Менің тұңғыш Президентім

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
Түрі: тәрбие сағаты
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар?!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Балалар бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Ертегілер әлеміне саяхат

Тақырыбы: Ертегілер әлеміне саяхат.
Білімділік: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізуге, суретке көңіл қойып мазмұнын түсіну, ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Балаларды жақсылық жасауға, қолғабыс етуге үйрету, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға баулу. Сөздерді анық айтуға, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Көрнекілік: «Шалқан» ертегісіне арналған бас қалпақшалары, «Үш аю» ертегісінің суреттері, конструктор, жасыл түсті бояу, ақ қағаз, «Жеті лақ» ертегісіндегі ешкінің суреті, Орман, егін алқабы мен жол белгілерінің суреттері.
Жаңа сөздер: Поезд, саяхат, дүрбі, аялдама
Билингвиалды компонент: қыс - зима - winter, ертегі - сказка - fairy tale.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушы. Жылулық шеңбері:
Көңілдіміз күлеміз
Ертегіні білеміз
Шағын біздің үйіміз
Тату тәтті жүреміз Балалар жылулық шеңберін қайталап, орындайды.
Іздену - барлау - Балалар бүгінгі күніміз сәтті өту үшін бір бірлеріңе жылы лебіздеріңді білдіріңдер.
- Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.
Алдымен менің қолымдағы сиқырлы дүрбімен қарап көрейін саяхатымыздың қалай болатынын,
- О, біздің саяхатымыз қызықты болады екен, жарайды, онда кеттік. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
- Аялдаманың атын табу үшін жұмбақтың жауабын табамыз.

Ее тянут бабка с внучкой,
Кошка, дед и мышка с Жучкой.
( Репка)
Ата, әже, мысық, ит.
Бірге тартып шығарды?
(Шалқан).

I Егін алқабы. Балалар «Шалқан» ертегісін сахналау керек, ертегіні қойып беріңдерші.

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
(Аю) .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жемістер мен көкөністер

Мақсаты: Жемістер мен көкөністер түсінік беру. Оларды ажырата білуге үйрету. Ойын, есте сақтау қабілетін, дүние танымын дамыту. Балалардың жеміс ағаштарын қорғап, оларға қамқор болуына ықпал ету үшін тәрбиелік әңгімелер жүргізу.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.
Көрнекілігі: ойын, слайд, суреттер, үлестірмелі материал.

Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу сәті:
Сәлеметсіздер ме! Апайлар.
Бақшамызға барамыз,
Досымызды табамыз.
Сәлемет пе, міне мен,
Доспын енді сенімен.

Қазір жылдың қай мезгілі?
Суретке қарап күзде қандай өзгерістер болады екен?
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жиі жиі не жауады?
Күз туралы кім тақпақ айтып береді. \Аруна, Ақниет, Ақниет\
Жаңбыр.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуі бүгінгі оқу іс әрекетіміздің тақырыбы болмақ. Дайынсыңдар ма? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Табиғатқа саяхат

Білім саласы: Таным, қатынас, әлеуметтік

Сабақтың мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінік бере отыра оларды табиғатты аялауға , қамқорлық жасауға шақыру. Табиғаттың адам өмірі үшін пайдасын түсіндіру. Табиғаттағы өсімдіктердің қалай жетіліп өсіп дамуы туралы түсніктерін қалыптастырыу. Өсімдіктердің күнделікті ортадағы қажеттіліктегі мен өсіп дамуының байланысын балаларға түсіндіріп бекіту. Тәжірбиелік жұмыстар арқылы балалардың табиғатқа деген көзқарасын кеңейту.Экологиялық тәрбие беру.Тәжірбиелік жұмыстар арқылы ойларын тиянақтау. Саусақ моторикаларын дамыту. Қисын ойлау қабілеттерін дамыту, еркін қарым – қатынас жасауға дағдыландыру. Ұжымшылдыққа және бір – біріне көмектесе білуге үйрету .

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар «Күнбағыс», «Жемістер пайдасы», сүт, ас бояулары, қант, тіс шұқығыш, пластмасс ыдыстар, терезе алдында өскен жұмыстар.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері, қоянның кескіндемелері (әр балаға)
Сөздік жұмыс: Үлпілдек, мамық, түбіт, апан, ін.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті, қане айтыңдаршы мынау не?
Балалар: Тиін
Тәрбиеші: Ал мынау не?
Балалар: Қоян.

Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.
Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп:
– Бұл не? – деп сұрайды.
– Кәрзеңке – деп жауап береді тиін.
– Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып.
- Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін.
– Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менің тұңғыш Президентім

Дайындағандар: Жадыра Манатовна Шарипбекова, Мейіргүл Ержанқызы Қожанова, Айгерим Кусмановна Абеуова, Көктөбе ауылы, «Ақбота» бөбектер бақшасы.
Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім!
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т.б.
1-ші Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
2-ші Жүргізуші: Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!
1-ші: Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
2-ші Жүргізуші: Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
1-ші: Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
2-ші Жүргізуші: Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
1-ші: Жүргізуші:
«Көбелектер» тобының орындауында ән «Отаным».
2-ші Жүргізуші: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық