбы методологиялық жағынан белгілі бір жғдайда бихевеаризммен типтес. Өйткені психологидағы бихевеаристік бағыт бұрынғы спиртуалистік интроспекциялық психологияға тікелей қарсы шығады. Соған орай эмоция тақырыбы негізінен натуралистік бағытта баяндалып, өзге тақырыптармен салыстырғанда өз алдына ерекшеленіп, арпа дәнідегі бидай дәніндей болып көрінеді.
Бұлай деп анықтаудың көптеген себептері бар. Осы ретте біз Дарвин іліміне арқа сүйейміз. Ол өзінің «Адамның жарасындағы қозғалғыштың пайда болуы деген» еңбегінде бұрынғы биология ғылымының дәстүрін одан әрі дамыта отырып, адамның сезімі мен эмоциясы Хайуаннаттар дүниесінің соқыр сезімі мен аффектік серпілістермен тығыз түрде дамып жетті дейді. Оның жақында орыс тілінде аударылған мақаласында адам бойындағы жарасымды қимыл-қозғалыстарының бәрі эволюциялық даму нәтижесі екендігін баяндай отырып, адамның жан дүниесінің ішкі «қасиетті сыры» болып табылатын сезімнің пайда болуы адамның өзі сияқты, жануар дүниесінің қылығымен төркіні бір деп жазды. Мәселен, шындығына үңілетін болсақ , Дарвиннің бұл пікірі адамға ұқсас жоғары сатыдағы жануарлар мінез-құлқындағы ұқсастықтардың бар екендігі ешқандай күмән тудырмайды....
Курстық жұмыстар
Толық