Аңдардың қысқы тіршілігі

 Аңдардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Балаларды жабайы жануарлардың қысқы тіршілігімен таныстыру. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер жайлы білімдерін жетілдіру. Шығармашылық жұмыстарға қызығушылықтарын арттыру, ой – қиялдарын іс жүзінде көрсете білуге үйрету. Желіммен, қылқаламмен жұмыс жасау дағдыларын бекітуді жалғастыру. Жан – жануарларға қамқор болуға, ұқыптылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Құралдар: Ойыншықтар қоян мен тиін, кәрзеңке, жабайы аңдар суреттері, қоянның кескіндемелері (әр балаға)
Сөздік жұмыс: Үлпілдек, мамық, түбіт, апан, ін.

Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге орманнан қонақтар келіпті, қане айтыңдаршы мынау не?
Балалар: Тиін
Тәрбиеші: Ал мынау не?
Балалар: Қоян.

Тәрбиеші: Балалар мен қазір сендерге осы қоян мен тиін жайлы бір оқиға айтып берейін, мұқият тыңдап отырыңдар.
Орманда қоян мен тиін өмір сүріпті, екеуі дос болыпты. Жазда олар алаңқайда асыр салып секіріп алаңсыз ойнапты. Күн суытып күз түседі, тиін өзіне ағаштың жіңішке бұталарынан кәрзеңке тоқып отырады, қоян келіп:
– Бұл не? – деп сұрайды.
– Кәрзеңке – деп жауап береді тиін.
– Оны қайтесің – дейді қоян таңғалып.
- Бұл жай кәрзеңке емес, бұл менің нағыз көмекшім – деп жауап беріпті тиін.
– Сонда қалай, кәрзеңке қалай көмекші болады – деп қоян иығын бір көтеріп, ештеңе түсінбей өзінің ұяластарымен әрі қарай ойнап кете береді.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы тиінге кәрзеңке қалай көмекші болады, тиін онымен не істейді?
Балалар: Тиін оған жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар салады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар күз түсіп, қыс келе бастағанда тиін өзінің ағаш қуысындағы үйіне жаңғақ, бүршік, саңырауқұлақтар тасып, қысқа мол қылып азық жинайды. Өйткені қыста жердің бетін аппақ қар басып қалады да, жаңғақта, саңырауқұлақта табылмайды.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян мен тиін үй жануары ма, әлде жабайы жануарлар ма? Олар қайда тұрады?
Балалар: Жабай жануарлар, орманда тұрады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, олай болса жабайы жануарлардың қыста қалай тіршілік ететінін білгілерің келе ме?
Балалар: Иа.
Тәрбиеші: Ендеше менің мынандай сыйқырлы сандығым бар. Оның ішінде бізге қажетті заттар бар. Бірақ бұл жай ашылмайды, оны тек сиқырлы сөзбен ашуға болады, қане маған көмектесіңдерші.
Ғажайып сандық,
Сыр сандық.
Кілтіңді алайық,
Құлпыңа салайық.
Қақпағыңды ашшы,
Құпияңды шашшы.
Сандықтың қақпағы ашылып ішінен тиіннің суретін алып шығып ол туралы әңгімелеу.
Тәрбиеші: Балалар мынау өзімізге таныс тиін ғой, тек жүнінің түсі басқаша екен бағана қызғылт еді, ал суретте сұр? Балалар тиіннің түсі неге өзгерді екен?
Балалар: қорғану үшін.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, күзде тиін түлейді, қызғылт жүні түсіп орнына сұр түсті жылы жүн өсіп шығады. Сұр түс оған ағаш басында жыртқыш аңдарға көрінбей өмір сүруге керек, ал үлпілдеген жылы тон қыста суықтан қорғайды. Тиін өзінің ағаш діңіне салған үйіне кіріп жылы мамық құйрығын жамылып қысқа жинаған азығын жеп қыстан аман - есен шығады. Енді тиін туралы тақпақ тыңдайық.

Қыста жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
Тәрбиеші: енді келесі жануармен танысайық.
Ол үшін бірінші жұмбақ шешіңдер
Үсті толы ине
Бірақ та іс тігіп,
Қадамайды түйме
Балалар: кірпі.
Тәрбиеші: дұрыс бұл кірпі, кірпі бір түрлі ашулы сияқты. Ой балалар біз оны оятып жіберіппіз. Күздің соңында кірпі өзінің шөп төсеген інінде домаланып алып ұйқыға кетеді. Ол қыстай ұйықтайтындықтан, оған тиін сияқты қысқа азық жинаудың қажеті жоқ. Тек күзде ұйқыға жатарда жақсылап тамақтанып, терісінің астына көп май жинап алады. Сондықтан оның қыстай қарны ашпайды. Кірпі қыс кетіп, көктем туып, күн жылынғанда бір-ақ оянады. Ал енді қазір кірпінің ашуын басу үшін ол туралы саусақ ойынын ойнайық
Мен ашулы кірпімін
Көрінгенге түрпімін
Үстім толы ине
Есің болса тиме
Келсе егер түлкі
Түйреп алам түрпі.

Тәрбиеші: Балалар кірпі сияқты қай аң қыс бойы ұйықтайды.
Балалар: Аю
Тәрбиеші: Ал ол қайда ұйықтайды?
Балалар: Апанда.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар аю күз бойы көп тамақ жеп денесіне көп май жинайды да, қыста көктем туғанша ұйықтайды. Аю туралы қандай тақпақ білеміз.
Тәтті көрсе бас салар,
Аумайды жас баладан.
Үп-үлкен боп жасқанар,
Кіп-кішкентай арадан.
Тәрбиеші: Ал енді мына жұмбақ қай жануар туралы екен мұқият тыңдаңдар.
Өзі айлакер,
Өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
Балалар: түлкі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, түлкі де қысқа дайындалады оның жүндері қалыңдап өсіп жылы тонға айналады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар түлкі жүнінің түсін өзгерте ме?
Балалар: жоқ.
Тәрбиеші: Иә түлкі түсін өзгертпейді, өйткені оған ешкімнен тығылудың қажеті жоқ, ол өзі жыртқыш аң. Ал түлкінің үйі қалай аталады?
Балалар: Ін
Тәрбиеші: Иә түлкі інде тұрады. Сол жерде демалып ұйықтайды. Сосын қоян, тышқан аулауға шығады.
Тәрбиеші: Ой балалар біздің қоян тағы келіпті. Ол сендерге жаттығу жасауды ұсынады.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.
Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы қоян қысқа қалай дайындалады.
Балалар: Түсін өзгертеді.
Тәрбиеші: Иә балалар, ол өзінің сұр тонын, жылы да аппақ тонға ауыстырады. Сосын жыртқыш аңдардан қорғанып, қардың түбінде құлағын жымырайтып, көзін жұмып ақ қардан аумай отыра қалады.
Тәрбиеші: Ал қоян қысқа азық жинай ма?
Балалар: Жоқ
Тәрбиеші: Иә қояндар қысқа азық жинамайды. Олар ағаштардың бұтасын, тамырын кеміріп қоректенеді. Сол себепті бағана қоян тиіннің кәрзенкесіне таңғалған еді.
Тәрбиеші: Балалар біздің қоян өзінің жүнінің түсін ауыстырмапты. Енді оны жыртқыш аңдар байқап қоятын болды ғой. Не істейміз? Келіңдер біз оған көмектесейік. Үстел басына отырыңдар бұл жерде қоянның сұр тоны ақ тонға айналдыратын ғажайып зат бар, ол мақта Тәрбиеші: Мақтаның түсі қандай?
Балалар: Ақ.
Тәрбиеші: Мақта аппақ, мамықтай, қоянның қысқы тоны сияқты. Енді алдарыңдағы желімді пайдаланып мақтаны қоянның кескіндемесіне жабыстырамыз. Көзін қара ермексаздан жасаймыз.
Балалар жабыстыру жұмысын жасайды.
Балалар жұмысын қарау.

Сөздік жұмыс жүргізу.
Жабайы жануарлар – дикие животные, қоян – заяц, тиін – белка, түлкі – лиса, аю – медведь.
Сабақты қортындылау .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі